Жайықтың жайсаң ақындары. Сыныптан тыс шара

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жыр өңірі - Жайығым»

Орал арғыны айтпағанда Исатай мен Махамбетті, Құрманғазы мен Динаны, Мәншүкті, Тайыр мен Жұбанды, Қадырды, Роза Жаманова мен Хадиша Бөкееваны, атақты суретші Сәкен Ғұмарды сыйлаған құнарлы өлке.

Лирикалық эпостың кейіпкері - Жібек қыздың, ҚР-ның тұңғыш солисі Тәмті Ибрагимованың, қазақтан шыққан тұңғыш шахмат чемпионы Шәмшиддин Мырзағалиевтің Отаны. Алғашқы іргетасын осыдан төрт ғасырға жуық уақыт бұрын қаланған Орал қаласы бүгін де Қазақстанның батыс қақпасы болып есептеледі. Ол Еуропа мен Азия сынды екі алып құрлықтың шекарасын бөліп жатқан Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Солтүстігінде - Орынбор, Куйбышева, Саратов, ал батысында Астрахань секілді Ресей елінің бес бірдей облысымен шектесіп жатыр.

Бұл күнде азаматтығы мен поэзиясын бүкіл жұртшылық мойындаған Жайық өңірінің ақындарының шығармашылығына арналған «Жыр өлкесі - Жайығым» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

Алдымен поэзияға кезек бермес бұрын ақындарымыздың өмір жолын таныстырып өтейік. Бүгін біздер:

  • Жанғали Набиуллин

  • Ақұштап Бақтыгереева

  • Айтқали Нәріков

  • Ғайсағали Сейтақов

  • Закария Сисенғалиев сияқты есімдері жанкүйер қауымға мәшһүр ақындармен

жақынырақ таныс боламыз.

Жанғали Набиуллин

«Өмірім - өнерім,

Өлеңім - өмірім»

Өмірдерек. Жанғали - елін, жерін, халқын кең байтақ қазақтың даласын, туған табиғатын, Отанын құлай сүйген адам. Сондықтан да Жанғалидың өлеңдері бүгінгі дәуірмен үндесіп жатады.

Жанғалидың қай өлеңін алсақ та тек өзіне тән бітім-болмысын, сән-бояуын көреміз.

«Қас қағым» өлеңі. (Бигалиев Р)

Өмірдің жалғандығын, жасампаздығын, өмірдің алдында адамдардың құнының қаншалықты қымбат-арзандығын бұдан артық дәл тауып айту мүмкін емес. Сөз өнері сапарында Жанғали ақынның көқрмегені жоқ. Тұрмысы да тұсауланып, жұмыстан да қуылды, бірақ ешкімге жалынбады, жағынбады. Ол өлең үшін қымбат уақытын жойды. Байлық-дәулет жимады, атақ-мансап қумады. Керісінше, жалындап өрши түсті.

«Табынғаным» (Мақсотов Н)

Жанғали Набиуллин - қырық жыл қалада тұрса да, қала тірлігін қабылдай қоймаған ақын. Жалпы, қала тірлігі қазаққа тағы тірлік. Бірақ төзуге тура келді. «Қала мен дала» өлеңінде шаһарды, шаһар тірлігін зәулім үйлер арқылы суреттейді.

«Дала мен қала» (Рақымов К)

Ақұштап Бақтыгереева

«Отанға, туған Далама

Жыр арнау қарыз-борышым»

Ақұштап Бақтыгереева бүкіл шығармашылығын шолып шыққан адам оның жырланыныңең басты екі тірегін байқар еді: ол - ақынның туған ел мен жерге деген ыстық махаббаты және қоғамдағы, өмірдегі қайшылықтар мен әділетсіздіктерге, адам қолымен жасалған қиянаттарға қарсы күрескерлігі. Оның Отан, туған жер, бауырлары мен балалары жайындағы жүрек тебірентерлік жырларына тоқталмақ, «Жарасады қатал қыс адамы өжет аймаққа», «Анадан ерке туғанмен, өмірге қиын еркелеу», «Маңқиған дала мінезін қадірін аз-ау аңғарған», «Боз үйдің ық жағында кемпір отыр, Сәбидің күлде қалған қуаршағындай», «Бар адамға қарағым баға берме, бір ақымақ қалдырған көңілменен», «ЭВМ-ге махаббат бағынбайды», «Жаным деген жігітті жат көрмеңдер, өзі сүю қыздардың соры ғана»

Міне, мұның бәрін тек нәзік жүректі, нәзік көңілді әйел адамдар айта алады. Ақындар үшін жырлайтын тақырып сан алуан. Солардың ішінде табыиғат пен туған жеріне деген ыстық сезім ерекше орын алады.

«Ақ Жайығым» (Қамидуллина А)

Анаға арналған бір топ өлеңдерін тебіренбей оқи алмайсың. Анаға деген сағыныш-мұңды қорғап, бүгінгі өмірдің көлеңкелі жақтарын кешегі мәпелеп баққан анасының қадірін бүгінгі жастар біле бермейді деп қынжылады.

«Енші алу» (Қалиоллина А)

«Ақымақты жеңемін деп таласу ақылдылық емес шығар. Атақ-даңқ аламын деп жүгіру - маған алақан жайған сұраушыны кездестіреді» Сондықтан да ақын апамыз «Отанға, туған далама жыр арнау қарыз борышым», - деп тек Отаны, елі, халқының алдында бас иіп қызмет етеді.

