Кешірімділік көңіл кеңдігі ашық сабақ

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп Өтес орта мектебі Мерзiм_19.11.2015 № 11
Тақырып: «Кешірімділік көңіл кеңдігі»

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Кешіру, түсіну, ізеттілік таныту, жанашырлық

Мұғалiм: Ахбайқызы Гүлзат Сынып: 8 «а» Оқушылар саны: 26

Сабақ мақсаты: Кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екендігін түсіндіру. Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінісушілікпен, ізгілікпен қарауға үйрету.

Міндеттері:
- «Кешірім» ,«кешірімділік» туралы түсіндіру;
- Адамдарға кешіріммен қарауға дағдыландыру;
- Кешірімділікке тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
муз орталық,постер, түрлі - түсті бояулар, стикерлер,жүрекшелер, смаиликтер,жұлдыздар т.б

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлеметсіңдер ме оқушылар.Бүгін мен сендерді көргеніме қуаныштымын, аман - сау жайдары көңілмен бәріміз бір - бірімізді тағы да бір таңды атырып жүздескенімізге ризашылығымызды білдіріп, жақынымыздай болып кеткен жолдастарымызға бүгінгі күнге жақсы тілектер айтайықшы.

Тыныштық сәтi.

Оқушылар шынайы тілектерін жолдайды.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

-Жақын адамдардан мен өзіме не күтемін?
- Олардан қандай ниетпен күтемін?
- Не үшін күтемін?

Сабақ барысын талдау:
- бүгінгі алға қойған жоспарларын орындалсын!
- оқыған сабағыннан «5» тік баға алуына тілектеспін...

  1. Дәйексөз.

Ахмет Йүгінекей:
«Кешіре білген адам - ең күшті адам»

Мағынасына тоқталу

  1. Әңгiмелеу
    А.Бейсебай «Кешірімнің күші»
    Сұрақтар:
    - Осы өсиет әңгіме арқылы автор нені атқысы келді?
    - Кешіре білу үшін адам бойында қандай қасиеттер басым болуы керек деп ойлайсыңдар?
    Кешіру - ол басқа адамның жан - дүниесін түсіну деген көзқарасқа қалай жауап бере аласыңдар?

Тақырып одан әрі ашылу мақсатында фильм ұсынылады.
Кешірімділік көңіл кеңдігі ашық сабақ

  • Әкесіне неге ашуланды?
    - Әкесі осыншама жыл өтсе де баласының естеліктерін неге сақтап жүр деп ойлайсыңдар?
    - Ата - ананың жан дүниесі қандай қасиеттерге бай екенін көруге болады?

Өз ойларын ортаға салып пікір алмасу әдісі орындалады.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1Топ:Қазіргі таңда отбасына шын, талассыз, басқалардың ойы мен пікірінен де өз әкесі мен анасының сөзін қандай тәрбие көрген адам немесе шын алаңдайтын бала бейнесі қандай болады?

2 Топ: Кешірімділіктің де шегі болады.Мысалы...Ұандай жағдайларда кешірім беруге кеш болады деп ойлайсыңдар?

3 Топ: Өзін - өзі тану пәні арқылы біз тағы қандай қасиетердің мәнін ашып,өмірде,мектепте,айналамызға қолданып жүрміз?

4 Топ: Адам өмір сүргеннен соң бейімделіп бой үйрету керек түрлі күтпеген сындар мен өмірдің ережелері бар.Мысалы: мектеп ережесі, отбасы ережесі, қоғам ережесі т.б Осының ішінен өзімізге жақын өте маңызды деген ереженің мәнін ашып беріңдер.

Оқушыларға постер беріліп ортақ ойлануға, бірігіп ұйымдасуға мүмкіндік береміз.

Жауаптары тыңдалады

  1. Топпен ән айту.

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы, ағайын!

Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!

Болашаққа қол ұстасып барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!

Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де болса деп.

Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,

Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып,

Қаратайық Қыбылаға жүздерді,

Таратайық адамзатқа жылылық!

Хормен тұрып бірге орындайды.
- қолдарынан ұстап тұрса да болады.


  1. Үй тапсырмасы.

Бүгінгі тақырыпқа сай ақын - жазушылар өлеңдерінен жанымызға жақын бір өлеңін немесе мысал әңгімелерін оқып, жаттап келеміз.Бір - бірімізбен бөлісеміз.

Сұрақтары болса қояды, түсінбегенін бір - бірінен сұрауларына мүмкіндік беру

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабақта белсене қатысқандарыңа рахмет оқушылар.Әрқашан көңіл - күйіміз көтеріңкі, мектеп есігін ашқаннан өзімізді мейірімді ұстаздар мен білім беруге асыққан мамандардың ақ үмітін ақтаймыз деген ойларың үнемі қамшылап, жетістікке жетелесін сендерді - деп, бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен пәнге алғыс ретінде тілектерің болса жазып маған естелікке қалдыра қойыңдар.

Ойлана отырып өз тұжырымдамаларын қалдыру





© 2010-2022