Поурочный план по казахской литературы на тему Сакен Сейфуллин Ақсақ киік 5 класс

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Поурочный план по казахской литературы на тему Сакен Сейфуллин Ақсақ киік 5 классПоурочный план по казахской литературы на тему Сакен Сейфуллин Ақсақ киік 5 классПоурочный план по казахской литературы на тему Сакен Сейфуллин Ақсақ киік 5 классПоурочный план по казахской литературы на тему Сакен Сейфуллин Ақсақ киік 5 классПоурочный план по казахской литературы на тему Сакен Сейфуллин Ақсақ киік 5 классПоурочный план по казахской литературы на тему Сакен Сейфуллин Ақсақ киік 5 классПоурочный план по казахской литературы на тему Сакен Сейфуллин Ақсақ киік 5 классСабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу;

Дамытушылық:

шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау,өзіндік пікір қалып тастыруына жол ашу;

Тәрбиелік:

Отансүйгіштікке,тіл,сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге,адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрi: кіріктірілген. (дуэт сабақ)

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, тест сұрақтары, сто.

Пәнаралық байланыс: география.

Көрнекілігі:слайд,интерактивті тақта, Қазақстан картасы, үлестірме карталар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың сәлемдесуі, түгелдеу.

ә) Оқушы зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Қане, балалар,өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық?

Қазір жыралыбы Жамбыл төңірегінде оқып білгенімізді қорыту үшін тест сұрақтарына жауап беріп көрелік.

Тест сұрақтары:

1. Жамбыл қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

А)1845ж.Шығыс Қазақстанда В)1846ж.Әулие ата өңірінде. С)1848ж.Орталық Қазақстанда. Д)1847ж. Көкшетау облысында.

2. Жамбылдың шығармасы. А)``Сұраншы батыр`` В)``Қыс`` С)``Сағындым`` Д)``Жүйрігім`` 3.Жамбылдың ұстазы кім еді? А) Абай В) Тезек төре С) Cүйінбай Д) Шашубай

4.``Өтеген батыр``дастанында Өтегеннің еліне тапқан жайлы,шұрайлы жері қай жерде еді? А) Қызылорда В) Жерұйық С) Қазығұрт Д) Сарыарқа

5. Ақынның жыры жас ұрпақты неге үндеиді? А) Білімге В) Еңбекке С) Жалқаулыққа Д) Ерлік пен туған жерді сүюге.

6.Жамбыл қай жылы қанша жасында қайтыс болды? А) 1945ж 99 жасында. В)1946ж 100 жасында. С)1947ж 101 жасында. Д)1949ж 102 жасында.

III Жаңа сабаққа кіріспе. Мақсатымен таныстыру. -Балалар,біз бүгін үш бәйтерегіміздің бірі С.Сейфуллин өмірімен "Ақсақ киік "өлеңімен танысамыз.Өлеңімен таныспас бұрын ақын туралы нені білуіміз керек? Соған тоқталамыз.

Әдебиет мұғалімі:

Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894-1938) Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш класты училищеде оқыған.Сейфуллин Сәкен - қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР-інің Халық Ко миссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» деп аталған тұңғыш өлеңдер жинағын бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болған. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берген. 1918 жылы «Жас қазақ марсельезасын» жазып, «Бақыт жолында» атты пьесасының беташар қойылымын көрсеткен.

Ақсақ киік

Сыр сандық

Көкшетау

Сәкен Сейфуллиннің шығармалары

Тар жол, тайғақ кешу

Ауыл байғұс, мінеки

Келіншек ойы

Бүгін біз С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңімен танысамыз.(аудио арқылы естірту)

География мұғалімі:

(Картадан бетпақдаланы көрсетеді)

