Баяндама Тәуелсіздікке алып келген желтоқсан оқиғасына казахском языке

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәуелсіздікке алып келген желтоқсан оқиғасы

Осы жала желтоқсан оқиғасына 25 жыл толуда. Осы аралықта көптеген деректердің көздері ашылып, бұл оқиға түрліше айтылды. КСРО кезінде көтерілісті қаладағы бұзақылардың әрекеті ретінде көрсетуге тырысты, кейініріек көтерілісті «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» ретінде танылды. Көптеген деректер жасырын қалып, кейінірек олардың көздерін жою мақсатында КОКП ОК-нің бұйрығымен жағылып жіберілді.

1991 жылы КСРО құлағанан кейін, көтеріліске қатысқандардың көпшілігі ақталып, көптеген деректердің көзі ашылды. Оқиғаға «көтеріліс» ретінде танылып, тәуелсіздікке бағытталған, ұлтты біріктіруші оқиға ретінде танылды. Көптеген тарихшылар Алматыдағы желтоқсан оқиғасы КСРО-ның құлауына әсер еткен негізгі оқиға болды деп есептейді. Алайда бұл шын мәнінде тәуелсіздікке бағытталған оқиға ма еді, 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасы КСРО ның құлауына қаншалықты әсер етті және бұл оқиға қанадй мәнде болғаны туралы осы мақалада талқылап көреміз.

Көтеріліс себебі

Ресми деректер бойынша желтоқсан толқулары СОКП ОК-нің бас хатшысы С. Горбачевтың ұлт басшысы - Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтің орына, бұрындары Қазақстанда жұмыс істемеген Ульяновск обком партиясының бірінші хатшысы Генадий Колбинмен алмастыру шешімінен кейін басталған. Жергілікті халықты Қазақстанға басшылық етіп басқа ұлт өкілін тағайындау наразылық тудырдты. Бұны олардың алаңға шыққандағы «Өзін-өзі басқаруды талап етеміз!», «Әр халыққа - өз көшбасшысы!», «37-сі болмайды!», «Ұлыдержавалық алаңғасарлыққа тоқтау салу!» деген жазуы бар плакаттарынан байқауға болады. Оқиға 16 желтоқсан күні бейбіт шеру ретінде Жаңа (Брежнев) алаңында басталған. 17 желтоқсан күні шерушілердің саны 20 мыңға дейін көбейіп, кейінен көтерілісшілер мен тәртіп сақшылары арасындағы қанды қақтығысқа айналды. Ресми деректер бойынша оқиға барысында екі адам қайтыс болған, бейресми деректер бойынша - 174 адам қайтыс болған.

Плакаттардағы ұрандарға қарап, оқиғаның ұлттық және саяси мәнге ие болғанын көреміз. Көтерілістің себебі ретінде басқа ұлттың тағайындалуымен қатар, советтік жүйеге қарсылық әрекеттер де көрініс тапқан. Оқиға болған жылдары ресми түрде көтеріліс ұлтшылдықтың көрінісі ретінде жарияланған. Колбиннің тағайындалуына дейін, Қазақстан тарихындағы 22 бірінші хатышының тек 4 ғана этникалық қазақ болған. Бұл тағайындалуға дейін елде халық тарапынан бұндай наразылық тудыртпаған. Не себепті дәл осы тағайындау ұлттық сана сезімнің оянып, көтерілістің тууына себеп болды?

Сталин қайтыс болғаннан кейін, КСРО-дағы биліктің әлсіреуі байқалды. Елдердегі бірінші хатшы лауазымына, сол елдердегі титулдық этностар тағайындала бастады. Бұл өз кезегінде орталық биліктің әлсіреп, одақтас елдердегі өзін-өзі басқарушылыққа алып келді. Қазақстанда, әсіресе оңтүстік аймақтарда, қазақтардың табиғи өсімі жоғары болған, бұны 1970, 1979, 1989 жылдары өткізілген санақтардан көруге болады. Қазақ жастары жаппай оқуға, қалаларға ағыла бастады. Осы жайттар одақтас елдердегі ұлттық сана сезімнің оянуына әсер етті. Салдарынан 70-80 жылдары КСРО да ұлтаралық шиеленістер көрініс таба бастады (1972 жылғы Каунастағы бұзақылық, 1978 жылғы Грузиядағы жаппай шеру, 1980 жылғы Минскідегі оқиға, Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы).