«Сөз - жібек жіп, өлең - кесте» деген әдемі тіркес бар, «Өлең - сөздің патшасы, сөз - сарасы» дейді дана Абай. Олай болса, Ақұштап апамыз да өлеңге өзіндік бағасын береді. Өлеңді ұғыну үшін талант керек, жүрек, сезім керек, ой керек.

«Өлең деген - құдірет» (Сағынғалиева А)

Ақұштап өзінің бір сөзінде Жұбан Молджағалиевапен дастархандас болып жырын тыңдадым. Қадыр ағамен көп жыл көршілес болдым. Бірі «ұлтыңды айтпа» деген қыспақ заманда «Мен - қазақпын» деп жар салды, бірі орыс тілінсіз күнің жоқ жеген кезеңде «өз тіліңді құрметте» деп батыл ойларын жазды. Осындай ағаларым өміріме де, өнеріме де үлгі болды.

Кезекті әнге береміз. Жұбан Молдағалиев «Қазағым»

Айтқалы Нәріков. «Ұрпағыма байлық тастан Арамызды жазғандарым жалғайды!»

Әдетте, бес-алты өлеңдері жарияланса, өзін классик санайтын, өлеңдерімді кітап етіп шығарып беріңдер дейтіндер аз емес. Айтқали Нәріков бұлардың қатарында емес. Газет беттерінде жас ақынның топтама өлеңдері жарыққа шығып, ақын-жазушылардың семинар-кеңестеріне қатысып жүрді. Өлеңдері де талқыға түсіп, көңілден шығып жүрді. Бірақ өзін ақын ретінде сезінбеген. Алаңсыз Оралда жүрген Айтқали Нәріковке Қадыр ағамыз арнайы хат жазған. Өлеңдерін баспаға жіберуді тапсырған. Кейін өлеңдері жинаққа енгізіліп, одан әрі кітап иболып басылып шыққан. Ақын өлеңдеріне тақырып іздеп аласұрмайды, «ғарышқа самғап, мұхитқа сүңгімейді», күпінбейді, асқақтамайды, көңілін тербеткен жайларды қоңыр әуенмен жалғап отырады.

«Ұнатамын» (Бисенбаев Ө)

Ақын болу оңай емес. Ақынды ақын ғана түсінеді. Ақындар бірде көл, бірде шөл. Өлең күнде құйылып келе бермейді. Кейде көрікті ойлар, жыр шумақтары қағаз бетіне түсіп жатса, кейде сызып тастайсың, жыртасың. Бірақ ақын қайтсе де көптің көңілінен, оқырман көңілінен шықсам дейді.

«Қаламгермін» (Абдирова Н)

Ән: «Әжеме»

Қызықпадым бақытына басқаның,

Өмірде бұл жасымадым, таспадым.

Бір құдайдың көзі түзу болсын деп

Келем әлі ойламастан бас қамын.

Ғайсағали Сейтақ:

«Мен туған үй қалқайып тұратұғын,

Қалың құмның ішінде.

Дөң басында», - дейді ол. Ақын болып жаратылған қасиетті нарын құмын жырлаудан тынбай келетін ақын.

Адамзат тағдыры, Жер-Ана, қоғамның керағар тірлігі, ананың ақ сүті, туған жер, сол қасиетті жерді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған бабалар рухы Ақынды перзенттік махаббатын, борышын былай өрнектейді.

«Қазағым, сен үшін...» (Нұрланова Р)

«Ауылды тұман басып тұр»

Халыққа бірге тілдескен, қатты қынжылыс, наз, өкпе. Осыдан бірнеше жыл бұрын жазылған өлең. Ауылдың ауыр тірлігі, жұмысссыздық жайлаған, мәдени ортаның жыбылып, балабақшаның жабылып, тұрмыстың қиын уақыты. Қазір газ келді, су келді. Тұрмыс жақсарды. Әйтсе де, ауылдан қалаға көшіп жатқан, қала маңына қоныс аударып жатқан адамдар қаншама?! Десек те, туған ауылыңа жететеін ештеңе жоқ.

Закария Сисенғалиев

Жаңақала топырағында туып, әлі күнге дейін өзінің туған жеріне еңбек етіп түрген ақындардың бірі - Закария Сисенғалиев.

З.Сисенғалиев 1970 жылыМұқыр ауылында6-сыныпта оқып жүргенде Жамбыл Жабаевтың 125 жылдығына арналағн кеште Жамбылға арнап өлең жазыпты:

Поэзия Алыбы Жамбыл ата

Барлық жыр, барлық өлең саған мұра.

Тұңғыш рет жазайын осы өлеңді

Арнайы 125 жылдығыңа - деген жыр шумақтарын жазған.

8-сыныпта «Көктем» өлеңін жазған. «Соңғы қоңырау», «Домбыра» өлеңдерін жазған. Ақын қашанда өз туған жерін жоғары қояды:

Кіндік қаным тамып, жөргегімнің,

Суы сіңген топырақтан қасиетті

Еш нәрсе жоқ мен үшін, - дейді.

«Туған жерім» Арнова Э

«Бір уыс топырақ» Мақсотов Н.

Ән «Ақ Жайық - ару мекенім»


© 2010-2022