Мектептегі адістемелік кызмет натижелері

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектептегі әдістемелік қызмет нәтижелері


Ұлытау ауданының білім бөлімінің «Жамбыл Жабаев атындағы №15 Қарсақбай ЖОББ базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ-сіндегі жыл сайын дәстүрге айналған әдістемелік онкүндіктер атқарылуда. Әр бағытта, түрлі тақырыптарда өткізілген онкүндіктер педагог мамандардың кәсіби шеберліктерін шыңдаумен қатар, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие берудің жолы.

Бүгінгі таңдағы еліміздің қоғамдық өміріндегі үлкен өзгерістердің бірі білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар екендігі белгілі. Ең бастысы әлемдік білім кеңістігіне ену және нақты өз орынмызды белгілеу ең маңыздысы болып отыр. Сондықтан да сапалы білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік білім саясаты, мектептер негізінде жүзеге асатындығы анық. Соған орай мектептердегі басты мақсат-нәтижеге бағытталған білім беру болып табылады. Биылғы оқу жылы да біздің мектебіміздің педагог ұжымы осы мақсаттарға жету жолында еңбек етуде.

Мектептің 2015-2016 оқу жылындағы оқыту мен тәрбиелеу бағытындағы негізгі тақырыбы: «Білім сапасын арттыруға бағытталған-жаңаша оқыту мен жүйелі әрекет болса, өзекті мәселе: «Нақты білім беру мен тәрбиелеу, дамытудың оңтайлы деңгейіне қол жеткізу» болып табылады. Мектебімізде

29 мұғалім жұмыс жасаса, оның ішінде инновациялық бағыттарда жұмыс жасайтын жоғары деңгейлі мұғалімдермен қатар, деңгейлі бағдарламалар бойынша сертификатталған І деңгейлі-1 мұғалім, ІІ деңгейлі-1 мұғалім, ІІІ деңгейлі-6 мұғалім қызмет етеді.

Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «....Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызметқылатын болғандықтан, ұстаз баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген сөздерін еске алатын болсақ, жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, іс-тәжірибесінің қалыптасып, шыңдалуына байланысты десек, жоғарыда атап өткен мектебіміздің түрлі бағыттардағы әдістемелік онкүндіктерінің маңызы зор болып отыр. Солардың бірі «Үздік сабақ-шеберліктің шыңдалу жолы» тақырыбында өткен ашық сабақтар онкүндігі. Жоспарлы түрде бекітілген онкүндікте барлық мұғалімдер сабақтар өткізіп, жақсы нәтижелер көрсетті. Арнайы құрылған бағалау тобы мұғалімдердің сабақтарына қатысып, өз ұсыныстары мен сабақ жетістіктері, кемшіліктерін бағалау парағына жазып берді. Деңгейлі бағдарлама бойынша сертификатталаған пән мұғалімдері болса, осы сәтте тізбектелген сабақтар топтамасын жалғастырса, әр сабақтарында 7 модульді ықпалдастыруды да естен шығармай тиімді іске асыра білді. Сонымен қатар іс-әрекетті зертеу үшін ІІ деңгейлі сертификатталған қазақ тілі пәні мұғалімі Сейтова Г.Н, ІІІ деңгейлі сертификатталған информатика және география пәні мұғалімдері Ж.Науанова мен Ж.Жакупова, І деңгейлі сертификатталған А.Шалғынбаевалар қазақ тілі мен информатика, география, тарих пәні пәндернен «Лессон стади» тәсілін жүзеге асырды. Мектептегі адістемелік кызмет натижелері

Әдістемелік онкүндік барысында жоспарланған барлық сабақтар өз деңгейінде атқарылып, қорытындысы шығарылды. Бағалау тобы ретінде құрылған комиссия мүшелері мен әдістемелік күндердің өтуіне жауапты болған мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Шалғынбаева мұғалімдер арасында дөңгелек үстел ұйымдастырып, мұғалім қызметінің мониторингісін шығарды. Қорытынды сараптама бойынша «Үздік сабақ» өткізген мұғалімдер анықталып, марапатталды. Олар: ағылшын тілі пәні мұғалімі Галимарданова И.Т, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тынысова З.И, биология пәні мұғалімі Тілекей Марал, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейтова Г.Ә, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуатова Г.Н, математика пәні мұғалімі Қонысова Ж.Ә, музыка пәні мұғалімі Ақдаулетова С.Н, информатика пәні мұғалімі Науанова Ж.Қ, бастауыш сынып мұғалімдері Айтенова А.Ж, Кенжебекова К.Т. Барлық мұғалімдер сабақты ұйымдастыру жолдарының бірі-оқытудың жаңа технологиялары мен түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы шығармашылық дамуы мен шеберлік деңгейлерін көрсетті.Мектептегі адістемелік кызмет натижелеріМектептегі адістемелік кызмет натижелеріМектептегі адістемелік кызмет натижелері

Аталған мұғалімдердің сабақ жоспар үлгілерін баспа беттеріне жариялауға ұсыныстар да жасалды.

Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылуымен сипатталады. Бұл ақпараттық технологияларды тиімді қолдану және білім беру жүйесіне енгізу әлеуметтік жағдайлардың талабы. Мектеп ұстаздары үшін білім сапасын жақсатруда ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану тек информатика пәні мұғалімдері ғана емес, барлық мұғалімдердің басты міндеті болып отыр. Осы орайда, оқытудың жаңа әлемдік форматта жүргізілуі, соған сәйкес білім беру мазмұнын құру басты талаптардың бірі десек, мектеп ұстаздардың интернет желілері арқылы қашықтық олимпиадалары мен сайыстарға қатысуын атап өту орынды. Сонымен қатар өз кезегінде бағдарламалық оқулар бойынша біліктілік арттырулары, облыстық семинарлар, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы мұғалімдер табысы деуге болады. Оған дәлел өткен оқу жылының мамыр айында «Оқу шаттығы» әлеуметтік-педагогикалық жоба аясындағы ауқымды іс-шаралар мен обылыс көлеміндегі семинар жұмысын ұйымдастыру болып отыр.

Қорыта келе, мектебіміздегі оқу-әдістемелік қызметтің дұрыс бағытта атқарылуы мұғалімнің кәсіби өсуімен қатар сапалы білім беру жолындағы нақты қадам болып табылады. Уақыт талабына сай алға жылжып келе жатқан ұжымның ертеңгі күні алар асуы, шығар биігі алда деп білемін.

А.С.Шалғынбаева,

«Жамбыл Жабаев атындағы

№15 Қарсақбай ЖОББ базасындағы

Тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ-сі

директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.




© 2010-2022