Қазақ тілінен ашық сабақ Менің Отаным-Қазақстан

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Менің Отаным- Қазақстан

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: Оқушылардың Қазақстан Республикасының жер көлемі, табиғаты мен байлығы туралы білімдерін толықтырып, сан есімнің

түрлерін қарастыру;

2.Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

3. Тәрбиелік: Өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастырып, туған жерін мақтан етуге баулу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ .

Сабақтың әдістері: оқу, мәнерлеп оқу, баяндау, топпен жұмыс,сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Сабақтың көрнекілігі: «Менің Қазақстаным» бейнетаспа, Қазақстан картасы, «Жеті жұт» сызбасы.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, әдебиет.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Қазақстан Республикасының әнұранын орындау.

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. «Қазақстанда» мәтінін мазмұндау.

2. «Туған өлкем» өлеңін жатқа айту.

III. Сабақтың мақсатын қою кезеңі:

Отан дейміз- от жаққан жерімізді,

Отан дейміз- өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен,

Биік тау, орман, тоғай, елімізді,-деп ақындар жырлағандай, біздің сабағымыз Отанымыз - қазақстан Республикасына арналады.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

1. Отан туралы ой толғау.

Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.

Отан деген - сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата - анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса - ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.

2.Отан туралы мақал- мәтелдерді, өлеңдерді оқып, талдау.

3. Жаңа сөздермен жұмыс.

Шетсіз - шексіз-кең-байтақ

Есепсіз байлық-көп байлық (синонимдерді қарастыру)

4. «Менің Отаным- Қазақстан» мәтінін оқып, талдау, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

5.Сан есімдерді қарастыру.

- Сан есім дегеніміз не?

- Құрамына қарай қандай түрге бөлінеді?

- Жасалу жолына қарай қандай түрге бөлінеді?

V.Жаңа сабақты түсінгенді тексеру кезеңі:

1.4-тапсырма. Сан есімдерге септік жалғауларын жалғап жазыңдар.

2.Топпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

3- деңгей.

6-тапсырма.Үлгі бойынша кестені толтырып, сөйлемдерді аяқтаңдар.

2-деңгей.

2-тапсырма. Мақалдардың мағыналарын анықтап, көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, түрлерін анықтаңдар.

1-деңгей.

3- тапсырма. «Жеті жұт» туралы түсінік беру.

1.Құрғақшылық- жаңбыр жаумайды.

2.Мал жұтау- малдың аштан қырылуы.

3.Оба (індет) -жұқпалы ауру.

4. Өрт

5.Соғыс

6. Сел- топан су

7. Зілзала- жер сілкіну

VI.Бекіту кезеңі:

«Тікелей желі» - «Қазақстан-2050»

-Біздің сабағымызды түйіндеу үшін елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тікелей желі» арқылы қойған сұрақтарына жауап береміз. Сұрақтар сан есім арқылы беріледі. Сіздер қай жылы қандай тарихи оқиға болғанын, еліміз қандай жетістіктерге жеткені туралы жауап берулеріңіз керек.

VII.Үйге тапсырма:

«Менің Қазақстаным» шығарма жазу.

VIII. Сабақты қорытындылау:

  • Туған жерлерің туралы не білдіңдер?

  • Отан дегеніміз не?




© 2010-2022