Әдебиет пәні бойынша ашық сабақ Сезімтал - Қожа

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиет пәні бойынша ашық сабақ Сезімтал - ҚожаӘдебиет пәні бойынша ашық сабақ Сезімтал - ҚожаӘдебиет пәні бойынша ашық сабақ Сезімтал - ҚожаӘдебиет пәні бойынша ашық сабақ Сезімтал - ҚожаӘдебиет пәні бойынша ашық сабақ Сезімтал - ҚожаӘдебиет пәні бойынша ашық сабақ Сезімтал - ҚожаӘдебиет пәні бойынша ашық сабақ Сезімтал - ҚожаӘдебиет пәні бойынша ашық сабақ Сезімтал - ҚожаӘдебиет пәні бойынша ашық сабақ Сезімтал - ҚожаӘдебиет пәні бойынша ашық сабақ Сезімтал - ҚожаӘдебиет пәні бойынша ашық сабақ Сезімтал - ҚожаӘдебиет пәні бойынша ашық сабақ Сезімтал - ҚожаПән мұғалімі: Шадетова А.К сынып 6

Сабақ саны№

Күні:

Пәні:Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Сезімтал - Қожа

Мақсаты:

а) білімділік: повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.

ә) дамытушылық: өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану қабілетін жетілдіру, ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын ояту .

б) тәрбиелік: жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.

Сабақтың түрі: жинақтау

Әдіс-тәсілдері: пікірталас, СТО технологиялары

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

  1. Амандасу, түұгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару

  2. Психологиялық дайындық.

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

«Менің атым...» тақырыбында ой толғау.

  • Сендерге қандай есімдер ұнайды?

  • Повесть қалай басталатын еді? Қожа өз атына риза ма?

  • Сендер өз аттарыңа ризасыңдар ма?

Балаға ат қою дәстүрі

Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндегі аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына , әжесіне немересінің атын қойғызады. Кейде «Қырықтың бірі Қыдыр» деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызатын сәттер болады. Көбінесе молданы әкеп азан шақыртып, баланың атын қойғызған. Балаға көз тиюден немес жын-шайтаннан сақтасын деген наныммен Итбай, Күшікбай, жаманбай деп атаған. Адамның аты кейде тілек-мақсатқа орайлас болып келеді.

Дәулетті болсын деп: Байбол, Дәулет, т.б

Күшті де батыл болсын деп: Арыстан, Батырбек, Алпамыс, т.б

Сұлу да көрікті болсын деп: Айсұлу, Нұрсұлу, Әсем, Аруан, Әйгерім, т.б

  • Бірақ, амал нешік, сен қызылшақа боп жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп , дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген (1-тарау).

  • Қандай дәстүр туралы айтылған?

  • Шілдехана -жаңа туған нәрестенің құрметіне дастархан жайылып, домбыра тартылып, ән салып, ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеретін той.

  • Қазір бұл дәстүр сақталған ба?

  • «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген», -дейді кейіпкер. Ол кім? (Қожаберген)

Жаңа сабақ

I Қызығушылықты ояту сатысы.

«Ой қозғау» стратегиясы .

Жауап: Қожаға

«Түртіп алу» стратегиясы

V - "білемін"

― - "мен үшін түсініксіз"

+ - "мен үшін жаңа ақпарат"

? - "мені таң қалдырады"


II Мағынаны тану сатысы

І топ - Жақтаушы топ. Қожаның ісі дұрыс деп, ойын дәлелдейді

ІІ топ - Даттаушы топ. Қожаның ісі дұрыс емес деп теріс шығарады да, дәлелдейді.

Пікірталас (екі топ өз тұжырымдарын дәлелдейді)

І топ - Жақсы бала жеткізеді мұратқа

ІІ топ - Тентек бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді.

