Ашық сабақ Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Мақсаттары:

Халықтық педагогиканы негізге ала отырып, оқушыларды ұлттық

салт-дәстүрді, әдет - ғұрпын үйренуге және сыйлап, құрметтеуге шақыру.

Ата-дәстүр үрдісін ұстанғысы келетін кез-келген оқушының күнделікті танымдық қоржынын қомақтандыру.

Жастарды ұлттық салт-дәстүр бағытында тәрбиелеу -сабақтың ең ұтымды жағын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың өтілу әдісі: Әңгімелеу (баяндау), сұрақ - жауап, талдау.

Жабдықтандыруы, көрнекі құралдары: Суреттер, үлестірмелі кеспе қағаз.

Пәнаралық байланыстар: Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сабаққа деген құлшыныс, ынта-жігерлерін қалыптастыру.

II. Оқушылар білімдерінің өзектілігі: Рухани-ізгілік қасиеттерін қалыптастыру.

III.Жаңа материалдарды меңгерту: Оқушылар өздері бір-бірінің білімдерін тексеру барысында жауапкершілік қасиеттерін арттыру. Құжат үлгілерін тексеріп, Өздері жіберген қателерін көріп, келесі жолы жібермеуге дағдыландырады.

Кіріспе сөз. Сабақтың мақсатымен таныстыру: (Ознакомтесь с целью урока)

Ұлттық дәстүр, әдет -ғұрып ерекшеліктері адамның дүниеге келуімен,өмірінің әр кезеңіндегі түрлі оқиғалармен (шілдехана, қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кесу, атқа міну т.б.) байланысты туындаған.

Сондықтан да, Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын отбасында қалыптастыру мақсатында сабағымызды бастаймыз.

Ол үшін төмендегі қадамдармен жүріп отыруымыз керек. (Для этого будем работать с следующем направлении)

  • Мәтінмен жұмыс (работа с текстом)

  • Оқылым (чтение)

  • Жазылым жаттығулар (письменные задания)

  • Сұхбаттасу (диалог)

  • Білімді тексеру (тест)

Сабақтың шарты:

Деңгейлік тапсырмалар:

I. Оқылым.

Қазақтың салт дәстүрлері жөніндегі бір мәтіндерді аударып, сол бойынша әңгіме құрастыру.

Шілдехана - жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Жастар жиналып, ән салып, домбыра тартып, өлең айтады. Тек өз ауылының адамдарын ғана емес, көрші ауылдың да адамдарын шақырып, ақындар айтысын, ат жарысын өткізеді.

Шильдехана - празднестве по поводу рождения ребенка, состоятельные люди делали щедрые угощения с приглашением жителей не только своего, но и соседних аулов, устраивали состязания певцов, джигитовку на конях.

Бесікке салу - халқымызда бесік қасиетті, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бұл - халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе құрметті, өнегелі адамға жүктеледі.

Бесикке салу- укладка новорежденного в люльку. В сущности для казахов бесік был предметом особой необходимости. Родители находили в нем некую святость -киелі. В такой люльке ребенок огражден от простудных заболеваний.

Қырқынан шығару- нәрестенің туған күніне қырық күн болған соң, әйелдерді шақырып алып, ыдысқа 40 қасық су құйып, ішіне қырық түрлі зат (күміс тиындар, сақиналар т.б.) салады, соған шомылдырады, сәбидің қарын шашын, тырнағын алады. Ол жаңа қасықпен (ағаш болғаны дұрыс) баланың үстіне қырық қасық су құяды, су баланың барлық дене мүшелеріне тигізуге тырысады.

Қырқынан шығару- на 40-й день рождения ребенка приглашают женщину, которая стрижет волосы. Она купает ребенка и выполняет следующие правила: из новой чаши с водой, в которую кладут 40 различных предметов (серебряные монеты, кольца и.т.) Она новой ложкой (желательно деревянной) поливает ребенка 40 раз, стараясь, чтобы вода попала на все части тела.

Тұсау кесу- сәби қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін деп, ала жіп есіп, екі аяғын тұсап, сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіріп,баланы қолынан ұстап, тез-тез жүгіртеді.

