• Преподавателю
  • Другое
  • Қалалық білім бөлімінің кеңестік-тақырыптық бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің отырыс шеңбері. Баяндама: «ҰБТ-ға дайындаудың тақырыптық тесттердің қолдану әдісі»

Қалалық білім бөлімінің кеңестік-тақырыптық бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің отырыс шеңбері. Баяндама: «ҰБТ-ға дайындаудың тақырыптық тесттердің қолдану әдісі»

Қалалық білім бөлімінің  кеңестік- тақырыптық бөлімінің жұмыс жоспары. 11 сыныпта жұмыс істейтін  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің отырыс шеңбері Тақырып: «11 сыныпта жұмыс істейтін  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары»               Баяндама. «ҰБТ-ға дайындаудың тақырыптық тесттердің қолдану әдісі»                              Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:  Бекболатова Айгүл Адамбекқызы Қостанай қаласындағы М. Горький атындағы гимназиясы ... Тақырып № Мазмұны 1 Фонетика. Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар. 2008,2009,2010 2 Буын түрлері. 2008,2009,2010 3 Морфология. 4 Зат есім. 2008,2009,2010ж 5 Зат есімнің жалғаулары. ,2008,2009,2010ж 6 Сын есім. 2008,2009,2010ж 7 Сан есім. 2008,2009,2010ж 8 Есімдік. 2008,2009,2010ж 9 Етістік. Етістіктің райлары,,2010ж 10 Одағай. 2008,2009,2012ж 11 Шылау. 2008,2009ж 12 Оқшау сөздер. 13 Қыстырма сөз. 2008,2009,2012ж 14 Қаратпа сөз. ,2008,2009ж 15 Синтаксис. 16 Сөйлем мүшелері. 2008,2009ж 17 Сөйлем түрлері. ,2011,2012ж 18 Құрмалас сөйлем. 2011,2012ж 19 Лексика. Сөз мағынасы 2008,2009,2012ж 20 Синонимдер. ,2008,2009ж 21 Антонимдер. ,2008,2009ж 22 Мақал-мәтелдер ҰБТ-2006,2008,2009,2010,2011,2012,2013ж 23 Өлкетану 2008,2009,2012ж   Қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындық кезінде мысалдар мен жаттығуларды көп орындаған дұрыс. Барлық грамматикалық тақырыптар  тірек-сызба арқылы, кестелер арқылы берілген. Осы әдістер арқылы берілген  ережелер  есте сақтау қабілетін қалыптастырады. Әр сала бойынша тақырыптық тест жұмыстары  жүргізіледі. Тақырыптық тес немесе ортақ тест алынып болғаннан кейін қатемен жұмыс,ортақ талдаулар,түзету жұмыстары  жүргізіледі.  Мысалы, мына тұрақты тіркестің антонимін табыңыз: «Ат ізін құрғатпады – Ат ізін са...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қалалық білім бөлімінің кеңестік- тақырыптық бөлімінің жұмыс жоспары.

11 сыныпта жұмыс істейтін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің отырыс шеңбері

Тақырып: «11 сыныпта жұмыс істейтін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің

ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары»







Баяндама.

«ҰБТ-ға дайындаудың тақырыптық тесттердің қолдану әдісі»














Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Бекболатова Айгүл Адамбекқызы

Қостанай қаласындағы

М. Горький атындағы гимназиясы








қ.Қостанай

29.03.2013ж

Бекболатова Айгүл Адамбекқызы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Қостанай қаласы, А.М.Горький атындағы гимназиясы 29.03.13ж (слайд 1)

Тақырып: «ҰБТ-ға дайындаудың тақырыптық тесттердің қолдану әдісі»


Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы шын мәніндегі басты жаңалық пен жақсылықтың нышаны болды. XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау тақырыбы-Жолдаудың басты бөлімдерінің бірі "Қазір бой жарыстаратын емес, ой жарыстыратын заман" деп Елбасымыз айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз Елбасының Жолдауы көзі қарақты, көкірегі ояу, ел болашағын ойлайтын әр ұстазға үлкен жауапкершілік жүктейді.

Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты.

Менің әдестімілік тақырыбым: «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында компьютерлік технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылық белсендігін дамыту». Бүгінгі танда технологиялар өз қолдауларын тауып, оқу үрдісінде қолданылуда. Технология - бұл қандай да бір жұмысты, өнерді шеберлікпен іске асыру жиынтығы. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте қажет,электронды оқыту әдіс-тәсілдерін мектеп өміріне енгізу -жаңа білім берудің бірден-бір шарты.

Оқушылардың білімнің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі - тесттік бақылау жүйесі. Әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру, жоғары технологиялар қатарына жатқызылады. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімінің ажырамас бөлігіне айналған.

Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары
Ұлттық бірыңғай тестілеу - жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Менің ҰБТ-ға дайындаудың қойылатын талаптарым: (слайд2)

  • Оқушылардың білім алу себептерін айқындау

  • Пәндік оқыту үрдісін ұйымдастыру

  • Тиімді технологияларды қолдану

Бүгінде қазақ тілін оқытудағы басты мақсат - мемлекеттік тіл болып табылатын ана тілімізді жан-жақты терең меңгерту. Ал,бұл міндеттің орындалуына ҰБТ cынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқаратындығы айқын.

МАБ-қа мен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдарының бірі даярлық бағдарламасы болу керек . Биылғы 11 сынып оқушылары менімен бірге 1 сыныптан оқып келе жатыр. Сол үшін 6 сыныптан бастап, мен өз қазақ тілі сабағында бағдарламаға сүйене отырып, әр оқушы анықтама дәптерін жасады. Анықтама дәптерінің тақырыптық бағыттары: (слайд3)

  • Фонетика

  • Синтаксис

  • Лексика(антонимдер,синонимдер,

омонимдер)

  • Сөздер мағынасы(тура,ауыспалы)

  • Ұлағатты сөздер

  • Мақал-мәтелдер

  • Тұрақты сөз тіркестері

  • Өлкетану

Анықтама дәптерінің тақырыптық бағыттары жасау себебім, 5 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін жаңа буын оқулықтарының керекті грамматикалық мен лексикалық мәліметтерін теріп жазу.Осы күнге дейін менің оқушыларым анықтама дәптерімен қолданады.

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда төмендегідей жұмыстар атқарудамын. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жасау үшін оқушының сабақ үрдісінде жаңа білімді меңгеруіне басты көңіл бөлемін, тест жұмысын орындағаннан кейін коррекциялық жұмыстар жүргіземін, тақырыптық тест құрастырамын, әр тараудан кейін сынақ қабылдаймын.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық ретінде арналған тақырыптық тестердің түрлерін құрастырдым.(сдайд )

Тақырып

Мазмұны

1

Фонетика. Дауысты дыбыстар.

Дауыссыз дыбыстар. 2008,2009,2010

2

Буын түрлері. 2008,2009,2010

3

Морфология.

4

Зат есім. 2008,2009,2010ж

5

Зат есімнің жалғаулары. ,2008,2009,2010ж

6

Сын есім. 2008,2009,2010ж

7

Сан есім. 2008,2009,2010ж

8

Есімдік. 2008,2009,2010ж

9

Етістік. Етістіктің райлары,,2010ж

10

Одағай. 2008,2009,2012ж

11

Шылау. 2008,2009ж

12

Оқшау сөздер.

13

Қыстырма сөз. 2008,2009,2012ж

14

Қаратпа сөз. ,2008,2009ж

15

Синтаксис.

16

Сөйлем мүшелері. 2008,2009ж

17

Сөйлем түрлері. ,2011,2012ж

18

Құрмалас сөйлем. 2011,2012ж

19

Лексика. Сөз мағынасы 2008,2009,2012ж

20

Синонимдер. ,2008,2009ж

21

Антонимдер. ,2008,2009ж

22

Мақал-мәтелдер

ҰБТ -2006,2008,2009,2010,2011,2012,2013ж

23

Өлкетану 2008,2009,2012ж

Қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындық кезінде мысалдар мен жаттығуларды көп орындаған дұрыс. Барлық грамматикалық тақырыптар тірек-сызба арқылы, кестелер арқылы берілген. Осы әдістер арқылы берілген ережелер есте сақтау қабілетін қалыптастырады. Әр сала бойынша тақырыптық тест жұмыстары жүргізіледі. Тақырыптық тес немесе ортақ тест алынып болғаннан кейін қатемен жұмыс,ортақ талдаулар,түзету жұмыстары жүргізіледі.

Мысалы, мына тұрақты тіркестің антонимін табыңыз: «Ат ізін құрғатпады - Ат ізін салмады.» Бұл сұрақта оқушы екі тақырыпты білу керек. Біріншіден, тұрақты тіркесті, екіншіден антонимді білу шарт.

Тақырыпты қайталау барысында оқушыларды топпен отырғызып дайындауда тиімді. Дегенмен жекелеген оқушылармен арнайы тақырыптық тест жұмыс жасасаңыз нәтижеге жылдам жетесіз. Айталық, Құрмалас сөйлемді қайталағанда, 1-топ Салаластың түрін қайталайды . 2-топ Сабақтастың түрін қайталайды.3-топ Араластың түрін қайталайды.