Топтастыру


Қожа- тентек бала

Қожа -жақсы бала


Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)

кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерлерге баға

1

Қожа

2

Жантас

3

Жанар

4

Майқанова


Оқулықпен жұмыс. Сұрақтарға жауаптарды мәтіннен тауып оқы.

Менің он үш жыл өмірімдегі ең қатігез күн қашан болып еді?



Қожаның сұрақтары

Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шынын айтыңдаршы, мен өскенде қандай маман иесі болуды армандадым?


Әдебиет пәні бойынша ашық сабақ Сезімтал - Қожа


Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Әйтеуір саған айтар ақылым,-тыныш жүр, балам.

Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер. Сонда кімнің мәселесін қарадым? (Та



Сергіту сәті

«Иесіне қайтар» ойыны


Ой толғаныс сатысы

  1. «Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты?

А) «Қожаберген» В) «Өзім туралы повесть» С) «Менің де атым Қожа»

Д) «Балалық шаққа саяхат»

  1. Қожаның шын аты кім?

А) Қожабай В)Қожаберген С)Қожатай Д) Қожаберді

  1. Жанардың фамилиясы?

А) Балабекова В) Майқанова С) Қадырова Д) Трсынбаева

  1. «Түбінде адам болатын бала» деген кімнің сөзі?

А) Сұлтан В) Анасы С) Ахметов Д) Майқанова

  1. «Ағаттықтың азабы» бөлімінде не туралы айтылады?

А) Орыс тілі сабағына дайындалмай келуі

В) Тәртібінің педкеңесте қаралуы

С) Мұғалімнің сөмкесіне бақа салуы

Д)Лагерьге жолдама үшін мұғалімге ренжуі

Венн диаграммасы

Жақсы Жаман

Әдебиет пәні бойынша ашық сабақ Сезімтал - Қожа


«Түртіп алу» стратегиясы

V - "білемін"

― - "мен үшін түсініксіз"

+ - "мен үшін жаңа ақпарат"

? - "мені таң қалдырады"


Бағалау

Үй тапсырмасы

Сабақ соңында қол жеткізілетін нәтиже

  1. Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі

  2. Өз өміріне , қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.

  3. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.

  4. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.

  5. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді. Өз пікірін қорғай, дәлелдей алады

  6. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

  7. Жан дүниесін тәрбиелейді.



«Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Ақши жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Ашық сабақ

Тақырыбы: «Сезімтал Қожа»



Пән:Қазақ әдебиеті

6 сынып

Пән мұғалімі:А.К.Шадетова



2015-2016 оу жылы

Күні:

Қазақ тілі. 9-сынып.

Пән мұғалімі: А.К.Шадетова

Сабақ саны№

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. (Нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі,көп нұкте.)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерімен таныстыру. Төменгі сыныптарда өткен материалдарды еске түсіру.

Міндеттері:Жұрт алдында мәдениетті сөйлей білуге дағдыланады. Теориялық білімді практикада қолданады. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.Топтық жұмыс кезінде бір-бірімен пікірлеседі,алған білімдерін бекітеді.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: "Негізгі идеяны суреттеу", эссе жазу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

І. Қызығушылықты ояту

Қазақ тілі пәнінен төменгі сыныптарда өткен материалдарын еске түсіру.

Психологиялық жаттығу жұмысы. РЕЛАКСАЦИЯ.

Релаксация

(Психологиялық жаттығу)

Балалар, әрқайсымыз өзімізге ыңғайлы, жайлы жер тауып отырайық. Басымызды сәл бұрып, қолымызды тіземізге, бар зейінімізді маған аударып, көзімізді жұмайық. Қол-аяғымызға жайлы, жағымды энергия берілуде. Денемізден тоқ жүріп өткендей, аздап ысып келеді. Рахаттану сезімін басымыздан кешкендейміз. Осы қалпымызда 10 секунттай отырамыз. Мен кері санағанда ойымызды жинақтап, көзімізді ашуға даярланамыз. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0. Енді бәріміз бастапқы қалпымызға келеміз. Көзімізді ашамыз.

