• Преподавателю
  • Другое
  • Конспекты по казахскому языку на темуТақырыбы: Кеңес Одағының батыры Мәди Бегеновтің ерлік жолын зеріттеу

Конспекты по казахскому языку на темуТақырыбы: Кеңес Одағының батыры Мәди Бегеновтің ерлік жолын зеріттеу

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Кеңес Одағының батыры Мәди Бегеновтің ерлік жолын зеріттеу

Конспекты по казахскому языку на темуТақырыбы:Кеңес Одағының батыры Мәди Бегеновтің ерлік жолын зеріттеу

Бегенов Мәди Қайбиұлы (1916, Ресей, Астрахан облысы Дхтуба қ. -1.10.1943, Украина, Запорожье қ.) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, бөлімше командирі. Қазақ. Кеңес әскері қатарына 1938 ж. шақырылған. 1942 ж. желтоқсанда майданға жіберіліп, 619-полктің (З-Украина майданы, 12-армия, 203-атқыштар дивизиясы) құрамында ұрыстарға қатысты. 1943 жылдың 25 қазанында Новый Кичкас (қазіргі Запорожье қ.) маңында Днепр өзенінен өту кезінде ерлік көрсетті. Бегенов жау пулеметінің атыс нүктесі орналасқан жерді амықтап, артиллерия оғымен атқылады. Содан кейін оның бөлімшесі жаудың траншеясына бірінші болып жетіп, қолма-қол шайқаста бірнеше гитлершіні жойды. Бегенов екінші траншеяны басып алу үшін жауынгерлермен шабуылға шықты. Нәтижесінде полк әскері алға жылжуға мүмкіндік алды. Бегеновке жасаған ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (19.3.1944). Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталды.

Конспекты по казахскому языку на темуТақырыбы:Кеңес Одағының батыры Мәди Бегеновтің ерлік жолын зеріттеу

Мәди Бегенов 1916 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы Ақжігіт деген жерде дүниеге келген. Мәди орталау мектепті ғана бітірген. Әкеден 12 жасында айырылып еңбекке араласа бастайды. 1938 жылы күзде әскерге алынып, 1939 жылы Балтық жағалауында әскери борышын өтеп жүріп, Ұлы Отан соғысына қатысады.
Ол Сталинград, Курск маңындағы ұрыстарға қатысып, кейін 203 атқыштар дивизиясына ауысады да, барлаушылар бөлімшесінің командирі болады. 1943 жылы 22 қыркүйекте Днепр жағалауында өткен шайқаста Мәди бір өзі жаудың жеті солдатын, бір унтер-офицерін жер жастандырады. 1944 жылы 19 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша аға сержант Бегеновке Днепрден өтерде көрсеткен асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Бейнеу ауданында батырдың атында мектеп бар.

© 2010-2022