Жинақ ақша 7 класс

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жинақ ақшаларды қорғау және ынталандыру жөнiндегі iс-шаралар туралы

Мақсаты: жинақ ақша туралы түсінік беру.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

  3. Үй тапсырмасын бекіту.

  4. Жаңа сабақ:

Депозит(латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) - бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқатұлғаға - банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен қатар депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары

Әртүрлi сараптау бағалаулары бойынша Қазақстанның тұрақты табысы бар немесе кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын (оның iшiнде заңды тұлға құрмастан) азаматтарының едәуiр бөлiгiнiң "жастық астында" сақталып жатқан, ұйымдастырылмаған, жасырын жинақ ақшалары бiр миллиардтан үш миллиардқа дейiнгi АҚШ долларын құрайды. Осындай бағалаулардың әдiстемелерi бiрiнiң негiзi ретiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қолма-қол шетелдiк валютаны әкелу-әкету сальдосы (нетто-әкелiм 1997-1999 жылдары жыл сайын орташа есеппен 2,5 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрады) туралы, қолма-қол шетелдiк валютаны нетто-сатулар (олар осы кезең iшiнде жыл сайын орта есеппен тек қана 2,4 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрады) туралы статистикасы және қолма-қол шетелдiк валютаның қандай бөлiгi жинақ ақшаларды жүзеге асыруға арналғандығы, ал қандай бөлiгi "көпшiлiк қолды тауарлар" бизнесiне және есеп айырысулар ол бойынша шетелдiк валютамен "дәстүрлi" жүзеге асырылатын автомобиль, тұрғын үй және басқа тауарлар рыногындағы "сұрқай" айналымға қызмет көрсететiнi туралы шартты жорамал пайдаланылады. Осы сомалар елдiң iскерлiк айналымында пайдаланылмайды және америка экономикасындағы инфляция қарқынына сәйкес құнсызданады. Салыстыру үшiн - халықтың қазақстандық екiншi деңгейдегi банктердегi салымдары 2000 жылғы 1 наурызға 59,9 миллиард теңгенi (осы күнге биржалық бағам бойынша 426,7 миллионға жуық АҚШ долларына балама) құрайды. Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегi жиынтық зейнетақы активтерi осы күнге 70,5 миллиард теңгенi (502,2 миллион АҚШ долларына жуық балама) құрайды. Халықтың сақтандыру ұйымдары және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары арқылы жүзеге асырылатын жинақ ақшаларының нақты түрде мүлдем болмауын ескерсек, халықтың жасырын жинақ ақшаларының көлемi банктiк және жинақтаушы зейнетақы жүйелерiндегi сомадан ең аз дегенде бiр жарым есе асып түседi. Бұл ретте барлық зейнетақы жинақтарының, iс жүзiнде, ерiкті емес, мiндеттеу сипатында жүретiнiн атап өту қажет.

Сонымен бiр мезгiлде Қазақстан азаматтары әлдеқашан белгiлi болған фактiлерге және мемлекеттiк және өзге де органдардың ескертулерiне қарамастан, кезең-кезеңiмен түрлi қаржы пирамидаларының және басқа да алаяқтық нысандарының құрбандары болуда, мұның өзi, бiр мезгiлде мынадай бiрнеше тұжырымды растайды:

1) халықтың белгiлi бiр мөлшерде жинақ ақшалары бар;

2) халық өздерiнiң жинақ ақшалары бойынша кiрiс алуға ұмтылуда;

3) халық жария қаржылық жүйеге сенiм бiлдiрмейдi (оның iшiнде, қаржы рыногындағы кез-келген қызметтi жария және мемлекет қадағалауындағы қызмет ретiнде қабылдап, нақ сол қаржы пирамидаларының күйреуi себептi);

4) халық елдiң қаржы жүйесi туралы - ол қандай, ол қалай жұмыс iстейдi және қаржы рыногында қандай тәуекелдер бар екендiгi туралы қажеттi бiлiм деңгейiне ие емес;

5) халық ұжымдық iс әрекетке ынталы.

Ұйымдастырылған жинақ нысандарынан бас тарту елдiң iскерлiк айналымға тартылмаған жинақ ақшаларының құнсыздануынан жоғарыда аталған шығындарға тап болған азаматтарда ғана емес және сонымен қатар, банкроттыққа ұшыраған қаржы пирамидаларының салымдарында да керi көрiнiс табады. Қазақстан экономикасына оны қолдау және қаржы ресурстарын сыртқы қарыздармен және инвестициялармен (оның iшiнде үлкен көлемi қаржылық дағдарыстар туындауының негiзгi факторларының бiрi болып табылатын алыпсатарлық сипаттағы тұрақсыз портфельдiк инвестициялармен) дамыту үшiн қажеттi жетiспеушiлiктердi өтеуге мәжбүр болудан елеулi зала келтiрiлуде. Ұлттық экономика бастан кешiп отырған проблемалар, өз кезегiнде ел азаматтарының әл-ауқатын және қазақстандық шаруашылық субъектiлерiнiң қаржылық жай-күйiн нашарлатуға әкеп соғады.

  1. Арнаулы сұрақтар қоя отырып, сабақты бекіту.

  2. Сабақ барысында оқушылар артық ақшаны тиімді орналастыру жолдарын біледі.

  3. Бағалау.

  4. Үйге тапсырма . « егер сенде артық ақша болса,қалай жұмсайтын едің» өз ойын жазып келу.

© 2010-2022