Жігіт султаны сайысы

Халқына қалқан болған қаһармандар-деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет ғұрпында отбасына ұл баланың келуі « Ұл туғанға күн туған» -деп ерекше оны бақыт санаған.Оның себебі қазақта отбасының жалғасы,шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген.Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке,имандылыққа баулыған.«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»-демекші ер жігітке айтылар сын көп,қойылар талап та жоғары болған. Бүгінгі ХХІ ғ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Жігіттер сұлтаны.

Мақсаты:Жігіттерімізді батырлыққа,шешендікке,тапқырлыққа,имандылыққа тәрбиелеу.

Армысыздар ағайын,құрбы-құрдас!

Бармысыздар,жан күйер әз-қауымдас!

Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғалық.

Біздерде ойын сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Қошеметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.

Бағына бақытты елдің туған ұлан.

Қазақтың қасиетті жігіттері,

Жанына нұр дарыған,жыр дарыған.

Дария ой,даналардан бата алғандар,

Айнымас алмас қылыш атанғандар.

Қазақтың қасиетті жігіттері,

Халқына қалқан болған қаһармандар-деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет ғұрпында отбасына ұл баланың келуі « Ұл туғанға күн туған» -деп ерекше оны бақыт санаған.Оның себебі қазақта отбасының жалғасы,шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген.Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке,имандылыққа баулыған.

«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»-демекші ер жігітке айтылар сын көп,қойылар талап та жоғары болған.

Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.Олай болса жігіттеріміздің барлығын,ептілігін,білімдерін,ақылдығын тамашалайық.Байқауымызды ашық деп жариялап,жігіттерімізді ортаға шақырамыз.

Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,

Тобында өнерімен болған сыйлы.

Шақырайық ортамызға____________________------------------------------

Спортпенен білім жағын бір қосқан

Кем қалмаған талантпенен табысқан

Қараңыздар ___________________-------------------------------------------

Тауды бұзар шы кіріссе намыстан-

Біледі ол жақсы менен жаманды

Өнерменен тамсандырған адамды

Қошеметтеп шақырайық ортаға

________________---------------------------------------------------

Еңбексүйгіш,таудай талап бойында,

Барлық істі тыңдау бар ойында.

_____________--- _______________

Шақырайық қошеметтеп ортаға

Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтсем:

«Сегіз қырлы бір сырлы»-өз өнерін көрсету

«Күш атасын танымас»-білек жығыстыру

«Оджимания жасау»(1 минут ішінде)-спорттық сайыс

«Ескірмейтін есті сөз»-танымдық сұрақтар

Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік

__________________________________________

__________________________________________

__________________________________________

Енді сайыскерлеріміз жеребе алсын.

Сәттілік тілейміз.

І. «Еңбек ердің-санаты,білім елдің қанаты» демекші адам ақыл- парасатымен сұлу,ақылды жігіт ата-анасының жнаып тұрған шырағы емес пе?

Қазақта жігіттерді былай атаған!

«Көсем жігіт»-ел басқаратын жігіт,

«Шешен жігіт»-дау шешетін жігіт,

«Батыр жігіт»-еліне қамқор жігіт,

«Сері жігіт»-аттың жүйрігін мініп,иттің алғырын ертіп,мың құбылтып ән салып,күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт.Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашаласақ.

Келесі шартымыз «Сегіз қырлы,бір сырлы» деп аталады.Бұл шартта жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді.Ортаға 1-ші талапкерімізді шақырамыз.2-ші,3-ші,4-ші

ІІІ. Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай.

Күш өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай-дегендей сайысымыздың келесі шарты «Күш атасын танымас» деп аталады. Бұл кезеңде жігіттеріміз білек сынасады.Ортаға жігіттеріміз шақырылсын.

Ендігі сайыс оджимание жасау. Жігіттеріміз 1 минут ішінде неше рет жасаса сонша ұпайға ие болады. Ортаға 1-ші нөмерлі жігітімізді шақырамыз.

2-ші,3-ші,4-ші,5-ші,...............................

VI.Ей,жігіттер!

Сендерге биік ата-салтын құрметтеп,

Ақтай білсең ата-баба үмітін,

Әрбір сөзі-тәлімі мол бір мектеп.

Жігіттеріміздің өнерлерін,меңгергендіктерін тамашаладық. Енді ақыл-ой тереңдігін ,ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сиякты. Олай болса келесі шартымыз «Ескірмейтін есті сөз» деп аталады.Бұл шартта жігіттеріміз сұраққа жауап береді.

Әділқазылар алқасы «Шебердің қолы ортақ»шартының бағасын берсеңіздер.

«Ескірмейтін есті сөз» шартының бағасын берсеңіздер.

Ән

Ортаға жігіттерімізді шақырамыз.Сайысымызды қорытындылау үшін әділқазыларға сөз береміз.

Бойларында от бар екенін байқадым

Көздеріңде шоқ бар екенін байқадым

Әрқашанда осы шақты өшірмей

Жалындадып шарықтаңдар әрдайым.

Осымен бүгінгі «Лагерь ханзадасы» атты байқау өз мәресіне жетті. Енді лагерь ханзадасын анықтау үшін және марапаттау үшін ортға әділ қазы алқаларын шақырамыз.

Сау саламатта болыңыздар!













«Жігіттер сұлтаны»

(Байқау)







Жаркент 2014

Біздің топ: ЖАЛЫН

Біздің ұран: Спортпен достас,

Жалқаулықпен қоштас.

Біздің ән: Атамекен

Жасыл жайлау-түкті кілем,көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын,көп күлем.

Маңдайымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:

Қайда жүрсем атамекен,

Көкейімде жатады екен.

Күннің көзі ұясына,

Қимай оны батады екен.



Жалын тобының тізімі

Аты-жөні



























Топ тәрбиешісі: Шаяхметова Ж.А.



© 2010-2022