Үстел басы әңгіме ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ-70 ЖЫЛ!

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үстел басы әңгіме ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ- 70 ЖЫЛ!Үстел басы әңгіме ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ- 70 ЖЫЛ!

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ - 70 ЖЫЛ !

Үстел басы әңгіме

Начало формы

+2дауыс

Конец формы

Начало формы

Үстел басы әңгіме ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ- 70 ЖЫЛ!

Үстел басы әңгіме атты іс-шараның мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген мерекелік іс-шарамыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

Балалар, біздің мерекемізге Павлодар қаласының №6 шағын ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы: Шахматалинов Әбәжат Ақтайұлын шақырдым.

1-Жүргізуші:Тимур Оразгалиев.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!

ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.

2-жүргізуші: Алина Бейсембай.

Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

1-оқушы: Эмилия

Жүргенімде қуанышпен қамданып,

Керек-жарақ заттарымды қолға алып.

Жиырма екінші сағатында қырық бірдің

Батыстан дауыл соқты долданып.

2-оқушы:Полина

Таң алдында сағат бесті соққанда,

Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.

Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,

Шекараға келіп салды ойранды.

3-оқушы:Анна

Осы хабар уақытында алынды,

«Соғысқа» деп дабыл қағылды.

Қуанышты жас жүректі суытып,

Баса қалды лапылдаған жалынды.

4-оқушы:Рысмаганбетов Тимур

Тоқта, достар, тез мін атқа,

Қатерлі ауру сын сағатта.

Батыстан зіл қара бұлт

Төнді айналып Кавказ қартқа.

Қай жан шыдар бұл мазаққа.

Өлім арлы азаматқа.

Мұғалім:Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

Тақтада ардагерлердің суреттері ілулі болады.

Оқушылар ардагерлер туралы айтады

Кирилл--------------------------------------

Лиза------------------------------------------

Эмилия

Ұлы Отан соғысының ардагері Жартакеев Қаппас Бейсембіұлы.

Жартакеев Қаппас Бейсембіұлы 1925 жылы 14 маусымда Алтай өлкесі Михайловский ауданы Назаровка селосында колхозшылар отбасында дүниеге келді. Әкесі Бейсембі Ұлы Отан соғысы басталысымен еңбек әскеріне алынып, 1945 жылы қаза табады. Өзі селосындағы орыс мектебінің 6- сыныбында оқып жүргенде, 18 жасқа толмаған кезінде, Қаппасты әскерге алып кетеді. Куйбышев қаласындағы жауынгерлерді дайындайтын училищенің 6- айлық шоферлық курсқа өткеннен кейін, Ржевск қаласы маңындағы ІІІ Белорус майданының арнайы № 53 автополкында шофер болып істейді. Қаппас ата американдық форд машинасымен солдаттарға қару - жарақ, соғыс техникасын үзбей жеткізіп тұрды. Өз елін, мемлекетін, халқының тәуелсіздігін сақтап қалу үшін Қаппас ата осы сұрапыл соғыста асқан ерлікпен қорғады. Жау ұшақтары жүк машиналарын аямай бомбалар тастап тұрды. 1944 жылы қатты ұрыстардың бірінде Қаппас атаның машинасы түгі қалмай жанып кетеді де, өзі ауыр жараланып «Хозяйство Синеокова»атты лазиретке жеткізіледі. Екі ай емделген соң, өз бөлімшесіне оралып «Летучка» жөндеу бригадасында әскери міндетін атқарады.

Белорусь қалалары Витебск, Великие Луки, Орел, Курск, Ржевск, Орша қалаларын фашистерденазат еткеннен кейін, Балтық теңізі бойындағы Шяуляй маңында жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаев атқыштар дивизиясымен жауға қарсы шайқасады. Сол атқыштарға қару - жарақ, оқ - дәрі, техникаларды тасығанын айтып отырады. Шығыс Пруссияның Кенигсберг қаласында шайқасып жатқан кезде, 9 мамыр күні соғыс аяқталады да, «Жеңіс күні» деген қуанышқа шек болмады.

