Конспект на тему Төл сөз бен төлеу сөздің қолданылуы

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Төл сөз бен төлеу сөздің қолданылуы


Төл сөз бөгде сөздің ешбір өзгеріссіз берілуін қамтамасыз ете отырып, сөйлеушінің психологиясын, интеллектуальдық жағдайын, қоршаған ортаға көзқарасын танытады.

Төл сөз жүрген жерде міндетті түрде автор сөзі жүреді. Кейде автор сөзі «тасада» қалып, байқала бермейтіндей көрінуі де мүмкін. Олай дейтініміз, автор сөзі төл сөздің алдында н/е соңында келіп, деді, айтты сияқты көмекшілік қызметтегі сөздерді ерте жүретіні бар. Ал кейбір сәттерде олай бере бермейді,яғни кейіпкерлерге әлдебір әрекет жасатады. Соның өзінде автор сөзін еске салғандай болады. Оған мынадай мысал келтірейік, «Іле-шала біздің қосқа Алтын жетті....Шашын да жинамаған.Келе Зейнолланың қолынан қамшысын жұлып алды:

-Қотанға шапқан қасқырдай жұртты ту-талақай, қылғаныңыз не бұл! Кімді басынасыз?! Атыңызға мініңіз де, қайқайыңыз!» (Қ.Ысқақов).

Алтынның сөйлегелі тұрғанын хабарламайды, бірақ әрбір қозғалысынан,әр қимылынан адуынды сөз айтары анық білініп тұрады. Демек, автор сөзі мұндайда меңзеу арқылы беріліп тұр. Қалай берілсе де, автор сөзі төл сөздің қай бағытта,қандай мақсатта айтылатынын жобалап н/е нақтылап оқырманға сездіріп отырады. Бұл,әрине автор сөзі төл сөздің алдында келгенде осылай болады. Ал автор сөзі төл сөзден кейін келген жағдайда кейіпкер сөзінің нәтижесінен хабардар боламыз.

«Қасым альбомын маған ұсына беріп,мақтау тілеген адамның кейпімен жылт-жылт қарайды. -Түк татымайды!Жаман!-деп кесіп айттым»(О.Сәрсенбаев).

Көркем шығармада, оның ішінде прозада ортақ төл сөз деп аталатын қолданыс тілінің бір тұрі жиі кездесіп отырады.

Ортақ төл сөз, бір жағынан, төл сөзге ұқсайды,өйткені кейіпкер тілінің эмоциональдық байлығы мен интонациялық ерекшеліктері сақталады. Сонысына сай сөйлеуші тілінің лексикалық құрамы мен синтаксистік құрылымына да айта қаларлықтай нұқсан келмейді. Ал ортақ төл сөздің төл сөзден айырмашылығына келетін болсақ,ол сол сөзді жеткізушіге байланысты екенін баса ескертуге тура келеді. Демек, мұндайда шығармадағы кейіпкер сөзін кейіпкердің өзі емес, шығарма авторы жеткізіледі:

«Алматы-тентек өзен. Таудан сарқыоап ағып кеп, жолында жатқан үйме тастарға соғылады да, шыр айналып, көбігі шығып, жоғары атылады. Сылдыр-сылдыр-қайда асығады екен?

Тоқаш жиекте сандықтай тастың үстінде отыр»(З.Шашкин).

Бұл мысалда Тоқаштың сәл бір қол босаған сәтінде өткен мен келешекке көз жүгіртуі, табиғат құбылысына назар аударып, мүмкін, тіршілік ағысымен салыстырған шығар,әйтеуір іштей түйін жасап, қызықтауы әсерсіз қалдырмайды.

Тегінде, авторлық баяндау мен ортақ төл сөзді де ажырату оңайға түсе қоймайды.Біздің ойымызша, сол ой-пікірлердің алдында н/е соңында кейіпкерлердің жай- күйлерінен хабар беруі бұл үзінділердің ортақ төл сөз екенін дәлелдейді. Ондайда әлгі пікір айтушы кейіпкер белең береді де, оны түсінік-тұжырымын оқырманға шығарма авторы өз сөзіндей етіп жеткізеді.

Әрине, ортақ төл сөзді авторлық баяндаудан да ажырата білу қажет.Мұндайда ортақ төл сөздің құрамында сол кейіпкер аузынан айтылуға тиіс сөз қолданысына назар аударудың мәні зор.

© 2010-2022