Интеллектуальные игры по казахскому языку

Раздел Другое
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Архипов орта мектебі.

Қазақ тілінен сыныптан тыс сабақтарының жоспарлары.



Интеллектуальные игры по казахскому языку





Қазақ тілінің мұғалімі: Мырзағалиева А.Т.

2014-2015 жыл.





Мазмұны.



1. «XXI ғасыр көшбасшысы»

зияткерлік сайысы ..............................................2

2. «Озық ойлы оқушысы».

интеллектуалдық ойыны ................. .................6

3. «Әдебиет көшбасшысы»

зияткерлік ойыны ................ ............................10

4. «Отан сүйер ұлан бол!» ...............................16

5. «Бақытты сәт»

интеллектуалдық ойыны ..................................18

























Тақырып: «XXI ғасыр қошбасшысы».

Мақсаты:

Оқушыларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу, білімді, жан-жақты болуға үйрету, оқушылардың білімін сынау, білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу.

Көрнекілігі: слайд көрмелері

Сабақтың жоспары:

І бөлім. «Бәйге»

ІІ бөлім. «Тіл-өнер»

ІІІ бөлім. «Жорға»

IV бөлім. «Сиқырлы дөңгелек»

І Ұйымдастыру
Кіріспе сөз.
Сайысқа қатысушыларды таныстыру.
ІІ Сайыс шарттары
Барысы.
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқашан да нанымды,- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,- деп сайысымыздың алғашқы шарты "Бәйге" бөлімін бастаймыз.
І бөлім. "Бәйге"

Шарты. Бұл бөлімде 6 оқушыға 5 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. 6 оқушыға 5 сұрақтан қойылады. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы жауап беруге мүмкіндігі болады..

1. Сыбаға деген не? (Сыйлы адамға берілетін ет)
2. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)
3. Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Юрий Гагарин)
4. ҚР-ның астанасы қай қала? (Астана)
5. Глобус дегеніміз не? (Жердің нақты үлгісі)
1. Қазақстанда неше облыс орталығы бар (14)
2. ҚР-ның рәміздерін ата (ту, елтаңба, әнұран)
3. Қазір қай жыл (сиыр)
4. Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров, 1991 жылы)
5. Қазақтың үш биін ата. (Төле, Әйтеке, Қазыбек)
1. Атақты күрес шебері (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
2. Үш жұртты ата (өз жұртың, нағашы жұртың, қайын жұртың)
3. ҚР-ның тәуелсіздік алған күні (16-желтоқсан 1991 жыл)
4. Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келді? (1845 ж)

5. Атақты суретші кім? (Әбілхан Қастеев)



2

1. Сидней Олимпиадасында жеңіске жеткен атақты боксшы кім? (Бекзат Саттарханов)
2. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыздары кімдер? (Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)
3. ҚР-ның әнұранының авторлары кімдер? (Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов)
4. 1 маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)
5. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
1. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (Карта)
2. "Менің атым Қожа" повесінің авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)
3. Көкжиектің неше тұсы бар? (төртеу: оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)
4. Абай Құнанбайұлы дүниеден қай жылы өтті? (1904 ж)
5. 6 шілде қандай мереке? (Астана күні)

1. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал не? (Компас)
2. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма? (Күй)
3. Қазақ халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады? (1991 жыл 1-желтоқсан)
4. 9 мамыр қандай мереке? (Жеңіс күні)
5. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ыбырай Алтынсарин)

ІІ бөлім. "Тіл - өнер"

Шарты. Мақалдың жалғасын табу немесе жұмбақ шешіп, орыс, ағылшын тілдеріне аудару.

Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі. Осы бөлімнен кейін ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады. Барлығы 6 сұрақ.

Жаман аттан аяғым артық,
Жаман ........ таяғым артық.

(дос-друг-friend)

Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен .... кешер.

(су-вода-water)

Жаны жақсы ағаның

Етегін баспа, жолын қу.

Болайын деген ........

Бетін қақпа, белін бу.

(бала-мальчик-boy)

Ер қаруы ..... қару.

(бес-пять-five)

Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас.

(жұлдыз-звезда-star)

Тұмсығымен қозғалар,
Артында аппақ із қалар.

