«Мамандықтың бәрі жақсы» атты пікірталас

«Күйкен орта мектебі» ММ кітапханасында 20 сәуір күні 9-11 сыныптар арасында өткізілетін «Мамандықтың бәрі жақсы» атты пікірталастың бағдарламасы.Мақсаты: оқушыларға алдыңғы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт – бағдар беру, мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.Міндеті: қазіргі заманға қажетті кәсіптерді таңдауына, қоғамдағыәр түрлі проблемаларды жеңе білуге тәрбиелеу.Пікір – таластың барысы: І.Кір...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Күйкен орта мектебі» ММ

Мамандықтың бәрі жақсы

( к е з д е с у )

Дайындаған: Аманова Н.





Бейнеу -2015

«Күйкен орта мектебі» ММ кітапханасында 20 сәуір күні 9-11 сыныптар арасында өткізілетін «Мамандықтың бәрі жақсы» атты пікірталастың бағдарламасы.

Мақсаты: оқушыларға алдыңғы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт - бағдар беру, мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Міндеті: қазіргі заманға қажетті кәсіптерді таңдауына, қоғамдағы

әр түрлі проблемаларды жеңе білуге тәрбиелеу.

Пікір - таластың барысы:

І.Кіріспе: оқушылар пікірін тыңдау. «Психологиялық сәт»,

«Ең жақсы» ойыны

ІІ. Негізгі бөлім: Маман иелерімен сұхбат. «Мамандықтардың тізбегі» ойыны

«Керек кәсіп бәрі де.......» атты сән әлемін тамашалау

ІІІ.Қорытынды: суретті тест.

Кітапханашы: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Құрметті оқырмандар!

Көктемнің алғашқы сәуір айында біздің кітапханалар мектеп бітіруші түлектерге арнап кәсіптік бағдар беру бағытында түрлі мәдени - шаралар өткізілді. Сондай дәстүрлі шараның бірі бүгінгі сіздермен өткізгелі отырған «Мамандықтың бәрі жақсы..» атты пікірталас кеші. Бүгінгі біздің кешімізге қош келдіңдер! Ойымызды бүкпесіз ашық айтып, сыр бөлейік!

Олай болса, кешімізді ары қарай жүргізу үшін сөз тізгінін жүргізушілерге

берейік:

1 - жүргізуші:

Мамандық таңдау - адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бір. Өйткені,

адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады.

Адам асқақ арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Кемеңгер дана Абай

атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалам» деген

қасиетті сөзі өз мақсатына жету үшін жол тартқан әрбір жас үшін зор

мүмкіндіктерге жол ашары сөзсіз.

2 - жүргізуші:

Мамандық - белгілі даярлықты қажет ететін іс - әрекет түрі,тіршілік көзі,

іскерлік және дағды жүйесі. Мамандық таңдау - жасөспірімдік кезеңде

қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі және бірегей. Мамандық

таңдауға ықпал ететін факторларды ескерту қажетті нәрсе: Олар мыналар;

  • Ересектер, отбасы көзқарасы;

  • Құрбы - құрдастардың көзқарасы;

  • Мектептегі педагогикалық ұжым.

  • Жеке кәсіби өмірлік жоспарлар.

  • Қабілеттіліктер мен олардың көрінісі.

  • Кәсіби әрекет туралы мағлұматтану.

  • Бейімділік.

1 - жүргізуші:

Мамандықтың мынадай салалары болды : Адам - адам, Адам - техника

Адам - көркем бейне, Адам - белгі жүйесі, Адам - табиғат.

Міне, енді осы ұғымдарға тоқталып, талдап көрейік: Ортаға бірнеше

оқырманды шақырайық.

  1. оқушы: «Адам - табиғат» саласында адам табиғатпен тығыз

Байланыста болады.

Мысалы, тұқым өсіруші, зоотехник, агроном, мал өсіру шебері,т.б. Бұлар -ауылшаруашылығымен, тамақ өнеркәсібімен, медицинамен, ғылыми

зерттеулермен тығыз байланысты мамандықтар.

2 - оқушы: «Адам - техника» нысанында негізгі жетекші еңбек

құралы техникалық обьектілер (машиналар, механизмдер),

материалдар, қуат түрлері болып табылады. Бұл кәсіптерге ағаш

шебері, инженер механик, сәулетші, электромантаждаушы,

құрылысшы, радиомеханик, компьютер құраушы, телекоммуника-

циялар жөніндегі маман және т.б.кіреді.

3 - оқушы: «Адам - адамның» негізгі жетекші еңбек құралы:

Адамдар болып табылады. Олар - дәрігер, мұғалім, психолог,

шаштараз, менеджер және т.б.кіреді.

