• Преподавателю
  • Другое
  • Урок для 6 класса по казахской литературе на тему: Бейімбет Майлиннің Түйебай әңгімесі

Урок для 6 класса по казахской литературе на тему: Бейімбет Майлиннің Түйебай әңгімесі

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиет, 6-сынып Күні.

Сабақтың тақырыбы. Б.Майлин. «Түйебай»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы түсіндіру, «Түйебай» әңгімесінің мазмұнын меңгерту.

Міндеттер:

1. Әңгімеде сөз болған өмір шындығын, жазушы позициясын түсінуге көмектесу.

2. Бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығаруға, өзгенің пікірімен санасуға баулу.

3. Әңгімені оқи отырып, жаман мен жақсыны, пайдасы мен залалын дәл танып, көрсете білуге үндеу.

Сабақтың түрі: жаңа тықырыпты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, кесте толтыру, өзіндік жұмыс.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысы, даярлығы тексеріліп, назарлары сабаққа аударылады.

2. Үй тапсырмасын сұрау. Сәкен Сейфуллин «Далада» өлеңі.

-Ақын туралы қысқаша өмірдерек;

-Өлеңде асау тұлпар шабысы қалай суреттеледі?

-Шабандоз баланың ән салғандағы көңіл күйі қалай берілген?

3. Жаңа сабақ. Б.Майлин. «Түйебай» әңгімесі.

І. Қызығушылықты ояту.

-Осы шығармада қай заман оқиғасы сипатталған? Әңгіменің тақырыбын айт.

-Шығарма сюжетіне қандай оқиға өзек болған?

ІІ. Мағынаны тану. Оқушылар номер бойынша топтасады, үлестірме парақтарға жазылған сұрақтарды шағын топта талдап, ортаға шығып қорғайды.

парақша №1.

  1. Әңгімедегі «Қоржынтомар» деген жер қалай сипатталған?

  2. Ауыл балаларының шүрегей жұмыртқаларын жинауы қалай суреттеген?

3. Ауыл молдасы туралы не айтылады?

парақша №2.

  1. Түйебай кімнің баласы, оқуға қалай қабылданған?

  2. Түйебайды молда неліктен ұнатпайды?

3. Оқытушы молданы қандай адам деп ойлайсыңдар?

Үлестірме парақша №3.

  1. Түйебай арқылы жазушы қандай адамдардың бейнесін сипаттаған?

  2. Түйебай туралы өз пікіріңді білдір.

3. Түйебайдың арманы бар ма, қалй ойлайсың. (Өз ойыңды қос).

ІІІ. Мәтінмен жұмыс жасау:

А)Сөздік:

Томар- тәу апарып беру-

Құрақ- қара бақыр-

Өзек- екінді-

Шүрегей үйрек- имандық-

Қарақоға- жат сабақ-

Бесін - доңыз-

Ә)Тұрақты сөз тіркестерін теріп жазып, мағынасын аш.

Мысалы: көз ұшында көріну, төрткөздену, таяқтан сау болдым, мойны босау,

- Көркем сөздерді теріп жазып, мәнін түсіндір: түйенің өркешіндей, шоқша сақалы, қара бақыр, жұлым-жұлым қара үйі, жат сабақ.

4. Бекіту. Әңгімеге өзек болған не?

5. Үйге тапсырма. 1. Әңгіменің мазмұнын түсініп оқу, баяндау.

Кейіпкер бейнесін талдау.

Кейіпкер

Портреті

Мінезі

Іс-әрекеті

Кейіпкердің мінезін ашатын жолдардан үзінді

Молда


Түйебай


Әңгімешіл бала


6. Бағалау.


© 2010-2022