ІІ. Мағынаны тану."НЕГІЗГІ ИДЕЯНЫ СУРЕТТЕУ" СТРАТЕГИЯСЫ.

121-жаттығу.

Мәтіннен шебер сөзінің синонимін,қоңыр, жыртық сөзінің тура мағынасын жазыңдар.

122-жаттығу.

1 Сөйлемдердің соңына тыныс белгілерін қойыңдар.

2.Қарамен жазылған сөздердің мағынасын спикер шығып қорғайды. 1 ұсыныс, 1 пікір.

ТАПСЫРМА:

Топ мүшелерінің өз тақырыптарын қорғау кезінде қолданған 1 мақал-мәтел немесе қанатты сөзін тақтаға жаздырып, сөз таптарына талдау жасату.


Ойашар. Түрлі түстер тесті Авторы М.Лютер

Оқушыларға алдын ала дайындалған түрлі түстегі кеспе қағаздар таратылады. Әрбір оқушы өзіне ұнаған түсті таңдайды.Қазіргі сәтте қандай көңіл-күйде отырғандарын анықтау.

Негізгі түстер:

Көк - тыныштық, қанағаттанарлық.

Жасыл - өзіне сенімділік, табандылық.

Қызыл - күштілік, агрессия, қозу.

Сары - белсенділік, көңілділік, қарым-қатынасқа ұмытылу.

Көмекші түстер:

Қара, Қоңыр, Күлгін, Қызғылт - қорқыныш, қорқынышты бастан өткізу, дабыл, негізінен адам бойындағы негативті (жағымсыз) жағдайларды көрсетеді.

ІІІ.Ой толғаныс.

І топ."Мен таңдаған мамандық"

ІІ топ."Менің сүйікті кейіпкерім"

ІІІ топ."Ең қызықты оқиға"

Сабақты бекіту: «Ана» тақырыбында мақал-мәтелдер жазу

Бағалау.

Бағалау парағы.

Топтағы оқушының аты

Бағалау критерийлері

-жаттығу

-жаттығу

Ой толғаныс

Қорытынды баға

1.


Үйге тапсырма: Сөйлем соңында келетін тыныс белгілерді қатыстырып

«Ана-өмір шырағы» тақырыбында шағын

шығарма жазыңдар.




«Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Ақши жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Ашық сабақ

Тақырыбы: «Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері»




Пән:Қазақ тілі

9 сынып

Пән мұғалімі:А.К.Шадетова



2015-2016 оу жылы

«Ұлы дала - дәстүрлері » \

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, суреттер.

Сахна шымылдығы ашылып, шашу шашылады.

2 сынып оқушылары « Жарапазан » айтады.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы - Наурыз Мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі болғалы отырған «Ұлы дала - дәстүрлері » атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл - көсір су болып ағады. Өсімдік ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!

Жүргізуші: Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханға елімнің,

Береке, ырыс сыйлашы.

Ата - бабам тойлаған

Әз - Наурызым, армысың!

Дей келе отырып,

Құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Қ.Х.Қаспақовқа береміз!

Даярлық топ оқушыларын ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Ілесіп Наурызбенен көктем жетсін

Көңілің үлкен -кіші көкке өрлетсін

Еңсесі көтеріліп ер-азамат

Ескі жылмен реніш, өкпең кетсің

Жүргізуші: Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын,

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,

Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге - деп ендігі кезекті Наурыздағы салт - дәстүрлерге берсек.

Бала:

Сүйінші, сүйінші....

Дүниеге сәби келді,ағайын,сүйінші.....

Дідә:Құтты болсын, бөбектің бауы берік болсы!

Ақжайық: Осынау Ұлыстың ұлы күнінде өмір есігін ашып жатқан кішкентай періштеміздің бесік тойын тойлағанға не жетсін!