КСРО билігіне Горбачевтің келуімен «қайта құру» саясаты басталды. Ол елге жариялық, сөз және басылым бостандығы саясатын енгізіп, елді демократияландыруға тырысты. Горбачев КСРО-да жаңа тағайындаулар жасай бастады, бұл тағайындаулар ҚазақКСР-н да айналып өткен жоқ. Қонаевтан кейін билікке Назарбаевтің келуі күтілген болатын, алайда оның орнына Горбачевтің командасында болған, Қазақстанға еш қатысы жоқ - Колбин тағайындалды. Қазақ билігіндегі қалыптасқан жүйені бұзу арқылы, бұл тағайындау қазақ элитасының наразылығын тудыртты. Сол себепті желтоқсан оқиғасын саяси пиғылы бар деп тұжырымдауға болады.

Ұлтаралық шиеленістің негізгі белгісі - шиеленіскен топтар этникалық белгісіне қарай бөлінеді. Желтоқсан оқиғасын елдегі екі негізгі этностардың - қазақтар мен орыстардың қақтығысы ретінде қарастырылады. Алайда, кеңестік кезеңде құпия болған деректердің ашылуымен, желтоқсан оқиғасына қазақтардан басқа, басқа да ұлт өкілдерінің қатысқандары анықталды. Ішкі істер министрлігінің анықтамасында алаңда ұсталғандардың арасында 26 орыс, 18 ұйғыр, 10 татар, 7 қырғыз, 4 өзбек, 4 кәріс және бірнеше (қарақалпақ, грузин, шешен, грек, украин, башқұрт) ұлтының өкілдері болғандығы анықталды. Алайда Орталық Комитеттің қатаң нұсқауымен олардың басым көпшілігі сол күні-ақ қамаудан шұғыл босатылып жіберілді. Осыдан кейін-ақ көтерілісшілер кілең қазақтар болып шыға келді. Сондықтан бұл оқиғада саяси себептер басым болған деп тұжырымдауға болады.

16 желтоқсан күні шерушілер Колбиннің кетіп, оның орнына билікке қазақты немес қазақстандықты тағайындауды талап еткен. Олар Колбиннің орнына нақты кандидаттарды ұсынған, олардың ішінде қазақтармен қатар орыстарда болған. Сол себепті оқиғаны қазақ ұлтшылдығының көрінісі деп қарастыруға негіз жоқ.

16 желтоқсан күні таңғы сағат 8-де, Колбиннің тағайындалуынан кейін шерудің бірден ұйымдасқан түрде басталуы, шерушілердің қолында жазулары бар плакаттардың болуы, шерудің алдын ала ұйымдастырылғанын көрсетеді. Колбиннің тағайындалуы, билік басындағы шектеулі адамдардан басқа ешкім білмеген. Оқиғаға қатысқандардың айтуынша, көтерілісті ешкім ұйымдастырған жоқ, ол кенеттен болған, бұл ұлттың сананың көрінісі. Бұл тұжырыммен келісуге болады, алайда тағайындалудан кеінгі бибіт шерудің керек жабдықтармен ұйымдасқан түрде басталуынан, оқиғаның саяси себептерін байқауға болады. Шеру жайлы сыбыстың қалаға бірден таралуы және оның құқық қорғау органдармен күштеп басылуы, шерудің 200 шақты адамы бар топтан, 20 мыңға жуық адамы бар басқарылмайтын тобырға, артынша қанды көтеріліске айналуына себеп болды.



© 2010-2022