Конспект урока на тему: Етістіктің шақтары

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспект урока на тему: Етістіктің шақтарыКонспект урока на тему: Етістіктің шақтарыКонспект урока на тему: Етістіктің шақтарыҚызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

№249 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бозғұланова Гүлайым Әсетқызы


Г.Бозғұланованың «Діни (уағыз) шешендік сөздер». Етістіктің шақтары тақырыбында 11 «В» сыныбында өткізген сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Діни (уағыз) шешендік сөздер. Етістіктің шақтары

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Оқушыларға діни (уағыз) шешендік сөз түрлерімен таныстыру арқылы олардың діни сауатын қалыптастыру және

етістіктің шақ категориясын, түрлері мен жасалу жолын түсіндіру,

ҰБТ-ге дайындау

Ә) дамытушы

лық:

шешендердің сөйлеу өнерінен үлгі ала отырып, бос сөзден аулақтатып, тауып сөйлеуге төселдіре отырып, тіл тазалығын сақтауға дағдыландыру;

Б) тәрбиелік:

тіл тазалығын сақтай отырып, әдеби тілде сөйлеуге баулу; жаңа білімді меңгерту;

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Сабақтың типі:

жаңа сабақ

Сабақтың түрі:

дәстүрлі

Сабақтың әдістері:

Топтастыру,сұрақ - жауап ,түсіндіру,әңгімелеу

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Интерақтивті тақта мүмкіндігі

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Орыс тілі,әдебиет

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

1-минут

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының

дайындығын тексеру

-амандасу;

-кезекшілік

міндеттерін атқару;

-сабаққа

дайындалу;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

Оқушылар дөңгеленіп отырып, өз аттары туралы, не мағына беретіні жайлы айтып, 3 топқа бөлінеді.

ІV. Жаңа материалды түсіндіру

А) жаңа ұғымға байланысты жұмыс


Жалпы бөлім

«Дін» сөзінің араб тіліндегі мағынасы - «сыйлық», «үкім», «есеп», «жаза», «мойынсұну», «бағыну», «құлшылық», «шариғат», «заң», «жол», тіпті кейбір жағдайларда ұлт деген ұғымды да қамтиды.

Дін - халық мәдениетінің рухани негізі, баға жетпес құндылығы. Оның қоғамда алатын орны зор және ерекше, діні жоқ, яғни дінсіз қоғамды елестету мүмкін емес.Тарих қойнауына үңіліп, беттерін парақтасақ, қай ұлттың болмасын, қалыптасуы, даму қарқыны, көркею үдерісі жайында тілі, діні, мәдениеті, өнері, кәсібі мол ақпарат береді. Дін ұзақ жылдар бойы, ғасырлар бойы қалыптасып таралған.
Біздің мемлекетіміз -Тәуелсіз, зайырлы мемлекет, яғни қай дінді қабылдаймын десең, өз еркің. Қазір әлемдік үш дін - Ислам, Христиан, Будда діндері бар. Үндістан жерінде Гаутама негізін қалаған әлемдік Будда дінінің басты кітабы Таурат болса, Исаның Інжілі - христиандық адамдардың, сол дінге табынушылардың кітабы. Ал біздің елімізде кеңінен қанат жайған дін - Ислам діні. Бұл діннің негізін салушы - Мұхаммед Пайғамбар, ал қасиетті кітабы - Құран кәрім.

Дін - мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық - дәстүрлі діндерінің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық.

Әлемде кең тараған діндер

Будда Христиан

Ислам

Ислам - адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижелер жиынтығы.
Ислам мемлекеттерінде тұрмыс жағдайы төмен болса да, қылмыс деңгейі мен ажырасу саны ең аз, рухани бақыт көрсеткіші мен денсаулық деңгейі әжептәуір жоғары.
Дамыған елдерден қанша төмен тұрса да жоғары деңгейдегі мораль мен тәртіп сақталған.
Ислам - өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі.
Ислам - қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т.б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады.
Исламда, мемлекетті басқару ұйымы үшін, қалай салық жинау, салық мөлшерін белгілеу, қаржыны реттеу, қоғамдық тәртіпті белгілеу және қадағалау, халық қажеттілігін қамтамасыз ету, ресурстарды адамдар арасында әділ бөлу сияқты т.б. нұсқаулар бар.
Яғни, Ислам - «басынан аяғына» дейін құрылымы жетілген нағыз керемет Дін.