Тақтаға шығып сызба немесе модель сызу арқылы түсіндіреді. Оқушыны жеке дайындаған сәтте тақырыпты түcіндіріп, оқушыға мысал келтіре отырып түсіндіріп, жаттығулар орындатып бекітіп, өзіне қайталата отырып қорыту керек. Ережелерді мысалдармен қатар жатқа білетін оқушы тапсырманың кез-келгенін дұрыс орындайды. Тест тапсырмасын жиі алып отыру оқушының білімін шыңдай түседі.

Тест, тестілеу бүгінде өмірімізге дендеп кірді. Олсыз бір де бір сабақ өтпейді. Міне бүгін ұстаздарға көмек ретінді өзімнің құрастырған тақырыптық тест үлгілерін ұсынып отырмын. Тақырыптық тестерді 5 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін беріп жатырмын, оларды қағаз парақтарында немесе электрондық түрінде шешіп отырады. Өте ыңғайлы, графикті өзі сызып береді, үлгерімін, сапасын, орташа балды автоматты түрде есептейді, сіздерге тек бағаларды қою ғана қалады.11 сынып бағдарламасы бойынша әр тарауды қамтылған 25 сұрақтан тест құрастырылды.

Күнделікті сабақ барысында қойылған баға сол сабақтың ғана нәтижесі
болып қоймай, ҰБТ-ның балл жүйесіндегі бағаға сәйкес келуі үшін не істеу керек? Оқушы төмен балл алмаудың немесе өте жақсы деген баға алудың жолын қарастырайық.

Қазақ тілі тест тапсырмасының бірінші пәні ретінде тұрғандықтан оқушы білетін сұрақтарды белгілеп шығады да, қалған уақытын күрделі сұрақтарды шешуге қалдырады. Оқушының бірден сұраққа жауап беруі оның дайындығының жақсы екендігін көрсетеді.

Қазақ тілінен сұрақтарының ішінде күрделі сұрақтарды шешу жолдарын қарастырайық.
1.Фонетикадан бастайық. Тіл дыбыстарының жіктелуін буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жаттау керек. Дауыссыз дыбыстардың топтастырылуын есте сақтаудың балаға ең жеңіл тәсілін ұсынамын. Мысалы, үнді дауыссыздарды «менің айуларым» тіркесінің оқылуы арқылы есте сақтатамын. Дауысты дыбыстарды алып тастап оқығанда мнңйулрм-үнді дауыссыздары дыбыстары қалады. Сондай-ақ ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдардың түрлеріне ережемен қатар мысалды да жаттаған дұрыс.

Ережені жатқа білген оқушы мысалды да есінде сақтай алады.
2. Лексикада ережелерін қайталап, әр тақырыптан 25-30 сөзден аспайтын жаттығу жұмыстарын 3 немесе 4 рет орындаған жағдайда оқушы есіне жиі сақтап алады.

Егер оқушыға тақырып қиындық туғызса, жаттығуды орындаған кезде көмектескен дұрыс. Бірақ үй тапсырмасына мысалдар жазып келумен қатар ережелерді жаттауға тапсырма берген дұрыс.
3.Морфологияны талдау барысында әр сөз табының кестесін ерекшелігін еске сақтап, жаттығулар жасатқызу жақсы нәтиже береді.
4.Синтаксис тарауын қайталауда сөйлемнің ережесі мен мысалдарды жазғызып отыру керек . Жай сөйлемнің түрлерін қайталағанда сөйлем мүшелерін қалыпты астын сызғызып, жақша ішіне сөйлем ретінде жазғызған дұрыс. Құрмалас сөйлемді де солай талдатып, тек сабақтастың түрінде тиянақсыз баяндауышына морфологиялық талдау жасатып, сұрақ қою арқылы айыра біледі.

Қорытынды:

  • Егер оқушы грамматиклық тақырыптарды орта деңгейде білсе, 15 сұрақ дұрыс жауап бере алады

  • Оқушыларды сұрақты түсіне оқуға жаттықтыру керек

  • Елтану материалына көбірек көңіл бөлу керек

  • Тақырыптық тес немесе тест тапсырмаларын шеше отырып,оқушылар өз білімін әрі теориялық жағынан, әрі практикалық жағынан толықтырады

  • Оқушыларды жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, уақытты бағалай білуге баулу керек

  • Оқушыларда анықтама дәптер немесе грамматикалық анықтағыш жеке болса,ыңғайлы болар еді

  • Өз бетінше оқушылардың тест құрауы

  • Әр оқушы өз күшіне сенуі керек

Баяндамамды аяқтай келе, жеңіс атаулының бәрі өзіңді жеңуден бастала-ды дегендей, кездескен қиындықтарды жеңіп, кәсіби деңгейімізді дамытып, саналы, білімді ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздық рух, дана да, батыр да бас иетін ұлылық тілеймін.


© 2010-2022