- Преподавателю
- Другое
- Эссе жазу арқылы тілдік дағдыларды дамыту
Эссе жазу арқылы тілдік дағдыларды дамыту
Раздел | Другое |
Класс | 10 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Ахметжанова А.И. |
Дата | 17.02.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Талдықорған қаласы № 13 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің жоғары санатты, бірінші
деңгейлі мұғалімі Ахметжанова Анаркүл Изатбековна
өзінің әріптестерімен тәжірибе алмасу үстінде
Қазақ әдебиеті
Мұғалімі: А.И.Ахметжанова
Уақыты: 24.02.2016
Сыныбы: 10
Сабақтың атауы
Эссе жазу арқылы тілдік дағдыларды дамыту
Мақсаты
Тыңдалым, айтылым, жазылым стратегияларының дағдыларын жазба жұмыстар арқылы іске асыру жолдарын көрсету.
Көрнекілігі
Ресурстар:cpm.kz сайтындағы материалдар, bilimland.kz бейнефильм,оқушылар жұмысы, мұғалімнің сабақтарынан алынған үзінділер
Топқа бөлу
Түрлі түсті қағазға жазылған тақырыптар арқылы бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасынан басталады.
Тыңдалым бойынша өткен сабақта сіздерге: Эссе дегеніміз не? Ол қалай жазылу керек? Өзіңіз қалаған тақырып жаныңызға жақын ба? деген түсініктер тыңдалым арқылы түсіндірілді.Үйден төмендегі тақырыптар бойынша жазылым, айтылым дағыларына сүйене отырып эссе жазу жұмысы берілді.
-
« Жүрегімнің жарық жұлдызы - Ана»
-
«Ана - өмірдің нұры»
-
«Ұстаз - ұлағатты есім»
-
«Менің арманым»
Енде, балалар, жазылым стратегиясының мына дағдылары бойынша эссені қалай жаздыңдар? Әр қайсың өз жұмыстарың туралы ой бөлісіңдер.
Жазар алдында мен ...
-
менің орындайтын тапсырмаларды түсінетінімді тексере аламын;
-
жазуда пайдалануға болатын идеяларды жазып ала аламын;
-
өз идеям мен ойларымды білдіру үшін қажетті жоспар әзірлей аламын;
-
жазу кезінде қолдануға болатын грамматикалық құрылымдарды(шақ,шылаулар, үстеулер, сын есімдер) ойластыра аламын.
Жазып отырғанда мен...
-
сөздікті пайдалана аламын;
-
синонимдерді келтіре аламын;
-
жазылып қойған сөйлемдерге қайта оралып, оларды тексере аламын;
-
жұмыстың шимай нұсқасын жазып, оны түзете аламын.
Жазып болғаннан кейін мен...
-
жазған шығармамды дауыстап оқып шыға аламын (оның қалай естілетінін талдай аламын;
-
грамматикалық құрылымдардың дұрыс қолданылуын (шақ, бастауыш пен баяндауыштың үйлесімі, сауаттылығыт.б.) тексере аламын;
-
шығармаға тағы қандай әдемі сөздер мен сөз тіркестерін қосқым келетінін ойластыра аламын;
-
қажет болса, жұмысқа өзгерістер енгізе аламын.
Міне , балалар, сендер жазар алдында, жазып отырғанда, жазып болғаннан кейінгі іс - әрекеттеріңді өз бойларыңа қалай қалыптастырғандарың туралы айтып өттіңдер. Енді осы әрекеттеріңді айтылым стратегиясының дағдылары бойынша жазған эсселеріңді оқып талдап шығыңдар.
( бірнеше оқушының эссесінен үзінді оқыту)
Сөйлер алдында мен...
-
дыбыс /бейнежазбаны тыңдап/ қарап, дикторлардың сөйлеу мәнеріне еліктей отырып, сөз сөйлеп, дауыс ырғағын тексере аламын;
-
мен сөйлесетін адам туралы ойлай аламын;
-
барлығы жақсы болатынына өз - өзімді сендіре аламын;
Сөйлеу барысында мен...
-
қарапайым сөз тіркестерін қолдана аламын;
-
сөйлеушінің айтқан сөзін басқаша жеткізе аламын;
-
дұрыс екендігіне сенімім жоқ пікірлерден аулақ бола аламын,
-
жанымдағы адамнан көмек сұрай аламын;
-
«ммм», «мен не айтайын деп едім?», «білесіз бе?» сияқты одағай, қаратпа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана аламын;
-
мүмкіндік болса, дайындық жасап, өз сөзімді жазамын немесе қайтадан жаза аламын.
Сөйлегеннен кейін мен..
-
жаңа сөздер мен ұғымдарды теріп жазып, іштей айтып, қайталай аламын, келесі жазба жұмыстарымда қолдана аламын.
-
керібайланыс жасап,сөйлеген,сөйлескен, тыңдаған адамның пікірін сұрай аламын;
Мағынаны тану
Бағалау
Сабақты қорытындылау:
Бағалау парақшаларымен жұмыс. Әркім өзіне ұнаған эссені алып, «Екі жұлдыз, бір тілек» жазып пікірін білдірсін.
Талдықорған қаласы №13 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.И.Ахметжанова
Сабақтың тақырыбы: Эссе жазу арқылы тілдік дағдыларды дамыту
«Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз»
Пікіріңіз
Ұсынысыңыз