(бор-мель-chalk)

ІІІ бөлім. "Жорға"

Шарты. 4 пәннен 4 сұрақтан барлығы 16 сұрақ әзірленген. Пәндерді таңдау оқушының өз еркінде. Ойынды ұпайы ең төмен оқушы бастайды. Осы бөлімде ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.

3

Интеллектуальные игры по казахскому языку

Қазақ тілі
10. Фонетика нені зерттейді?(Фонетика-тіл дыбыстарын зерттейтін сала)
20. Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі қалай аталады? (Жіктеу есімдігі)
30. Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді? Және де оларды атап бер.
( Дара сан есім және күрделі сан есім)
40. Өзгелік етістің жұрнақтарын ата
( ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр,- дір,- тыр, -тір, -ыр, -ір, -т;)
Әдебиет
10. Томаға деген не? (Бүркіттің бас қабы)
20. "Абай жолы" романының авторы кім? (Мұхтар Әуезов)
30. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің Арал балықшыларының тұрмысы жайлы қай романнан үзінді етіп алынған? ("Қан мен тер" романы )
40. Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Өлеңнің авторы кім? (Сүйінбай Аронұлы)
Математика
10. Екіні екіге қосып, екіге көбейткенде қанша шығады? (2+2*2=6)
20. 0-ден бастап 9-ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең.
(0+1+2+3+4+5+6+7+8+9=45)
30. Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секіреді. Ол 10 рет секіру үшін қанша секунд кетеді?
(15 секунд кетеді)
40. Әлияның жасы қазір 10-да. Оның шешесі Динаның жасы Әлиядан 4 есе үлкен. Әлияның жасы қазіргіден екі есе үлкен болған кезде, Динаның жасы қаншаға толады?
(50 жасқа)
География
10. Шығыстың Аристотель атанған ғалымы (Әбу-Насыр Әл Фараби)
20. Марс планетасының серігі (Деймос)
30. Юпитер жерден қанше есе үлкен? (769 есе үлкен)







4

ІV бөлім. "Сиқырлы дөңгелек"

Интеллектуальные игры по казахскому языку

Шарты. Бұл бөлімде дөңгелектегі жазылған сегіз әріптен мағыналы сөздер құрайды. Әріпті екі реттен қолдануға болады. Сөз сандары есептелінеді. Бағалау жүйесі - 10 ұпай.
Қорытынды. "Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,

Білекке сенер заманда қапы қалып жүрмейік",-деп даналарымыз айтқандай

"Келешек білімді ұрпақ қолында" екендігін Елбасымыз халқына Жолдауында көрсеткен болатын. Біздің білімдегі жеткен биіктеріміз бен қуаныштарымызға ортақ болған барлығыңызға да тек қана сәттілік тілейміз! Осымен сайысымыз аяқталды.
Міне, енді "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік сайысында озық ойлы оқушыны анықтайтын кезге де жеттік. Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына берсек.
"ХХІ ғасыр көшбасшысы" мақтау қағазымен марапатталады және естелікке сыйлық беріледі.



















5

XXI-ғасыр көшбасшысы

Тақырыбы: Озық ойлы оқушы

1-жүргізуші

Сәлем достар, аман ба?

Мына бейбіт заманда,

Қуантамын бәріңді,

Білімдіден қалам ба?

Құрметті: ұстаздар, оқушылар!

Сіздер: « Озық ойлы оқушы» атты сайысқа келіп отырсыздар!

Білім сайысын ашық деп жариялаймыз!

Ақыл тон аңдығанға тозбай тұғын,

Білім кен қанша болса азбай тұғын.

Қатарың озып шауып бара жатса,

Арқаның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды шақырамыз!

(ортаға қатысушылар келеді)

1: «Сұңқар тобы»

2: «Талапкер»

3: «Жас талап»

4: «Жұлдыздар»

2-жүргізуші

Өнер менен білімде,

Әркімнің өз жолы бар.

Сайысарлық бүгінде ,

Өзіндік иенің үнім бар, - дегендей, білімпаз жастар өздерін таныстырып өтсін!

(жеке -жеке топтар таныстырады)

жүргізуші:

Әділ қазыға ақ қазыға бер сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем!

