Кітап оқи білеміз бе?

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кітап оқи білеміз бе?

Мақсаты: оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншілікті қалыптастырып дамыту; оқырмандарды ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелей отырып ақпараттық қоғамдағы кітаптың рөлін көтеру.

Міндеті: жас оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: «Кітап - ғажап дос, сенімді сырласың» кітап көрмесі, «Кітап - ғажайып қазына» слайды.

Бағыты: «Кітап - сенің өміріңде»... тақырыбында кітаптың әрбір оқырман өмірінде алар орны туралы баяндама ( Оқитын кітапханашы).

Кітапханалық ойынға қатысатын оқырмандарды екі топқа бөлу.

1) «Кітапқұмарлар»

2)«Тапқырлар»

Барысы.

1.«Өзің оқы, өзгемен бөліс» бөлімі.

( Әр топ өздеріне берілген ертегілерінен түсінгенін айту арқылы бір-бірімен ой бөлісуі).

2. «Танымдық ойындар» бөлімі.

Мақал-мәтел жарысы. Мақал-мәтелдің алғашқы жолы оқылады, әрі қарай тауып жалғастыру.

1-топқа «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні ғаріп». «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады». «Мектеп- кеме, білім- теңіз». « Денсаулық - зор байлық». «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді».

2-топқа. «Кітап -білім бұлағы, білім - өмір шырағы». «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ». «Отансыз адам - ормансыз бұлбұл». «Өнер алды - қызыл тіл». «Көсем ел бастар, шешен сөз бастар».

Жұмбақ жасыру.

1-топ. «Кітапқұмарлар»

« Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама». (кітап)

«Жатып қарасам - аппақ, татып қарасам - тәтті-ақ». (қант)

«Өзі кірді ашады, өзі судан қашады. (сабын)

«Қанаты жоқ ұшады , аяғы жоқ желеді, аузы жоқ ұлиды». (боран)

«Аласа ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар». (қой )

2-топ. «Тапқырлар»

«Асты тас, үсті тас , ортасында піскен ас» ( таба нан)

«Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау» ( жұмыртқа)

« Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр». ( от, қазан )

«Қолы жоқ сурет салады, тісі жоқ тістеп алады». ( аяз)

«Ағайынды он, кигені екі тон». ( Он саусақ, қолғап)

Сөзжұмбақ шешу. Екі топқа «Кітапхана», «Балдырған» атты екі сөзжұмбақ жасырылады, «Кітапхана», «Балдырған» сөздерінің мағынасын өз ойлары бойынша ашып айту.

1-топ. «Кітапқұмарлар» «Кітапхана» сөзжұмбағы.

1.Балаларға арналған мерзімді басылым. /Айгөлек/

2.Оқушы жанының бағбаны. /мұғалім/

3.Қазақтың атақты үш биінің бірі /Төле би/

4. «Бес нәрсеге асық бол,Бес нәрседен қашық бол, Адам болам десеңіз!» деген өлең шумағын кім жазған? /Абай/

5. Қой пірі. /Шопан ата/

6.Кітаптардың мекені. /кітапхана/

7.Ең киелі құс. /Аққу/

8.Республикалық балалар газеті. /Ұлан/

9.Ер қанаты. /ат/

2-топ. «Тапқырлар» «Балдырған» сөзжұмбағы.

1.Ананың перзенті. /бала/

2.Жердің табиғи серігі. /ай/

3.Ұлттық рәміздеріміздің бірі. /елтаңба/

4.Ұлттық аспап. /домбыра/

5.Жыртқыш аң. /қасқыр/

6.100 жыл. /ғасыр/

7.Ат тұяғына қағатын зат. /таға/

8.Алматының алмасы. /апорт/

9.Қасиетті тағам. /нан/

«Ойын ой ұштар» бөлімі. Бұл бөлімде оқырмандар өздері оқып келген кітаптан тапсырмалар орындайды.

Тапсырма. 1)Айырмашылығын тап. Екі бірдей сурет беріледі , сол суреттің бір-бірінен айырмашылығын табу.2) Ертегінің атын табу. Ертегіден үзінді оқылады, сурет көрсетіледі, сол арқылы ертегі атауын табу.











© 2010-2022