1.Адамдарды тәрбиелеуге және оқытуға байланысты

мамандықтар.

2.Өндірісті басқаруға, адамдарға, ұжымдарға жетекшілік етуге

байланысты мамандықтар.

3.Тұрмыстық, саудалық қызмет етуге арналған мамандықтар.

4.Ақпараттық қызмет етуге арналған мамандықтар.

5.Ұжымды басқаруға арналған мамандықтар.

6.Медициналық қызмет көрсетуге арналған мамандықтар.

4 - оқушы: «Адам - белгі жүйесі». Оның негізгі, жетекші еңбек

құралы:шартты белгілер, сандар, кодтар. Аудармашы, сызушы,

инженер, оператор - хатшы, бағдарламашы және т.б.

мамандықтарға келесі типтегі жұмыс түрлері жатады.

-құжаттармен байланысты тіркеу жұмыстарын жасау.

-шартты белгілер жүйесі түріндегі ақпаратты өңдеуге қатысты

сызба түрінде бейнелеуге байланысты маман иелері.

5-оқушы: «Адам - көркем бейне»

Бұл мамандық иелерінің адамға қоятын психологиялық

талаптары: көркемдік қабілеттер, көру, көре отырып қабылдау,

көрнекілік - бейнелік, ойлау, шығармашылық - ойлау, шығармашылық қиял, адамға эмоциональды әсер етудің психологиялық

заңдары туралы білім. Бұған зергер, суретші, балетші, актер,

сәулетші, скульптор, жазушы, журналист сияқты мамандықтар

жатады.

6-оқушы: Баймолдина Сәкім: «Түлектерге арнау»

Кешегі ойнақтаған құлыншағым,

Желменен желбіреген тұлымшағым.

Қалайша уақыт тез - ақ өтті,

Қол бұлғап шақырып тұр болашағың.

Келгенде әліппеңді ұсынып ең,

Ақыл - ой жетегіме түсініп ең.

Он бір жыл өтіп кетті,қайран өмір,

Ұстаз боп ұяңнан ұшырып ем.

«Керемет шәкірттер» боп атақ алдық,

Алғашқы қарлығашы ең осы отаудың.

Самғаңдар биіктерді бетке алып,

Жарқ еткен нөсердей боп ұзақ жауған,

7-оқушы:

Қимадым өздеріңді өзгелерге ,

Жүрегім бұлқынады өзгелер ме?

Қош боп тұр, шәкірттерім маған ыстық,

Сағынып қауышармыз кез келгенде.

Мектебің тек сендер деп ашылғандай,

Он бір жыл нөсерлеттің ақ жауындай.

Өмірдің құпиясы осы ма екен?

Шәкірттерім көктегі күн менен ай.

Ардақты ата - ана, үлкендерім,

Қиындықты сіздермен жеңіп едім.

Берген бізге баталар қабыл болып,

Шалынсын періштеге тілектерің!

  1. - жүргізуші :

Мамандық таңдаудың мынадай ережелерін есте сақтаған жөн.

  • барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және тіршілік

еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау керек.

  • өзін - өзі зерттеу маңызы (қызығулар, мінез ерекшеліктері,

бейімділіктер, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейі).

  • өзіне ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдау тиіс.

  • Таңдаған мамандықты зертеу.

- Таңдаған мамандық бойынша өз күшін байқап көру.

- Өзіңнің болашақ мамандығын таңдай отырып ойын жүзеге асыруда және мамандықты жетік меңгеруде табандылық таныту керек.

1- жүргізуші: Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді.

Біреулер үшін - ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін - жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тану қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», « Осы өмірдегі менің орным қандай?», « Қалай өмір сүремін?» деген сұрақтар қоймайтын адам де кем.

2-жүргізуші: Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең басты -адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінің қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс - табыс биігіне жеткізетін қанат. Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 - сі қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандық таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма?

Кітапханашы: «Мамандық дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ой бөлісеміз. Алдымен оқушылардың

«Психогеометрия» - өзін - өзі тану әдісі арқылы мінез - құлқының қандай мамандыққа сәйкес келетіндігін болжап көрейік.

Психологиялық сәт: « Психогеометрия» - өзін - өзі тану:

Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгені

таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әр қайсысымыз өзімізді танып көрейік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған.

Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу

қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзінің кәсіптік мамандығын менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетің, ой - өрісің дамыған. Сенде табиғат өткір ойлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді

тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің,

басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар. Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылды.

