Баяндама Жеті модульдің тиімділігі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Білім берудегі 7 модульдің тиімділігі

Ұлтымыздың тірегіне айналар ұрпаққа деген көзқарас Елбасымыздың білім сапасына ерекше назар аударуымен айқындалып отыр.

Өзекті мәселе - жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш -

керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса бізге сын. Халқымыздың тағдыры, еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.

Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс -тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Соның ішінде орта білім беру жүйесінде,әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген ана ғұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.

Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен , мұғалімнен ,оқулықтан және достарынан алған білімдері мен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі дайын білім беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын олар бойынша терең түсінік қалыптастырып,бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға мүмкіндік тудыра бермейді.

Дайын білім беруге негізделген « дәстүрлі » әдіс арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдері мен тиімді сіңісе алмайды, сол себепті де миханикалық есте сақтау үстірт білм алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған миханикалық түрде есте сақталған мәліметтерді,емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады,бірақ мән мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады. Және оқушы оны өмірде пайдалана алмайды. Ал сындарлы оқытуда оқушының пәнді терең түсіну қабілеті дамып, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді.

Бағдарламаеның мкақсаты :

Мақсаты: Білім беруде 7 модульді қолдану арқылы ой өрісі жаңашыл, шығармашлық деңгейлегі , жұмыс атқара алатын, дүние танымы жоғары, бәсекеге қабілетті, жан -жақты қалыптасқан жеке тұлға қақалыптастыру.

Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалуы керек

  • Білім беру жүйін жаңарту.

  • Оқушы бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашу.

  • Дүние танымдарын кеңейту.

  • Бойындағы қасиетіне қарай ізденуге жол көрсету.

  • Жеке қабілеттерін көре білу, оны дамытуға толық мүмкіндік туғызу.

  • Бойындағы қателесемін деген қорқыныштан арылту.

Сындарлы оқытуда жеті модульдің әдіс тәсілдері кеңінен пайдаланылады.

Атап айтатын болса:

  1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

  2. Сыни тұрғыдан ойлауна үйрету.

  3. Білім беру үшін бағалау және оқыуды бағалау.

  4. Білім берудегі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану.

  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

  7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Ал енді жеті модульге жеке тоқталатын болсам.

  1. Жеті модульдің бірінші модулі:

    • « Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс тәсілдер»

Білім беру мен білім алудағы жаңа әдісістер ретінде диалог арқылы оқыту мен қалай оқу керектігі қарастырылған. Себебі: олар сындарлылық көз қараспен тығыз байланысты. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұқпаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал.

Білім беру мен білім алудағы қарастырылған екінші тәсіл қалай оқу керектігін үйрету. Бұл әдіс оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын ,білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.

  • Екінші модульге тоқталатын болсам: Сыни ойлау

Оқушылардың қай нәрсеге болса да терең оймен қарап салыстыра талдау жасап, көзқарасын білдіру, өзіндік менін қалптастыру, өз ойын тұжырымды жеткізе білу. Жалпы айтатын болсақ ,сыныи ойлау дегеніміз- баланы ойлауға үйрету. Ойлау арқылы бала көп нәрсеге қол жеткізуі мүмкін. Сыни ойлауға оқыту- жеңіл міндет емес. Сыни ойлау бұл Американдық көпдеген аладыңғы қатарлы идеялар негізінде құрылған жоба.

  • Жетінші модульдің үшінші модулі:

Бағалау-оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау бір нәрсенің деңгейін ,сапасын, нәтижесін белгілеу. Оны оқушының оқу таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал. Оқушы үлгерімін қалыптастыруда бағалаудың маңызы зор. Өзіміз бағалаудың тиімді әдісін таңдап алсақ ,оқушылардың жауапкершілігі қалыптасады.

  • Келесі модуль: Білім берудегі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі ,оқушының өз беті мен жұмысы аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу, білім- білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру, қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы, қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі, іс әрекет қимылды қажет ететін тапсырмаларды оқып үйрену, оқушының ой өрісін дүние танымын кеңейтуге ықпалы өте зор.

  • Бесінші модуль : Талантты және дарынды балалардың ойлау ерекшеліктері көп көлемде берілген білімді ұмытпауы, шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, өзіндік пікірі шешімдер шығара алуы, тыныш отыра алмау, іздемпаздық. Дарынды балаларды оқытудың басты мақсаты: Әр бір шәкірттің жеке дара ерекше қабілеттерін ілгері дамыту. Дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп қалыптастыру.

  • Алтыншы модуль:

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәй оқытуды бір сынып ішіндегі әр жылдардағы оқушыларды, әр түрлі жас шамасында өзін -өзі бағалауға жауапкершілікті зерделеуді жүзеге асыратын модуль. Сонымен қатар жас шамасы әр түрлі сыныптарда тиімді оқыту және білім беру стратегияларын іске асыру, жолдары болып қарастырылады.

  • Жетінші модуль:

Білім берудегі басқару және көшбасшылық. Мұғалім мен оқушы көшбасшылығы -мұғалім жеті модульді тиімді пайдаланып, нәтижеге қол жеткізе алса, мұғалімнің көшбасшылығы. Ал оқушыларда топқа бөлінгеннен кейін көшбасшы көрінеді. Топта айрықша белсенділік танытатын оқушы көшбасшы, ол әдетте басқа оқушыға көмектесіп, соған жауап бергізуге тырысады, үйткені ол өзін емес, сыныптастарын тортып алға сүйрейді.

Бұрын оқу үдерісі кезінде бар салмақ мұғалімге түсетінін , ол белгілі шеңберде жұмыс жасайтын , ал жаңаша оқытуда жеті модульді қолдана отырып « кембрдждік» жүйесі бойынша бұл тәсіл бір шама өзгерді.

Мұнда балаларға білім дайын түде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануына мүмкіндік жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе отырып, оқып үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағыталады.

Сондықтан да қазіргі таңдағы әр бір ұстаздың да , оқушының да шығармашылық сипатта болуы керек.

Осы орайда ойымды қорыты келе: Сөзімді ұлы ғұлама ғалым Д.И.Менделеевтің сөзімен қорытқым келіп отыр: « Ғылымды сүйген және жақсы меңгерге білген мұғалім ғана, оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген екен. Алдағы уақытта құрметті ұстаздар осы бағытпен ,осындай қарқынмен жұмысымызды жалғастыра берейік дегім келіп отыр. Бізден кейін оқитын ұстаздарға да сәттілік тілеймін.




© 2010-2022