Ашық оқу іс-әрекеті Тақырыбы: Тәуелсіз елім-Қазақстаным!

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім-Қазақстаным»

Мақсаты: Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.Сөздік қорларын молайтып, ой-өрістерін дамытып, рөлге ене білуге машықтандыру.
Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі,құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Музыка ойналып балалар қолдарына жалауша ұстап залға келіп кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар және балалар! Бүгінгі «Тәуелсіз елім-Қазақстаным» -деп аталатын кешімізді ҚР гимні орындалсын

Жүргізуші:

Қазақстан -егеменді ел,тәуелсіз ел,
Болашаққа нық басып буынған бел.
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.

Балалар, біз бүгін тәуелсіздік мерекесін тойлап отырмыз. Тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген болатын. Сол көтерілістің құрбандары болған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, Е.Сыпатаев, Сабира сынды аға -әпкелерімізді бір минут үнсіздікпен еске түсірсек. (Үнсіздіктен соң орындарына жайғасады)

Балалар Тәуелсіздік туралы тақпақтарымызды ортаға шығып айтайық.

Амир: Қайраттай қайсар ұлдардың.

Жанымен келген еркіндік.

Жазира мен Ляззаттың

Арымен келген еркіндік,

Қасірет пен қайғының.

Бәрімен келген еркіндік.

Димаш: Туымызға жас туған,

Біз қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында

Көгереміз көктейміз.

Әлібек: Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да,

Биікке іліп қояды.

Жания: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсізік алған күн,

Ерекше боп мәңгілік.

Ел жадында қалған күн.

Айкөркем: Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат,әдемі!

Сонда жатыр елімнің

Елдігі мен ерлігі.

А.Дария: Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке,

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте.

Көркем: Өткен ғалам ғайып боп, тозағы ұшқан,

Өсіп келед көркейіп ғажапстан.

Әлем танып қадамың алға басқан

Жырға айналды бүгінде Қазақстан!

Жарайсыңдар, балалар! Енді сіздердің назарларыңызға « Тәуелсіздік таңы» деген көріністі ұсынамыз.

.... Үй ішінде әже жүн түтіп отырады. Анда-санда өзімен -өзі күңкүлдеп сөйлеп отырады. Е..... Бергеніңе шүкір!

(сол кезде даладан немересі жүгіріп келеді)

Немересі: Әже,әже далада адамдар от шашу атып жатыр. Мерекені тойлап жатыр. Жүріңіз көрейік.

Әжесі: Жарығым -оу, ел Тәулсіздік мейрамын тойлап жатқан ғой.

Немересі: Әже «Тәуелсіздік» деген не?

Әжесі: «Тәуелсіздік» деген еркіндігің, бақытың,бостандығың. Балам біздің кезімізде мұндай болған жоқ. Байдың отымен кіріп,күлімен шықтық қой. Ендігі заман сендердікі. Аздап мызғып алайын, басым ауырып кетті.

(Қисайып жатады)

Немересі: ұйқылы ояу «Әже, әже ұста,ұста»- деп шошып оянды.

Әжесі: Неден шошындың балам?

Немересі: Жап-жарық күнді көрдім,әже.

Әжесі: Ол «Тәуелсіздіктің» мәңгі жарық күні,балам. Сенің бақытың .

Немересінің маңдайынан сүйеді.

Немересі: Ендеше мен достарымнан сүйінші сұрап келейін!

Сүйінші! (жүгіріп шығып кетеді)

Би: «Ой, менің тұлпарым»

(Нұрғиса,Димаш,Әлібек,Ардақ,Амир)

Жарайсыңдар, балалар! Рахмет.

Ал енді балалар тақпақтарға кезек берейік

Фариза: Аласармас аспанымда

Күнмен гүлдеп ел өседі.

Қазақстан аспанында,

Бостандықтың желі еседі,

Зере: Әділеттің ұраны,

Ақиқаттың шырағы.

Тыныштықтың туы боп,

Зор салтанат құрады.

Әдемі: Тәуелсіздік

Бақ туын

Қолға ұстаған сәт бүгін.

Болсын дәйім шат күнім

Нұрғиса: Тәуелсіздік - ел болу

Ынтымақпен өрге озу,

Еркін және өрге озу.

Еркін және өзге елмен

Терезесі тең болу.

Әділжан: Әнді алысқа жеткіземіз.

Көкке елдің туы ілінді,

Жылда той қып өткіземіз,

Тәуелсіздік ұлы күнді.

Хор «Балдырған» тобының балалары «Сен дегенде Қазақстан »

Ендігі кезекті «Балдырған» тобының балаларының «Тәуелсіздікке» арнаған тақпақтарымен жалғастырамыз

Ардақ: Сарыарқаның даласында,

Күн шуағын төккен күн,

Елім менің,жерім менің,

Баққа қолы жеткен күн

Нұрай: Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан.

Раяна: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Тайсия: Отан елдің анасы

Отан жердің анасы.

Бақытты ғой дәл мендей,

Тәуелсіз ел баласы.

«Балдырған» тобының әнші қызы Ғалымжанқызы Жанияның орындауында «Нұр аға» әнін қабыл алаңыздар.

Аружан: Тәуелсіздік ұлы күнім,

Тұрсын жайнап төбемде.

Сен, жасай бер мәңгі бақи.

Қуанышқа бөлен де,

Дария: Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату -тәтті бірлік болып қашан да,

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.



Жұргізуші: Камзол киіп қынай бел,

Толған ою-өрнекке.

Билесін деп сұрайды ел,

Өнерімді көрмекке.-дегендей, «Балдырған» тбының биші қыздарының биін тамашалаңыздар. «Домбыра» биі.

Хор «Тәуелсіз ел ұланы» «Балдырған» тобының балалары.

Жүргізуші: О, Тәңірім,бақыт құсы қонып бір.

Деп тіледік бізді баққа жолықтыр,

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

Тәуелсіздік тұғыры таймасын, мәңгі болсын, балаларымыздың болашағы жарқын болсын- деген тілекпен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Сау болыңыздар!




© 2010-2022