Жүйрік озар, сайыстарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, -дей отырып, әділқазылар алқасымен таныстырайық!

1.Қолғанатова Рзагүл апай

2.Тілеужанова Алтын апай

3. Гүлшара Инабатовна

2- жүргізуші

Сайыстың өтілу барысын түсіндіру

Сайыс 4 бөлімнен тұрады

1-Бәйге

2-Тіл- өнер

3-Жеті жұмбақ

(бірінші бөлімнің шартын түсіндіру)

6

4-Тест сұрақтары бойынша жарыс,6 сұрақ беріледі.3 жауап бар,бір жауап дұрыс.

Бәйге десе бұлқынбас жас боларма-деп бірінші бөлім «Бәйгені» бастайық!

аңсаған кім?

Ал, іске сәт!

Сайыскерлеріміз тапсырманы орындағанша кезекті Байменова Нұргүлге берейік!






6

Тест

1.Ең бірінші бақытым-Халқым менің

... Ал екінші бақытым- Тілім менің

... Бақытым бар үшінші -Отан деген! Кімнің өлеңі?

1.Мұқағали Мақатаев

2. Бауыржан Момышұлы

3. Мұхтар Шаханов

2.Ұлы Отан соғысына қатысып Отанымызды жаудан қорған халық батыры кім?

1. Сәбит Мұқанов

2. Бауыржан Момышұлы

3. Бердібек Соқпақбаев

3.Абай мен Ыбырайдың ізін жалғастырған ұлы ғалым ақын аудармашы кім?

1. Мағжан Жұмабаев

2. Сәбит Мұқанов

3.Ахмет Байтұрсынұлы

4.Аяғы бар, басы бар,

Арқалаған тасы бар.

Тасбақа

бақа

Көлбақа

5.Өлеңмен жазылған шығарма?

1.Әңгіме

2.Поэма

3.Повесть

1- Жүргізуші:

«Кім жұмбаққа жүйрік»- екен

«Тіл -өнерді» жалғастырайық!

Бұл бөлімнің шарты жұмбақтың шешуін 3 тілде айтамыз! 1-Ж: 1. Бүгін киген тоным бар

Ертең болар қара тон

Қара тоным аздан соң

Болып кетер ала тон.

(Жер, Земля, а arth)

2-Ж:2.Үй үстінде ұсақ тас,

Ұстайын десем ұстатпас.

(Жұлдыз, звезда, а star)

1-Ж:3.Құтғақ жерде сақтайсың,

Менсіз тамақ татпайсың.

(тұз, соль, а salt)

2-Ж:4.Қабат қабат қаптама,

Ақылың болса аттама

(Кітап,книга, а booк)

1-жүргізуші:

Көрермендер көрімдігі ретінде «Мақал сөздің- мәйегі» деп көрермендерді жарыстырсақ. Осы жұмбақтың шешулерінен мақал- мәтел шығару қажет!

2-жургізуші:

III-бөлім: «Жеті жұмбақ» бөлімінің шарты: пәндер бойынша сұрақтарға жауап беру.






7

Қазақ тілі:

1. Етістіктің райлары?

2. Синоним дегеніміз не?

3. Антоним дегеніміз не?

4.Соз таптары нешеу?

5. Қазақ тілінде неше септік бар?(7)

6. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?(42)

7. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

1- жүргізуші:

Биология

1.Тірі организмдерге не жатады?( Өсімдіктер, жануарлар т.б)

2. Қызыл кітапқа тіркелген жануарлар?(Елік ,суыр, арқар т.б)

3. Өсімдік қалай қоректенеді?(Оттегімен)

4. Жануар мен өсімдіктердің айырмашылығы?(жан. Жүреді, өсімдіктер біржерде өседі)

5.Қандай құстарды білесіндер?

6. Тамырда қандай бөлімдер болады?( тамыр оймақшасы, өткізгіш, сору т.б)

7.Гүлдің құрылысын ата? ( аналық, аталық, тос. Т.б)

2-жүргізуші:

Физика:

1.Пішіні мен формасын сақтайтын аққыш зат? (СУ)

2. Жылдамдық пен уақыт көбейтіндісі? (жол) S=V-T

3. Күнге ең жақын орналасқан планета? (меркурий)

4.Ауа ылғалдылығын өлшейтін құрал?