Аяжан: Алдымен бөбек өз атына ие болсын, азан шақырып, ат қою рәсімін атап өтейік. Ал ауылдың көпті көрген ауыл әжесі өзіңізсіз, сондықтан азан шақырып атын қойып, бесікке бөлесеңіз, біз тыштырмаға тояр едік, солай емес пе?

Жаялыққа бөленген жас нәрестені ауыл әжесіне ұсынада.

Бала ат қою рәсімін өткізеді.

Ән « Қазақтың дастарханы»4,3 сынып оқушылары.

Тоты: Ал,әжесі, міне қазақтың қара бесігі. Ендігі кезек сізге келді!

Әже баланы бесікке бөлейді.

Ортаға 4 сынып оқушыларын шақырайық

Каусар: Уа халайық, халайық

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке бұл тойдың

Шашуларын шашайық!

Нұрхат: Армысың Наурыз,

Қуаныш боп, кір төрлет!

Ел болып саған,

Көрсетіп жатыр сый - құрмет!

Жансая: Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даламның ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

Ажар: Жыл басы - Наурыз, мереке!

Ақ нұрға әлем боянды

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды.

Ділназ: Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,

Әз Наурыз келіп еліме, Жер - Ана бойы балқысын.

Жаңғырар дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,

Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!

Бейімбет: Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса, Наурыз дәстүрлі.

Бақытыма шалқыдым,

Ашылады нұрымыз

Осынау байтақ елімде

Айтылады жырымыз

Би 8 сынып қыздары.

Жүргізуші: Ұлыс күні кәрі- жас

Құшақтасып көріскен

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Сіздердің әділ істеріңіз

Ғасырлар бойы тынбайды.

Аңыз, дастан жырлардан,

Жастар оқып тынбайды.

Ортаға 5 сынып оушылары шығып, тоқымқағар жайлы айтып кетеді.

Ән « Япурай » орындайтындар 7 сынып қыздары.

Жүргізуші: Наурыз - шыр айналған жылдың басы,

Адамның өлшенеді өмір жасы.

Қазақтың пейіліне жарасады,

Әр үйде дастарханға толған асы.

Жүргізуші: Салт-дәстүрмен жараса қайта құрып жаңаша,

Жарыса өнер көрсетіп, той тойлайық тамаша.

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар, тұсаукесер басталды

Тұсау кесу 3 сынып

Жүргізуші: Наурыз қайтып оралады, аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.

Кең дастархан, даламның, сахнамыз,

Ұлы мейрам - Наурызға шақырамыз.

Би: «Саржайлау» 9 сынып қыздары.

Жүргізуші: Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке, бақыт, бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз құтты болсын. Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл әлемге нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіреді.

1 сынып ашамайға мінгізу

Жүргізуші: Наурыз келді, көктем келді ағайын!

Жадырайды, жаңғырады маңдайым.

Назды, сазды науан Наурыз, армысың!

Жүргізуші: Наурыз қайтып оралады, аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.

Кең дастархан, даламның, сахнамыз,

Ұлы мейрам - Наурызға шақырамыз

Жүргізуші: Ортаға сөз ізгі ниет, «Ақ бата» беру үшін Қыдыр атаны шақырамыз!

Армысыңдар, жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсақ жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт - түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле - жала жерге енсін»

Ұлы халқым тоқ болсын»

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы - уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

(Әумин)

Жүргізуші:: Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,

Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.

Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,

Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.

Жүргізуші: Наурыз тойы ұлы күн,

Шырқап әнге салайық.

Ән: Орындайтын Бахтияр мұғалім

Жүргізуші: Осымен «Ұлы дала - дәстүрлері «» атты мерекелік концертіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт - түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін. Наурыз құтты болсын!



«Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Ақши жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Сыныптан тыс тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ұлы дала дәстүрлері»





Өткізген :А.К.Шадетова



2015-2016 оу жылы




© 2010-2022