  1. жүргізуші: «Ең жақсы» ойыны

Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін

ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар

2-жүргізуші: Ең жасыл............(эколог, географ, бақташы)

1- жүргізуші: Ең тәтті ................(аспаз, кондитер)

2-жүргізуші: Ең ақшалы.............(банк, қызметкері, экономист)

1-жүргізуші: Ең күлкілі.............(клоун)

2-жүргізуші: Ең жауапты..............(сот, бухгалтер)

1-жүргізуші: Ең салмақты ..............(мұғалім, заңгер)

2-жүргізуші: Ең қарым - қатынасты күшті.......(бизнесмен, елші)

1-жүргізуші: «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың» - деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, оқу оқымасаңдар, тілек білдіріп отырған маман иесі бола білуде оңай емес. Барлық кәсіптің оңайы жоқ.

2-жүргізуші: Өмірімізде, яғни қоғамымызда мамандық және оны атқармаған

мамандар болмаса біздің қоғамымыз, тіпті осы өзіміз оқып жүрген

мектептегі мамандар болмаса, мектеп осындай халде болмаса еді. Ендеше осы жерде мектептегі бірнеше маман иелерін шақырып отырмыз сол кісілерге ойымызда, көкейімізде жүрген сұрақтарымызды қойып, ойымыз білдіріп отырайық.

1-жүргізуші: «Мамандықтар тізбегі» ойыны.

Қазір барлығымыз шеңбер жасап, «Мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен бір мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білу керек. Мысалы: металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары температурада, ыстық пештер жұмыс істейді.

2-жүргізуші: Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан - деп ұлы Абай Құнанбаев айтқандай, оқушыларға болашақта атқаратын кәсіптерін дұрыс таңдай біліп, Қазақстанымыздың мықты маман иесі болуына тілек білдіремін.

Бүгінгі кешіміздегі әңгімемізді қорытындылай келгенде, қандай мамандық болмаса, оның қыр-сырын жетік меңгеру қажет. Қазіргі кезде мамандықтың түрі өте көп. Тек жақсы маман иесі болу үшін мектептен жақсы білім, сапалы тәрбие алу қажет. Сонымен қатар жастайынан әркімнің өзінің көкейінде жүрген арманы болады. Соған жетуге талаптанып, еңбек етуіміз керек екен.

1-жүргізуші: Міне, құрметті оқырмандар! Осы жерде заңды сұрақтар туады. Сендер қандай мамандықты таңдадыңыздар.

Қандай негізге сүйене отырып, қандай кәсіп таңдадыңдар!

Төмендегі сауалдарға жауап іздейік!

1-сұрақ: Жергілікті жердің ерекшелігін ескердің бе?

2-сұрақ: Мамандық таңдауда достарыңның ықпалы болды ма?

3-сұрақ: Ата - анаңның мамандығы саған ұнайды ма? Сен сол

кәсіпті қалайсың ба?

4-сұрақ: Мамандықты таңдауда сыртқы ортаның әсері қандай?

5-сұрақ: Ата - ананың айтқаны бойынша кәсіп таңдадың ба ?

Не үшін?

6-сұрақ: Осы күнге дейін қандай кәсіпті таңдайтыныңды білмей

жүрсің бе?

7-сұрақ: Сені қандай кәсіп қызықтырады? Өндіріс орындарыма?

Әлде күнделікті қағаз жұмыстары ма?

8-сұрақ: Өзіңнің қалаған мамандығыңа көп ақша төлеу керек,

сенің ондай ақшаң жоқ сен не істер едің?

9-сұрақ: Ата - анаң сені мүлдем жақсы көрмейтін мамандыққа

Оқуға түсірді сен не істейсің, оқуыңды жалғастырасың ба?

Әлде өзіңнің қалаған кәсібіңе кетесің бе?

10-сұрақ: Өмірдің адамға тартатын тосын сыйлары дегенді қалай

түсінесің?

2-жүргізуші:

Бүгінгі кешімізді қорытындылай келе, оқушылар нені білді? Нені үйренді? Соған назар аударайық

Нені білдік?

Нені үйрендік?

«Керек кәсіп бәрі де» атты сән әлемін тамашалау.

Қорытынды. Суретті тест

Қатысушыларға күн бұлт, жаңбыр бейнеленген қағаздар таратылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.

Күннің суреті------- жақсы, көңілді

Бұлттың суреті------орташа

Жаңбыр--------------- төмен

Құрметті қонақтар, оқушыларға алдағы уақытты дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар бердіңіздер, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатынын жете ұғындырдыңдар.

Жастықта әр тараптың басын шалсаң,

Қармақты тәуекел деп суға салсаң.

Еңбегің еңбектеген кетпес зая,

Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң.

Түбінде баянды еңбек егін салсаң,

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би, болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

Осымен «Мамандықтың бәрі жақсы» атты ұйымдастырылған пікір - таласымыз аяқталды.

© 2010-2022