Бетпақдала - Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір. Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 500 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км аумаққа созылған. Ауданы 75 мың км² шамасында. Бетпақдала үстіртті шөлінің орташа абсолюттік биіктігі 300 - 350 м. Абсолюттік биіктігі 200 - 300 метрдей болатын көлемді оңтүстік-батыс бөлігі жазық, ал абсолюттік биіктігі 400 - 700 метрдей солтүстік-шығыс бөлігі қыратты. Палеозой эрасының тау жыныстары (гранит, порфирит, әктас) тереңде жатыр, бетін мезозой мен палеоген кезеңінің шөгінді жыныстары (құмтас, саз, малтатас, құм) жапқан. Ең биік жері - Жамбыл тауы (974 м). Бұл бөлік Сарыарқаның каледондық құрылымының жалғасы. Сай-жыралармен тілімденген Бетпақдала жазығында сор, тақыр және жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кездеседі. Көктемде жауын суымен толығып, жазда құрғақ арнаға айналатын Қарқаралы, Қарасу, Талдыеспе сияқты кішігірім өзендер бар. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық. Қаңтарда ауаның орташа температурасы -12-140С, шілдеде 24-260С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 100-150 мм. Қардың қалыңдығы 10-15 см-ден аспайды. Тұрақты су көздері болмағанымен, жер асты (артезиан) суының қоры мол. Жайылымдар тереңдігі 10-30 м артезиан құдықтарымен суландырылады. Бетпақдаланың топырағы қоңыр, сұрғылт қоңыр. Солтүстігінде жусан басым, шығысындағы шоқылы таулардың тастақты шөлдерінде баялыш, эфедра, тасбұйырғын, орталығы мен батысындағы саздақты жерлерде жусан мен баялыш, оңтстігіндегі Шу өзені маңындағы құмды төбелер мен қырқаларда сексеуіл, теріскен, еркекшөп, құрғақ арналарын бойлай жыңғыл, тораңғы өседі. Солтүстік-шығысындағы таулы қыраттарда арқар, елік, қасқыр, түлкі; жазықта ақбөкен, алақоржын, саршұнақ, аламан, жылан, кесіртке, дуадақ, құр мекендейді. Бетпақдала - көктемгі және күзгі мал жайылымы. Сарыарқаның оңтүстігі мен Бетпақдала фаунасын сақтау мақсатында қорықшалар (Андасай, т.б.) ұйымдастырылған.

Әдебиет мұғалімі

Өлең құрылысына талдау жасайды. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын сұрайды.

Өлең құрлысына назар аударайық

Ар-қа-ның Бет-пақ де-ген да-ла-сы бар,11 а

Бет-пақ шөл ой-лы-қыр-лы па-на-сы бар 11 а

Сол шөл-де ел жоқ ,күн жоқ өс-іп- өн-ген 11 б

Жән-дік-тің киік де-ген ба-ла-сы бар 11 а

Бұл өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы деп аталады.

География мұғалімі:

Ақбөкен, (киік)- жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала - Арыс, Үстірт және Еділ - Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 - 150 см, салм. 37 - 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 - 127 см, салм. 22 - 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы - қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен - дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 - 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.

Сөзжұмбақ. «Ақбөкен» Сұрақтары:

  1. Киелі құстың бірі

  2. Шын есімі

  3. Арқаның шөл даласы

  4. С.Сейфуллиннің поэмасы

  5. Бетпақта қысы-жазы ел болмайды?

Ел-жайлау, өзен яки не болмайды?

  1. Ақбөкендер қандай жерлерде мекен етуге төзімді?

  2. С.Сейфуллин қай жердегі орыс-қазақ мектебіг тәмамдаған?

Сабақты бекіту.

Әдебиет мұғалімі:

«Дыбыстар сөйлейді» ойыны.

С-

Ә-

К-

Е-

Н-

Сабақты қорыту. Семантикалық карта арқылы сабақты бекітеді.(рефлексия)

Үйге тапсырма

1."Ақсақ киік''өлеңін мәнерлеп оқу,үзінді жаттау.

2. «Табиғатты аялайық» тақырыбында ойтолғау жазу

Оқушы білімін бағалау.


© 2010-2022