Негізгі бөлім



Діни (уағыздық) шешендік сөздердің стильдік ерекшеліктері: публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдеби.

Негізгі тілдік құралдары: дінге қатысты терминдер, имандылыққа үндейтін сөз орамдары, т.б

ҰБТ-ға дайындық сабақ тақырыбы: Етістіктің шақтары

Етістіктің шақ категориясы -іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады.

Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.

Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, "келе жатыр", "оқып отыр", "жел соғады".

Осы шақтың 2 түрі бар: 1)Ауыспалы осы шақ. 2) Нақ осы шақ.

Ауыспалы осы шақ "-а", "-е", "-й" көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады ("Мен жүземін, оқимын". "Сен жүзесің, оқисың". "Сіз жүзесіз, оқисыз". "Ол жүзеді, оқиды"). Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: "жаңбыр жауады", "құс ұшады", "ит үреді". Бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады.

Нақ осы шақ қалып етістіктің ("жүр", "жатыр", "отыр", "тұр") тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады ("Мен отырмын, жазып отырмын". "Сен отырсың, жазып отырсың". "Сіз отырсыз, жазып отырсыз". "Ол отыр, жазып отыр").

Өткен шақ - іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі. Өткен шақ 3 топқа бөлінеді:

1) Жедел өткен шақ "-ды, -ді", "-ты, -ті" жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: "келдім", "таптыңдар".

2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің "-ған, -ген", айғақсыз түрі көсемшенің "-п", "-ып", "-іп" тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: "барған", "айтқан", "барыпты".

3) Ауыспалы өткен шақ - іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің "-атын, -етін", "-йтін" формалары арқылы жасалады. Мысалы, "тыңдайтынбыз", "көретінсіңдер".

Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы. Келер шақтың негізгі 3 түрі бар:

1) Болжамды келер шақ - есімшенің "-ар", "-ер", "-р", "-с" қосымшалары арқылы жасалады: "берерміз", "айтпассың". Болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: "-атын", "-етін" есімше тұлғалы етістікке "шығар", "секілді", "тәрізді" сөздері тіркесуі мен "-і" тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс септік формасына "мүмкін", "тиіс", "қажет", "керек" тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.

2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге "-мақ, -мек", "-бақ, -бек", "-пақ, -пек" қосымшалары жалғану арқылы жасалады: "жүрмек", "айтпақпын".

3) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ - етістік түбірге көсемшенің "-а", "-е", "-й" қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: "барады, оқиды".

Мұғалім сөзін тыңдай отырып, керекті мәліметтерді конспектілеу

Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма

Оқулықты пайдаланып жаттығу жұмысын орындау.

116-тапсырма. Берілген «Құран кәрімнен», яғни аяттан етістіктерді тайып, қай шақта тұрғанын табу.

1-топ. Осы шақта тұрған сөйлемдерді табу.

2-топ. Өткен шақта тұрған сөйлемдерді табу.

3-топ. Келер шақта тұрған сөйлемдерді табу.

V.Жаңа білімді бекіту

Қорытынды бөлім.

«Діннің, діни уағыздық шешендіктің қоғамдағы маңызы. (3 топ өз пікірін ортаға салады) 3 минут уақыт беріледі.

Дін туралы ғұламалардың айтқан сөздерін еске түсіріп, сол туралы түсіндіріп өту.

«…Иман сақтауға қорықпас жүрек, айналмас көңіл, босанбас буын керек. Яғни (оқу арқылы таныған) иманы бар деуге ғылымы жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап: ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті «шын» деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Алла өзі сақтасын! Әрнешік білмек керек, жоғарғы екі түрліден басқа иман жоқ»,- деп қорытады Абай.

VІ. Үйге тапсырма.

121-тапсырма. Құран аяттарын жаттау.

«Дін және бүгінгі қоғам» тақырыбына дөңгелек үстел.

VІІ.Бағалау






© 2010-2022