Мақала: «Тура жолдан тайма, жеткіншек!»

Аңқаты ЖОББ мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Шамбилова Арайлым Ғалымжанқызының «Теректі жаңалығы» газетіне жолдаған мақаласы   «Тура жолдан тайма, жеткіншек!»            Аңқаты ЖОББ мектебінде оқушылардың білімдерін, ой өрістерін кеңейту, толеранттылық сананы қалыптастыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке, салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған «Қазіргі қоғамдағы діннің орны және деструктивтік діни ағымдарға қарсы тұру» онкүндігінің жоспарына сай және мектеп жас...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аңқаты ЖОББ мектебінің

тәрбие ісінің меңгерушісі

Шамбилова Арайлым Ғалымжанқызының

«Теректі жаңалығы» газетіне жолдаған мақаласы


«Тура жолдан тайма, жеткіншек!»


Аңқаты ЖОББ мектебінде оқушылардың білімдерін, ой өрістерін кеңейту, толеранттылық сананы қалыптастыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке, салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған «Қазіргі қоғамдағы діннің орны және деструктивтік діни ағымдарға қарсы тұру» онкүндігінің жоспарына сай және мектеп жасындағы оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Құқықтық білім» онкүндігінің жоспарына сай «Тура жолдан тайма, жеткіншек!» атты кездесу ұйымдастырылды.

5-11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері арасында ұйымдастырылған кездесуге ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен ел ағаларына қоса арнайы Аңқаты ауылының имамы Ә.Т.Орынғалиев пен Ақжайық полиция бөлімінің кәмелетке толмаған ісі жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Б.Ж.Хайруллина шақырылған болатын.

Кездесу барысында шақырылған қонақтар діни наным, ғылым, мәдениет... Бүгінгі таңда аталған бағалы құндылығымыздың қадірін кетіріп, бағасын түсіруді мақсат еткен жағдайлар туралы, жат діни ағымдарды дәстүрлі діндерден айыра білу, діни сауаттылық туралы әңгіме өрбітті.

Сонымен қатар мемлекеттің саясатының негізгі құрамдас бөлігі - адамның құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру екендігі, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы бойына құқықтық құндылықтарды сіңіріп, құқықтық сананы қалыптастырумен бағаланатынын, қоғам үшін ең қымбат қазына - адам, адамның бостандығы мен өмірі екендігі айтылды.

Б.Ж.Хайруллина оқушыларды ҚР заңдарын орындауға, заңбұзушылыққа төзбеуге, заңға мойынұсынушылыққа, қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу - құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты екендігін ескертті.

Кездесуімізді оқушыларымыздың болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата - анасының ғана емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен аяқтадық.


© 2010-2022