10 сынып Татьянаның хаты

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы Татьянаның хаты

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың

аудармалары туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, ақынды

әр қырынан аша білу, бұрынғы Абай туралы білімдерін тереңдету

ә ) дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын дамыта

отырып, сабаққа, ақынға деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру

б )тәрбиелік : қазақ халқының мәдениетін қастерлеуге, туған жерді сүюге,

отбасын қадірлеуге тәрбиелеу, әнге сүйіспеншілікті ояту

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет, ән-күй сабағы

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі карточкалар, Абайдың аудармалары кітаптары.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын аудару

Үй тапсырмасын тексеру

"Сандар сөйлейді" стратегиясы арқылы

1845 ж- Абай туған жыл

1854 ж -Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі

1858 ж - әкімшілік билік жұмысына қатысады

1878 ж - 20 жыл торе би болады

1895 ж - өлең жаза бастады

1904 ж - қайтыс болды

Проблемалық полемика -Дұрыс-бұрыс

Абай Семей облысы,Шыңғыстау жерінде туған

Абайдың ата-бабалары атақты адамдар болған

Ұлжан - қатыгез, зұлым, қара ниет адам

Абайды Ибрағим деп атасы қойды

Абайды екі қос ана тәрбиелеген

Қазақ тілінен басқа тілдерді білмеген

Алғашқы өленің 15 жаста жазған

Сурет стратегиясы:

- Туған жері, атасы, әжесі, анасы, Ахмет Риза медресесі, жас Абай, Абай кітапханада, Семейдегі ескерткіш.

Жаңа сабақ .

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Абай аудармалары, дәптерлерінді ашыңдар, бүгінгі күнді жазыңдар. Абай кім екенің аңықтадық енді Инсерт әдісі бойынша

Білем

Білгім келеді

Білдім

- Енді Абай туралы білгендерінді кесте бойынша толықтырыңдар. Енді білгендерінді топтастырайық.

- Не туралы білгілерін келеді? Екінші бағанды толтырамыз.

Мұғалім сөзі: Абайдың аударма өлеңдерін түпнұсқаға барабар аударма және еркін, төл шығармаға айналған аударма деп екі топқа бөліп жіктеудің өз қисыны бар. Ал Абай болса, ол қазіргі аудармашылардай тек түпнұсқаны бар қалпында жеткізуді мақсат етпеген. Қай шығарманы болсын өз көңіл күйіне үйлестіре, қысылмай, қымтырылмай еркін тәржімалайды. Сонда да кейбір аударма өлеңдері түпнұсқамен өте жақын келіп, мейлінше үндес шығып жатса, ол - оның ақындық шеберлігінің бір қырынан көрінуі, қызықтап, қазақшалап отырған түпнұсқаның сарыны мен ой-сезімінің арасындағы үйлестіктің нәтижесі.

Абайдың ең бір ұмытылмас еңбегі орыстың ұлы жазушыларынан өзі үлгі-өнеге алумен бірге, оларды қазақ халқына таныстырып, олардың еңбегін аударып өз еліне үлгі етуінде.

Абай және Пушкин:

Орыс әдебиетіне зер салғанда, Абайдың назары алдымен Пушкинге ауғаны тегін емес. Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмұны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлде жаңа классикалық әдебиеттің басы болды. 1886 жылдан бастап Абай Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударады . Сол Пушкин арқылы Батыс Еуропаның басқа да классиктерін танып білді. Орысша аудармалар арқылы ол ежелгі әдебиетпен де танысты. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі - Абайдың ұлылығының бір жарқын көрінісі. А.С. Пушкиннің аса кесек көркем туындыларының бірі «Евгений Онегин» - шын мағынасында халықтық шығарма болды. Онегинге Татьянаның махаббат сезімін білдіріп хат жазатыны - романның сюжетіндегі ең бір түйінді жері. Абай «Татьянаның Онегинге жазған хаты» (Амал жоқ - қайттым білдірмей) деп сол «Я к вам пишу - чего же более» деп басталатын Татьяна хатын кейбір жерде сөз қалдырып кетіп еркін аударғанмен, Пушкин тексінің жалпы мағынасын дұрыс береді. Аудармада Татьяна бейнесі, орысша түпнсұқасының басты ерекшеліктері сақталып, шебер суреттелген.



© 2010-2022