(психрометр)

5.Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?

(параллель)

6.Жарық жылдамдығының шамасы неге тең?

(300000 км/сек.)

7. Координата жүйесін енгізген ғалым?

(Дерорт)

1-жүргізуші:

География:

Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

Перудің астанасы? (Лима)

Ақмола облысындағы қорық (Қорғалжың қорығы)

4.Дүние жүзіндегі ең үлкен бұғаз?

(Мозамбик)

5.Ең биік сарқырама?

(Анхель)

6. Су бетіндегі жүзіп жүретін мұз тау?

(Айсберг)

2-жүргізуші:

Ақырғы, «Жорға» бөлімін жалғастырайық.

1.Ең ащы көл (Қарасор)

2 Көпікті күтетін жер (Аялдама)
3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)

4.Бөле деген кім?(1 үйдің қыздарының балалары)

5.3 биді ата? (Төлеби,Қазыбекби, Әйтекеби)

6.Құлагер кімнің аты?(Ақан сері)

7. Күрішті аймақ?(Қызылорда)

8. Республика күні? (25- қазан)

9.Қасиетті сан? (7)


8


10.Қазақстанның астанасы? (Астана)

11.Сөздің ең түпкі мағына беретін бөлшегі? (Түбір)

12. Жартылай тұщы, тұйық көл( Балқаш)

13.Нағашы кімнің туысы? (Ананың ағасы)

14.Көмірлі аймақты астана? (Қарағанды)

15. Ең үлкен жануар? (піл)

16.Аспанда қанша жұлдыз бар? (саналмайды)

17. Тышқанның жауы? (Мышық)

18.Ойды қалай , немен жеткіземіз? (Сөйлеммен)

19. Наурыз көжеге неше тағам саламыз? ( 7)

20.Карта жинағы? ( Атлас)

21.Құстың негізгі мекені? (Ұя)

22.Зат есімнің сұрақтары? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)

23.Елімнің қамқоры болған адамды не дейміз? (Азамат)

24. Тілдің негізі не? (Сөз)

25 Аяз атаның немересі? (Ақшақар)

26. Жер шарының моделі?( Глобус)

1- жүргізуші:

Шын жүйректер сыналады жарыста ,

Жарыстыңба орта жолда қалыспа.

Әділ қазы бағалайды сіздерді

Жеңіс-мәре жақынба, әлде алыспа, - демекші ендігі сөз кезегін әділқазыларға берейік!

Осымен бүгінгі «Озық ойлы оқушы» атты сайысымыз аяқталды! Келесі кездескенше сау болыңыздар!














9

Интеллектуальные игры по казахскому языку

І кезең «Бәйге»

1. Абай Құнанбаевтың өлеңі.

а) «Өгіз бен бақа»

б) «Ғылым таппай мақтанба»

в) «Қысқы жолда»

г) «Ақсақ киік»

2. Мұқағали Мақатаевтың өлеңі.

1) «Фантазия»

2) «Отырар»

3) «Сен ақылда болсаң екен»

4) «Қазағым менің»

3. Әдеби ертегіні тап.

1) «Қырық өтірік»

2) «Ер Төстік»

3) «Аяз би»

4) «Толағай»

4. Ахмет Байтұрсынұлының туған жылы.

1) 1893 жыл

2) 1873 жыл

3) 1846 жыл

4) 1889 жыл

5. Жамбыл Жабаевтың «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі кімге арналған?

1) Немересіне

2) Әйеліне

3) Баласына

4) Келініне

6. Мұхтар Әуезовтың туған жылы.

1) 1897 жыл

2) 1900 жыл

3) 1911 жыл

4) 1894 жыл

7. «Бандыны қуған Хамит» әңгімесінің авторы кім?

1) Мұхтар Әуезов

2) Мағжан Жұмабаев

3) Сәбит Мұқанов

4) Сәкен Сейфуллин

8. Абай Құнанбаевтың туған жері.

1) Қостанай облысы

11

2) Семей облысы

3) Қызылорда облысы

4) Ақтөбе облысы

9. «Көксерек» повесінің авторы кім?