Соғыстан кейін Қаппас ата тағы 5 жыл Кенигсберг қаласындапғы № 06937 әскери бөлімшесінде авиация полкінің генералының шоферы болып әскери міндетін атқарды.

1950 жылы елге оралады. Сода шығаратын комбинатта Өрттен Қорғау бөлімшесінде қызмет істеді.

1954 жылы тың жерлерді игеруге Павлодар облысы Лебяжі ауданы Майқарағай ауылына көшіп келеді. Сол ауылда адал жұмыс істеп, зейнеткерлікке дейін шофер болады.

Қаппас ата Ғалима әжей екеуі 13 бала тәрбиелеп өсірген ардақты ата-ана.

Соғыста және еңбек майданында көрсеткен ерліктер мен жеңістері үшін: «Отын соғысының» ІІ дәрежелі орденімен, Жуков медалімен, Жеңістің мерейтойлық медальдарымен, « Еңбек ардагері» медалі, «Ударник коммунистического труда» атағы және басқа белгілермен марапатталды.



Каппас Бесембаевич родился в 1925 году в Алтайском крае в селе Михайловка. Обучался в офицерском училище. В возрасте восемнадцати лет он отправился воевать. Попал на Белорусский фронт, воевал в 53 автополку. Участвовал в сражении на Курской дуге. После окончания войны отслужил в армии еще 5 лет. В 18 лет Каппас Бесембаевич пошел на водительские курсы, проучился 6 месяцев и получил права, через несколько месяцев он получил звание водителя третьего ранга. После этого в 1943г. ветерана отправили на фронт. Каппас Бесембаевич был водителем. Он перевозил грузы, военных или раненых. После войны ветеран прослужил в армии еще 5 лет. До войны он жил в Алтайском крае, но после войны Каппас Бесембаевич отправился на целину, то есть в Павлодар, где остался жить вместе со своей женой. У него очень большая семья. Он вырастил 13 детей, из них 8 живут в Павлодаре. Сейчас Каппас Бесембаевич проживает в Павлодаре. Сейчас ветерану 90 лет.

Основное занятие ветерана -сочинять стихи. Он написал более ста стихов.

Этот стих написал участник Великой Отечественной войны, ветеран Жартакеев Каппас Бесембаевич. Ветеран написал от имени своего земляка, артиллериста, который был командиром орудия. И посвятил этот стих другу ______________________________________ тоже прошедшему всю войну до конца.


Гремела конанада,

Под ногами качалась земля,

Снаряды с воем летели.

Бойцы на смерть смотрели -

Кругом горела земля.

Сквозь дым, огонь и гарь

«Огонь, огонь!!!» - командовал я

Остался жив - награда это,

Но преграда впереди.

Нам с американцами

На Эльбе встретиться надо

Показать силу и мощь

Советской страны.

Нас встретили американцы на Эльбе,

Руку пожимали нам всем

Спасибо советскому солдату,

Миру -мир принесший всем.

Я - Сағыдат, солдат вчерашний

Эльба в памяти моей,

И я стою в строю солдатов

Любимой Родины своей.

Стихи на диктофоне надо прослушать

Біздің мерекемізге Павлодар қаласының №6 шағын ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы: Шахматалинов Әбәжат Ақтайұлын шақырдым сөз кезегін өзіңізге береміз.

Мұғалімнің сөзі: Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын.

1-оқушы:Дания

Жеңіс күні ардагерлер әперген,

Желбіретіп қызыл туды көтерген.

Туған елін жау қолында қалдырмай,

Ерлікпенен ел парызын өтеген.

2-оқушы:Даяна

Он сегізде соғысатты от кешкен,

Жараланып жас денесін оқ тескен,

Аталарым, ардагерлер, болшы аман,

Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.

3- окушы:Алина

Бүгін жайнап жасарсын анна біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аяласын көңілі жақсы үмітпен

4- окушы:Ризабек

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.

День победы өлеңі



© 2010-2022