План урока по казахской литературе 11 класс

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

План урока по казахской литературе 11 классПлан урока по казахской литературе 11 классПлан урока по казахской литературе 11 классПлан урока по казахской литературе 11 классПлан урока по казахской литературе 11 классПлан урока по казахской литературе 11 классПлан урока по казахской литературе 11 классПлан урока по казахской литературе 11 классПлан урока по казахской литературе 11 классПлан урока по казахской литературе 11 классПлан урока по казахской литературе 11 классПлан урока по казахской литературе 11 классПлан урока по казахской литературе 11 классПлан урока по казахской литературе 11 классПәні: Әдебиет Сыныбы:11 Пән мұғалімі: Ж.Битекенова

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Сабақтың мақсаты:

білімділік : "Абай жолы" тарихи романының қыр - сырын меңгертіп, тереңдей бойлату, эпопея тақырыбы мен идеясын көркемдік ерекшелігін меңгерту, сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу.

дамытушылық : Абайдың өскен ортасы мен жастық кезеңін өз сөздерімен айта алу. Оқушылардың ой еркіндігін , эстетикалық сезімін ояту,сюжет желісіне талдау, сөйлеу мәдениетін дамыту.

тәрбиелік : Оқушыларға Абайдың ұлылығын , оны әлемге танытқан М.Әуезов шығармасының тереңдігін түсінуіне ықпал ету. Отанын сүю, өскен ортаны бағалау, құрметтеу сезімдерін оятып , нығайту.

Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс

Сабақтың әдіс - тәсілдері: «Өрмекшінің торы» әдісі,сұрақ - жауап, ой қозғау, мағынаны тану,СКТ,топтастыру, «Мюнстенберг» әдісі , «Уақыт шеңбері» әдісі, «Жұптық тергеу» әдісі.

Оқыту түрі: Бірлескен ұжымдық іс - әрекет.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, Абай шығармашылығы жайында жазылған кітаптар мен журналдар көрмесі, буклеттер, ақын жайлы жазылған құнды пікірлер,электронды оқулық, М.Әуезовтың "Абай жолы" оқулығы І-ІҮ том, «Абай жолы» электронды нұсқасы 1- 4 дискі

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, саз өнері, тарих.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру:

1.Оқушылармен сәлемдесу,қатысты тексеру

2.Түрлі түсті қималар арқылы сынып оқушыларын ІІ топқа бөлу.

ІІ Үй тапсырмасы: М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы

«Өрмекшінің торы» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау

Оқушылар дөңгелене тұрып,түрлі түсті жіпті бір-біріне М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы жайында мәліметтер айтып жалғайды.Сұрақ: М.Әуезовтың өмірлік жолы мен шығармашылық жолына саяхат жасаңыз.

План урока по казахской литературе 11 класс План урока по казахской литературе 11 класс

ІІІ Ой қозғау

1.Екі топқа түрлі түсті қималар таратылған,сол қималарда өлең жолдары берілген.Өлең жолдарын құрастырып,ІІ топ өз өлең жолдарын шырқайды.Ән: «Көзімнің қарасы».Екі топ бірге әнді шырқайды.

2.Сұрақ-жауап

- бұл кімнің әні?

- қалай ойлайсыздар бүгінгі сабағымызда неліктен мен Мұхтар Әуезов пен Абайды байланыстырып отырмын?(оқушылар жауап береді)

ІҮ Мағынаны тану

Олай болса,оқушылар алдарыңа әр түрлі фигуралар тараттым.Сол фигураларды құрап,қандай бейне шығатынын табайық(екі топқа екі түрлі сурет құрауға беріледі)

-Қандай бейне құрастырдыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар,ІІ топта да М.Әуезовтың портреті мен «Абай жолы» оқулығының бейнесі бейнеленген.

Олай болса ,бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай?

Оқушылар жаңа тақырыпты ашады.

План урока по казахской литературе 11 класс План урока по казахской литературе 11 класс

Ү Постер қорғау

ІІ топқа «Абай жолы» тақырыбымен постер беремін.Оқушылар сол шығарма жайында өз білетін мәліметтерін топтастырып қорғайды.






План урока по казахской литературе 11 классПлан урока по казахской литературе 11 класс

ҮІ Жаңа сабақ

«Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақтың тұңғыш эпопеясы.

«Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40-50-жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені«Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес».

«Абай жолы» - ұлы жазушының ұлы туындысы - бас кітабы, ол өзінің өлшеулі ғана ғұмырында өлшеусіз шығармашылық ерлік жасап, өзінің осынау мәңгілік кітабын жазып үлгеріп кетті. Дананың өз ортасынан әрқашан озық, оқшау тұратын даралығы да осы арада жатыр.

«Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған.

1 том 1942 жылы 1949 ж. Мемлекет сыйлығы берілді

2 том 1947 жылы

3 том 1952 жылы 1959 ж. Лениндік сыйлыққа ие болды.

4 том 1956 жылы

ҮІІ Ұжымдық жұмыс

І топ

Романның

негізгі бөлімдеріндегі

Абай

Әрекеті

ІІ топ

Романның

негізгі бөлімдеріндегі

Құнанбай

әрекет

План урока по казахской литературе 11 классПлан урока по казахской литературе 11 класс

ҮІІІ М.Әуезов "Абай жолы" романындағы әйелдер бейнесі.


Абайдың өсу жолдары

Құнанбайдың құлдырау жолы

ІХ Электронды оқулықпен жұмыс

(Абайдың әжесі мен анасының тәрбиесінде болуы жайында)

Видеоролик көрсетіліп,талданады.

Х Грамматикалық тапсырма: Абай жолы тіркесіне СКТ жасау.

1.Бұл сөз 2 құрамнан тұр: Абай+жолы

2.Тұлғасына қарай:туынды сөз

3.Құрылысына қарай: күрделі тіркескен сөз.Себебі екі сөздің тіркесуі арқылы жасалған.

4.Сөзде 1 лексикалық,1грамматикалық мағына бар.

5.Лексикалық мағынасы - Абай ақынның бала шағынан толысқан шағына дейінгі кезеңді қамтитын шығарма атауы.

6.Грамматикалық мағынасы - зат есім.Не? деген сұраққа жауап береді

План урока по казахской литературе 11 класс



ХІ Жұптық тергеу әдісі Қатысушыларды бес жұпқа бөлемін.

Әр жұпқа тапсырмалар беремін.

1- жұп. Баяндап берушілер. Олардың тапсырмасы: әңгімені оқып келіп, мазмұнын өз көзқарастарын қосып баяндау.

2-жұп. Зерттеушілер. Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беру, мәтін бойынша әдебиет теориясы мен тілдік құрылым бойынша (антоним, синоним сөздерді табу) жұмыс жасау.

3- жұп. Сұрақ құрастырушылар. Әңгімені оқып, жоғары деңгейлі сұрақтар дайындайды.

4- жұп. Бейнелеуші- суретшілер. Әңгіме мазмұны бойынша сурет салады.
5- жұп. Дәнекершілер. Әңгіме оқиғасын бүгінгі өмірмен байланыстырады.

Жұмысты орындауға 10 минут уақыт беріледі.

План урока по казахской литературе 11 классПлан урока по казахской литературе 11 классПлан урока по казахской литературе 11 классПлан урока по казахской литературе 11 класс

ХІІ Мюнстенберг әдістемесі

(оқушылардың көру және жылдамдық қабілеттерін ұштау мақсатында)

ҚнжартығасырлықшкашығармаждэпопеятребасденақынмитарихивикроманыцытөртаркітапжыныжолзнуәуезовауәлемгеролтанытушыпабалалықұпашақкартолысқангеншақбасваролкейіпкерідолАбайдыспишыроманныкенажиырмасыншынисығасыролдтуындысырайы.

Дұрыс жауабы:

Жарты ғасырлық шығарма,эпопея,бас ақын,тарихи роман,төрт кітап,жол,Әуезов,әлемге танытушы,балалық шақ,толысқан шақ,бас кейіпкері - Абай,роман,жиырмасыншы ғасыр туындысы.

(24 сөз)



ХІІІ Шығармашылық кезең

1.«Абай десем....» эссе жазу

2.Аудандық ғылыми жоба байқауының жүлдегері З.Мерекееваның ғылыми жобасынан үзінді

Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Поэзия әлемі»

(М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы

кейбір оқиғалар желісіне арқау болған Абай өлеңдері)


План урока по казахской литературе 11 класс

ХІІІ Қорытынды: Камерундық Бенжамен Матип

Шынында, бұл қазақтар - неткен ғажайып халық! Осы кереметтік "Абай" романында қандай тамаша суреттелген! Сіздің бақытты халыққа мен шынайы көңіліммен қызығамын...

"Уақыт шектеуі"әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған білімімізді қорытындылайық.

ХІҮ Үй тапсырмасы:

М.Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясын мазмұндап,сюжеттік желісіне тезис құру.

ХҮ Бағалау

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.


С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі















Үздік сабақ байқауы


Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары



Пән мұғалімі: Битекенова Жанаргуль Утежановна





2015-2016 оқу жылы



© 2010-2022