Арайлы Алтын күз мерекелік сайыс

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Арайлы Алтын күз
1- жур: Армысыздар,қадірменді қонақтар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық. Ендеше күз балл мерекесіне арналған «Арайлы алтын күз» атты мерекелік сайысымызға қош келдіңіздер!!!
2-жур:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған ,
Кешімізді бастайық!

1-жур:
Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқалармен таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
1.Жәнібекова Жанар
2. Қармысова Ай-керім
3.Бағытова Нұргүл
2-жур:
Сайыс 6 бөлімнен тұрады:
1.Таныстыру
2.Өз өнерін көрсету
3.Пародия
4.Сән үлгісі
5.Күзгі вальс
6.Сұрақ - жауап
7.Қорытынды
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
1-жур:
1.Таныстыру.Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік.

Бағалау.
2-жур: 2.Өз өнерін көрсету.
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.
Ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық.
Бағалау.
1-жур:
3. Пародия.
Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
О заманда ашқан қазақ өнер сырын,
«Өнер - жастан » жанындар.
Шақырған сайыстарға бірі- бірін.
Өнерпаздар- дарындылар,
Көрейік тамашалап көрермендер,
Ақтасын ханзадалар, ханшалардың сенімдерін!
Бағалау.
2-жур:
4.Сән үлгісі
Сәндік киім үлгісі
Арулар неткен сымбатты,
Ғажайып нұрға бөленген.
Алтын күнге үн қатты
Сәнді киім түрімен,
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз жанымен
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән үлгісі.
Бағалау.
1-жур:
5.Күзгі вальс
Көмейден құйылады жырдың басы,
Бименен тасығандай дариясы.
Күй тартсам, би билесем, ширай берем,
Сұңқардай қияға ұшқан кең құлашты, - деп өлең жолдарында айтылғандай, енді кезекті сайыскерлерімізді күзгі вальс биіне шақырамыз.
Бағалау.
2-жур:
6.Сұрақ-жауап
Бағалау.
Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше.

Ендігі кезекте «Күзгі балл» кешінің жүлдегерлерін анықтайық. Ортаға сайскерлерімізді шақырамыз.Әділ қазылар алқасына сөз береміз





































© 2010-2022