1) А.Құнанбаев

2) Ы.Алтынсарин

3) Мұхтар Әуезов

4) Ахмет Байтұрсынұлы

10. Көркем әдебиеттегі табиғат көркін суреттеу не деп аталады?

1) Пейзаж

2) Портрет

3) Кейіптеу

4) Әсірелеу

ІІ кезең «Дода»

1 - жүргізуші:

-«Білекті-бірді жығар, білімді -мыңды жығар» деп дана халқымыз айтқандай, қай кезеңде де білімдінің өрісі кең екені даусыз.

2 - жүргізуші:

-Сайысымыздың келесі «Дода» кезеңінде 4 тақырып 5 сұрақтан әзірленген.

Оқушы таңдаған тақырыбының 5 сұрағына жауап беруі керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан ұпай беріледі. Ең төмен ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады. Шарт бойынша ең ұпайы төмен оқушы тақырып таңдайды.

1. Халық ауыз әдебиеті.

2. ХІХ ғасыр әдебиеті.

3. ХХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет

4. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет

1. Халық ауыз әдебиеті.

1 . Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата.

(тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, шешендік сөздер, аңыз әңгімелер, батырлық жыры, ғашықтық жырлар, ақындар айтысы)

2. Ертегілер нешеге бөлінеді? (қиял-ғажайып, хайуанаттар туралы, тұрмыс-салт)

3. «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» қандай жырға жатады ? ( Лиро-эпостық жыр)

4. Шындыққа жанасымды, көбіне тіпті өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалы шығармалар. (Аңыздар)

5. «Ер Төстік » ертегісіндегі кейіпкерлерді ата.









12

(Ер Төстік, Ерназар, Кенжекей, Жалмауыз кемпір, перінің қызы Бекторы, Шойынқұлақ, Күңке, Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар, Бопыхан,)

2. ХІХ ғасыр әдебиеті.

1. «Аягөз, қайда барасың?» Кімнің өлеңі? (Дулат Бабатайұлы)

2. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінің авторы кім ?

(Сүйінбай Аронұлы)

3. Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан !

Кімнің өлеңі? (А. Құнанбаев)

4. Махамбет Өтемісұлының «Тарланым» өлеңі кімге арналған ?

(Исатай Таймановқа)

5. «Өзен» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)

3. ХХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет

1. «Шәкірт ойы » өлеңінің авторы кім ? (С. Торайғыров)

2. «Өгіз бен бақа» мысалының авторы кім ? (А. Байтұрсынұлы)

3. «Адамдық борышың -

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта, өзің біл» Кімнің өлеңі ? (Ш. Құдайбердіұлы »«Адамдық борышың»)

4. Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші » әңгімесі кім туралы жазылған (Әміре Қашаубаев)

5. «Өтеген батыр» дастанының авторы кім ? (Ж. Жабаев)

4. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет

1. «Ананың анасы» әңгімесінің авторы кім ? (Ғ. Мүсірепов)

2. «Даңқың қайда төске өрлеген

Екі жүз мың әскерменен

Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала алмау...

... Тек жеңіспен көзін ашқан

Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба ...» Кімнің өлеңі ? (М. Шаханов)

3. «Сен ақылды болсаң екен» өлеңінің авторы кім? (Жұмекен Нәжімеденов)

4. Сәбит Мұқановтың автобиографиялық романын ата. ( «Өмір мектебі»)

5. «Білем сені, сүйем сені

Сыр сұлуы қарт анам

Сенсің мені әлдилеген

Туған сенен- мен балаң. » Кімнің өлеңі? (Ә. Тәжібаев)

ІІІ кезең: «Жорға»

1- жүргізуші:

-Асыл-тастан,өнер-жастан,

Шығады деп дарынды

Халық айтса, қалт айтпайды,

Әрқашанда нанымды,- дей отырып, келесі «Жорға » кезеңін бастаймыз.

13



2- жүргізуші:

«Жорға» кезеңінде 3 тақырып беріледі. Әр тақырыпта 20,30,40 ұпайлық 3 сұрақтан бар. Оқушы өзі қалаған сұрағына жауап береді. Сайыс соңында ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз болып саналады.