Тұсау кесу- в честь такого события устраивается той, где в торжественной обстановке, в кругу родных и друзей ножки малыша символически перевязываются цветными ленточками или веревочками, и самый уважаемый гость должен перерезать эти ленточки. Семь цветов - это семь символов: белый - символ доброты, синий - мира, красный - победы, черный - благородства, зеленый - надежды, желтый - символ теплоты, коричневый - цвет силы и мужества. При этом аксакал или уважаемый гость благословляет малыша, чтобы он в дальнейшем крепко стоял на ногах и, твердо ступая, шел по жизненному пути.

II. Жазылым.

1) Шілдеханаға арналған фонетикалық талдау.

2 - жаттығу

Халқының - халық - түбір, зат есім

ы - тәулд. III. ж.

ның - ілік септік

жастар- жас - түбір

тар - көпт. ж.

ауылының -ауыл - түбір

ы - тәуелд. III. ж.

ның - ілік септік

2) Баланы қырқынан шығаруға арналған тапсырма.

Қажетті сөздерді қойыңдар.

3- жаттығу

Баланы қырық қасық су құйып, теңгелер салған .......... шомылдырады.

Жалпы баланың шашын еш уақытта ........ тастамайды.

Баланың тырнағын алған соң ......... адам баспайтын жерге көміп тастайды.

Қазақ халқының баланы қырқынан шығару дейтін ............ бар.

(Керекті сөздер: дәстүрі, суға, жерге, адам баспайтын)

3) Бесікке салуға арналған тасырма

4-жаттығу. Берілген сөздерді тәуелдеңдер.

А) Менің халқым

Ә) Менің салт - дәстүрім

5-жаттығу. Көптік жалғаулары бар сөздерді көшіріп жазыңдар.

Шілдехана тойы

Қазақ халқының дәстүрі бойынша бала дүниеге келген күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады. Шілдехе кейде үш күнге созылады.

Өнерлі жастар таң атқанша жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап ән салады, күй тартады. Бұған өнерлі жастар шақыртпай келіп, таң атқанша көңіл көтереді. Әр түрлі ойындар ұйымдастырылады. Қыз-келіншектер мен боз-балалар айтысады, жеңгендері тоғызын алады.Осылайша жастар түнді қуаныш-қызықпен өткізеді.

Шілдеханаға тек қана жастар ғана қатысады, ал ауыл үлкендері қатыспайды. Өйткені жаңа туған нәрестені жын-шайтан, перілердің салқынынан қорғап, күзету

халық сенімі бойынша тек қана жастардың міндеті.

Сұхбаттасу: Басқа да қандай ұлттық салт-дәстүрлерді білесіңдер?

Қазақтың ұлттық ойындары.

1. Қыз қуу:

2. Алтыбақан

3. Көкпар

4. Атжарыс

III. Білімді тексеру. ((Тест)

1. Бала дүниеге келген күні қандай той жасайды?

а) бесікке салу

ә) шілдехана

б) тұсау кесер

2. Қырқынан неше күннен кейін шығарады?

а) бесікке салу

ә) шілдехана

б) тұсау кесер

3. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?

а)8

ә) 7

б)11

4. Жуан дауысты дыбыстар қанша?

а) 4

ә)6

б) 7

5. Қазақ тілінде неше септік бар?

а) 8

ә) 7

б) 5

6. Жіңішке дыбыстар қанша?

а) 6

ә)8

б) 3

7. Мына сөздерден синоним сөздерді тап.

а) әдемі, сұлу

ә) келді, жүрді

б)айтты, күлді

8. Мына сөздерлен антоним сөздерді тап.

а) бар, жүр

ә) жаман, жақсы

б) отыр, жүру

9. Көптік жалғауларды тап.

а)- ға- ге

ә) - лар -лер

б)- ым-ім

10. Кім? деген сұрақ кімдерге қойылады?

а) жануарлар

ә) өсімдіктер

б) адамдар

IV. Бекіту.

Оқушыларды сабақта қазақтың салт-дәстүрлері туралы алған білімдерін, тәрбиелерін, ой-үрдістерін түйіндету.

Келешекте де салт-дәстүрдің танымдылық қасиеттерін есте сақтауға дағдыландыру.


© 2010-2022