- Преподавателю
- Другое
- Кезектес салалас ашық сабақ
Кезектес салалас ашық сабақ
Раздел | Другое |
Класс | 8 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Ахметова Б.Е. |
Дата | 30.12.2015 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
Сабақтың тақырыбы: Кезектес салалас.
Сабақтың мақсаты: Кезектес салалас сөйлеммен танысады. Салаластың мағыналық түрлерін толық меңгереді.
Міндеттері:
-
Кезектес салалас сөйлемнің жасалу жолын біледі, кезектес салалас сөйлемді салаластың басқа түрлерінен ажырата алады.
-
Синтаксистік талдау кезінде алған білімдерін қолдана алады.
-
Бірлесіп жұмыс істейді. Ой қорытындысын жасауға дағдыланады.
Бағалау:
-
Сұрақтарға жауап беру арқылы.
-
Оқушылардың грамматикалық тапсырмаларды орындау кезінде өткен материалдарды пайдалана білуі арқылы.
-
Венн диаграммасын құрастыр кезінде тапсырманы дұрыс орындай білуі.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: "Топтастыру", "Кубизм", "Түртіп алу".
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Қызығушылықты ояту.
"Топтастыру" стратегиясы бойынша құрмалас сөйлемдерден білетін ұғымдарын жаздыру.
Құрмалас сөйлем
Салалас Сабақтас Аралас
1. Ыңғайлас 1. Шартты
2. Қарсылықты 2. Қарсылықты
3. Себеп-салдар 3. Себеп
4. Түсіндірмелі 4. Мезгіл
5. Талғаулы 5. Қимыл-сын
6. Кезектес 6. Мақсат
Содан соң өздеріне таныс емес салаластың астын сыздырамын.
ІІ. Мағынаны тану.
Оқулықтағы мәтінді оқып, танысады.
"Кубизм" стратегиясы.
-
Суреттеңіз. Кезектес салалас сөйлем дегеніміз не?
-
Салыстырыңыз. Кезектес салаласты басқа салаласпен салыстырыңыз.
-
Саралаңыз. Жасалу жолы жайлы не білесің? Кезектестің басқа салаластан қандай ерекшелігі бар?
-
Қолданыңыз. Кезектес салаласқа мысал келтір.
Ойашар.
ІІІ. Ой толғаныс.
Оқулықпен жұмыс.
"Түртіп алу" стратегиясы бойынша 116-жаттығу.
-
Сөйлемді тақтаға жаздыру.
-
Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін табу.
-
Қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысып тұрғанын табу.
-
Салалас құрмаластың қай түріне жататынын тапқызу.
Қорытындылау.
"Венн диаграммасын" толтыру.
Кезектес салаласты түсіндірмелі салаласпен салыстыру
Бағалау.
Үйге тапсырма: 118- жаттығу.
-
Берілген жай сөйлемдерді мағыналарына қарай топтастыру.
-
Кезектес салалас сөйлемге айналдыру.