Әдебиет теориясы

30

40

20

40

Өлең- сөздің патшасы

20

30

Кейіпкерлер әлемі. 20 30 30

1. Әдебиет теориясы

1. 20 ұпай Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді не деп атайды? (Портрет)

2. 30 ұпай Табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейпінде суреттеу тәсілін не деп атайды? (кейіптеу)

3. 40 ұпай Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлеуі не деп аталады? (Диалог)

2. Өлең- сөздің патшасы

1. 20 ұпай.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды

Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Кімнің, қандай өлеңінен үзінді? / А.Құнанбаев «Қыс»/

2. 30 ұпай

Өзге емес, өзім айтам өз жайымды,

Жүрегім, жалын атқан сөз дайында.

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді

Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...

Кімнің, қандай өлеңінен үзінді?

(Қасым Аманжолов «Өзім туралы»)

3. 40 ұпай

Бір үйде жиюлы екен қазына мал,

Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:

«Бұрынғы атамызға сыйға берген,

Біздерде мынадай бар, мынадай бар !...»

Кімнің, қандай өлеңінен үзінді?

( Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»)



14



3. Кейіпкерлер әлемі.

1. 20 ұпай

«-Уәзірлерім! Сендер қырқың да асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманын, құстың жаманын және шөптің жаманын тауып әкеліңдер.»

Қай ертегідегі кімнің сөзі?

(«Аяз би» ертегісіндегі Мадан хан)

2. 30 ұпай

«Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар-жоғары идеялы есімдер».

Кімнің, қай шығармасындағы кейіпкердің сөзі?



(Б. Соқпақбаев «Менің атым-Қожа» Қожаның сөзі )

3. 40 ұпай.

«Биыл оның жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала-бозбаланың қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде, үлкендік жоқ.»

Кімнің, қандай шығармасындағы қандай кейіпкердің портреті?

(М. Әуезов «Ақын қонақтар» Абайдың портреті)

1- жүргізуші:

Міне, біз «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы оқушымызды анықтайтын кезге де жеттік.Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына берсек. (Сайыс жеңімпазы мен сайысқа қатысушыларды марапаттау.)

2- жүргізуші:

- «Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,

Білікке сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,-деп даналарымыз айтқандай,

«Келешек-білімді ұрпақ қолында» екендігін Елбасымыз халқына Жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашанда еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысыиызды тәмамдаймыз. Біздің білімдегі жеткен биіктеріміз бен қуаныштарымызға ортақ болған барлығыңызға да тек қана сәттілік тілейміз!





15

Сыныптан тыс шара:

«Отан сүйер ұлан бол!» интеллектуалдық ойын-сайысы.

Мақсаты: Оқушылардың туған еліне, жеріне деген

сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік рәміздеріне құрмет сезімін тәрбиелеу.

.

Көрнекілігі: еліміздің рәміздерінің суреті, слайдтар, нақыл сөздер.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

- Балалар, жерге жетер байлық жоқ.Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 120 -дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Атыңнан айналайын, егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер! - деп, «Отан сүйер ұлан бол!» атты интеллектуалдық ойын-сайысымызды бастаймыз.

Кезекті « Жас қыран » және « Жас ұлан » топтарына беремін , өздерін таныстырып өтсін (Топтар атын, ұранын айтады).

Сайыс болғаннан кейін, жеңімпаздар анықталу керек, сондықтан ойын барысында дұрыс жауап үшін топтарға жалаушалар беріп отырамын, ойынның соңында жалаушасы көп топ жеңімпаз атанады.

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,

Қазағым, сен қашанда тұғырдасың! - деп, келесі тапсырмалар Мемлекеттік рәміздер туралы болатынын ескертемін.

I. Еліміздің рәміздері қабылданған күн? /1992 ж, 4 маусым/

(1-жалауша)

  1. «Жас қыран» тобына: ҚР-ның Мемлекеттік Туын сипаттау (слайд бойынша).

  2. «Жас ұлан» тобына : ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасын сипаттау (слайд бойынша).

(2-жалауша)

II. Мемлекеттік рәміздер туралы өлең оқу (3-жалауша).

  1. Келесі сұрақ Мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы болады.

Мемлекеттік Әнұранның авторларын атаңыздар (4-жалауша).

1.«Жас қыран» тобына: Жұмекен Нәжімеденов туралы баяндап беру.

