• Преподавателю
  • Другое
  • Тематический план урока по казахскому языку на тему Электронды поштаны пайдалану (5 класс)

Тематический план урока по казахскому языку на тему Электронды поштаны пайдалану (5 класс)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Электронды роштаны пайдалану

Сабақтың мақсаттары:

а) білімділік - сөз мағыналарымен таныстырып, түрлі жұмыстар жасату арқылы саналарына сіңіру.

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;

б) тәрбиелік: достарын сыйлауға, достыққа адал болуға, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу; Заманның жаңалықтарын игеруге, меңгеруге шақыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу

- Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқушылар, біз осы модульде дос, достық туралы айттық. Бүгінгі сабағымызда досымызбен қазіргі заманда қалай сөйлесуге, хат алысуға болатыны туралы айтпақшымыз. Мына дамыған заманда досымызбен тез ақпарат алудың бірден-бір жолы - e-mail жіберу. Бүгінгі сабағымызда сол туралы әңгіме өрбітеміз.

1-тапсырма. Кестені пайдаланып, диалог құраңдар.

Электронды поштамен

Кім?

Кімге?

Не істеді?

Мен

Анар

Асан

Досыма

Анасына

әкесіне

Хат жібердім

Құттықтау хат салды.

Суреттерін салып жіберді.

2-тапсырма. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып жазыңдар.

  1. Электронды хат - компьютер желісі арқылы жіберілетін мәтін және кескін ... .

  2. Электронды пошта... пайдалану үшін келісімшартқа отыруыңыз керек.

  3. Электронды пошта... пайдалану құқығы жеке тұлғаларға беріледі.

  4. Қолданатын электронды пошта тіркелгісі мен мекенжайын орнатқан соң, электронды пошта хабарламалары... жіберіп және алып тұруға болады.

3-тапсырма. 2-тапсырмадағы берілген сөйлемдерді пайдаланып диалог құраңдар.

4-тапсырма. Сөйлемдерге сан есімдер қойып жазыңдар.

  1. Біздің кабинетте компьютер бар.

  2. Біздің компьютерлік кабинет ... қабатта орналасқан.

  3. Кабинетте ... оқушы отырып жұмыс істей алады.

  4. Осы кабитнетте ... интерактивті тақта бар.

ІҮ. Сабақты бекіту.

  1. Бүгін сабағымыз қалай аталды?

  2. Біз не туралы әңгіме айттық?

  3. Сенің досыңның мінезі қандай?

  4. Сен электронды пошта бар ма?

  5. Электронды поштаны ашу жолдары қандай?

  6. Электронды пошта қандай ресурс?

ҮІ. Үйге тапсырма: 50-бет, 5-тапсырма.

ҮІІ. Бағалау. Оқушыларды сабаққа қатысымына қарай бағалаймын.

ҮІІІ. Қорытынды. Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!



© 2010-2022