2.«Жас ұлан» тобына: Шәмші Қалдаяқов туралы баяндап беру

( Слайдта Ж.Нәжімеденов пен Ш.Қалдаяқовтың суреттері беріледі).

(5-жалауша).

16



IV.Капитандар сайысы: Сұрақ-жауап (әр капитанға төрт сұрақтан).

1.Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді?

/теңге, 1993,15 қараша/

2.Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн?

/1995 ж, 30 тамыз/

3.Қазақстанның алғашқы Астанасы қай қала? /Орынбор/

4.Мақалды жалғастыр:

  1. Отансыз адам - ...

  2. Отан үшін ... .

1.Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/

2. Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады? /1991 ж, 1/ХІІ/

3. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қашан алды?/1991,16/ХІІ/

4.Мақалды жалғастыр:

  1. Отан .... ыстық.

  2. Туған жердей -

Туған елдей -

V. Жалаушаларды санау,жеңімпаз топты құттықтау.

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректеріңде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,

Айналаң, бәрі сенің көрерменің.

Тілеймін, дәл осылай барлығыңның

Тек қана биіктерден көрінгенін, - деп, бүгінгі ойын-сайысымызды

аяқтаймын.





















17

«Бақытты сәт» интеллектуалдық ойыны

Оқыту орыс тілінде жүретін 5-сыныпта Тіл мерекесіне орай

өткізілген сыныптан тыс шара

Мақсаты:

1.Білімділік: өтілген материалды қайталау, бекіту, оқушылардың білімдерін тексеру.

2.Дамытушылық:сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру.

3.Тәрбиелік:туған жерінің мәдениетіне, тіліне құрмет сезімін тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті, тарих, елтану.

Көрнекілігі:слайдтар.

Сабақ барысы:

Жүргізуші:

-Қайырлы күн құрметті ұстаздар, балалар! Тіл мерекесіне арналған «Бақытты сәт» атты сайысымызға қош келдіңіздер.Сайысқа екі топ қатысады, топтарды ортаға шақырамыз.

I. Бірінші кезең :«Өзін-өзі таныстыру», бұл кезеңде әр топ өзінің атын, ұранын айтып, бір-бірімен танысады.

(Топтардың танысуы).

II. Екінші кезең: сұрақ-жауап (әр топқа 10 сұрақтан қойылады).

1.Тіл мерекесі қашан тойланады? 1.Наурыз көже неше тағамнан жасалады?

2.Ә.Қастеев кім? 2.Т. Әубәкіров кім?

3.Жылқының төлін атаңдар? 3.Ешкінің төлін атаңдар?

4.Қасық, кесе, шанышқы - нелер? 4.Құлын, бота, қозы - нелер?

5.Малдың пірлерін атаңдар? 5.Жұлдызнамада қандай үй жануарлары бар?

6.Түйе қалай дыбыстайды? 6.Жылқы қалай дыбыстайды?

7.Қазақстанның бірінші астанасын атаңдар? 7.Қазақстан неше облысқа бөлінеді?

8.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 8.Қазақ тілінде неше септік бар?

9.Мемлекеттік Тудың авторы кім? 9.Елтаңбаның авторы кімдер?

10.Атаңа сен кім боласың? 10.Анаңның әкесі саған кім болады?

III. Үшінші кезең: мақал-мәтелдердің жалғасын тап.

Жері байдың ... Отансыз адам - ...

Өнер алды ... Еңбек түбі - ...











18



Адам досымен, Жүз сомың болғанша, ...

Ағаш ...

IV. Төртінші кезең: сандарды сөйлетіңдер (слайдта берілген сандардың мәнін ашу)

.

365

12

4

7

24

60

V. Бесінші кезең: «Жаңылтпаш» сөзінен жаңа сөздер құрастыру(капитандар сайысы).

VI. Алтыншы кезең: төртінші артықты тап (слайд).

алма көктем

алмұрт күз

қауын қыс

өрік қыз

дүйсенбі әпке

бейсенбі әже

тамыз әтеш

жұма аға

VII. Жетінші кезең: жағдаят.

1-топқа: құттықтау жазу. 2-топқа: туған күнге шақыру.

VIII. Қорытындылау, марапаттау.

















19

© 2010-2022