• Преподавателю
  • Другое
  • Қазақ хандығына - 550 жыл. Тәуке ханның хандық құрған кезеңінен үзінді көріністің сценарийі

Қазақ хандығына - 550 жыл. Тәуке ханның хандық құрған кезеңінен үзінді көріністің сценарийі

Бұл сценарий менің көп ізденуімді талап етті. Қазақстан тарихына шолу жасадым. Сол дәуірдегі хан-султандардың, олардың қызметшілерінің, қолбасшы батырларының өмірі, еңбектерімен, тіпті, киген киімдерімен таныстым. "Жеті жарғының" түрлі нұсқаларын іздеп, тауып, түгелдей шолу жасадым. Еңбегім ақталып, оқушыларым қалалық сайыста жүлделі орын алып, көрініс Балқаш қаласындағы дәстүрлі "Мектеп күнінде" сахнада көрсетіліп, өте жоғары бағалагнды. Оқушыларыма мың алғыс!!!
Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Адамбаева Б. Т.

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы,

«ЖББ №5 орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тақырыбы:« «Кұлтөбенің басында күнде жиын»

(Тәуке ханның хандық құрған кезеңінен үзінді көріністің сценарийі)

Тәуке хан 1652 жылдан 1680 жылға дейін билік құрған.

Қатысушылар (7-8-сынып оқушылары):

Тәуке хан -

Төле би (1663-1756) Ұлы жүзді билеген -

Қазыбек би (1667-1764) ОртаЖүзді билеген -

Әйтеке би (1644-1700) Кіші Жүзді билеген -

Қолбасшы Қабанбай батыр-

Қолбасшы Бөгенбай батыр

Қызметші әйел -

Жаман хабар әкелген қызмешілер мен жалшылар -

Сахнаның безендірілуі: жер дастарқан, үй жиһаздары - кереге, сандық, көрпелер, тұскиіз, ыдыс-аяқтар

АКТ: Тәке хан туралы бейнеролик, Қорқыттың қобыз сарыны, Күлтөбе суреттелген слайдтар.

Тәуке хан сахнаға шығады. Дастарқан басына жайғасып, ойға шомады. Осы сәтте билер келеді. ( Төле би, Әйтеке би, Қазыбек) Олар да ханның қасына отырады.

«ЖЕТІ ЖАРҒЫНЫҢ» соңғы баптарын талқылау кезін көрсетеді.

Тәуке хан: -Күлтөбенің басына күнде жиналғандағы себебіміз өздеріңе аян. Өткен жиындағы мәселелелерді ары қарай талқылап, шешімін тауып, біржақты қылайық.

Төле би:- Иә, еліміздің тыныштығын , ұлтымыздың мүддесін сақтау үшін «Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолының» заңдарының алар орны ғой.

Қазыбек би: - Әрине, онсыз болмас.

Әйтеке би: Мемлекеттің бүтіндігін сақтау - біздің бірінші мақсатымыз. |Сондықтан ең алдымен көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылса дұрыс болар.

Билер: Иә, иә, дұрыс айтасыз.

Тәуке хан: Қазыбек , сен не айтасың?

Қазыбек би: Е, әз Тәуке хан ием, «Ер қанаты - ат» деген бекерге айтылған сөз емес. . Халқымыздың соғыс күші ретіне аттың ерекше бағаланғаны бәрімізге аян. Қазір ұрлық та көбейіп барады. Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылса қайтеді?Ал ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.

Төле би: Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. Сонда ғана елдің бүтін, іргеміз мықты болад емес пе ?

(Біраз талдайды. Дұрыс айтасың деп бастарын изеседі)

Тәуке хан : Бар қазақты, халықты басқаруды бір жүйеге келтіретін уақыт келді. Оны халық та түсінді, соңымнан ереді, қолдайды деп сенемін.Сонымен қорыта келе:

1. Мемлекет ішінде тұрақсыздық жасағысы келген адам қатаң жазалансын.
2. Түрік халықтарының мүддесін сатып, мемлекетке залал келтірген адам өлтірілуі тиіс.
3. Кімде-кім ел ішінде жазықсыз адамды өлтірсе, сол өлтірілуі тиіс.
4. Кімде-кім неке заңын бұзса, сол адам заң алдында қатаң түрде жауап беруі тиіс.
5. Кімде-кім алыс жорыққа немесе бәйгеге дайындалып, даладағы жайылымда тұсаулы тұрған сәйгүлікті ұрласа сол өлтірілуі тиіс.
6. Кімде-кім төбелес үстінде басқа адамда жарақаттаса, сол мынадай жағдайларға байланысты жауапқа тартылуы тиіс:
А) кімде-кім бір адамның көзін шығарып жіберсе, оған қызын беруі тиіс, ал қызы жоқ болса, қызға берілетін қалың мал мөлшерінде құн төленсін.
Б) кімде-кім біреудің қол-аяғын зақымдаса, құнына өз атын төленсін.
7. Кімде - кім біреудің атын және құнды затын ұрласа ол оған он есе мөлшерде құн төлейтін болсын.
Ертеңнен бастап «Жеті жарғы» заңы өз күшіне енсін.

(«Жеті жарғы» )

Қолбасшылар келеді. Ассалаумағалейкум , - деп екеуі бәрімен қол алысып амандасады.

Бірінші қолбасшы : Хан ием, жоңғарлар қайталап шабуыл жасамақ ойлары бар-ау деймін.

Тәуке:-Мен мынаны білсем деймін. Жоңғар шапқыншылығын тоқтатып, олардың ордасын күл-талқан ету үшін қазақ халқына не қажет?

Бірінші қолбасшы : Тұтқиылдан шабуыл жасауымыз керек.

Тәуке екінші қолбасшыға қарап «сен не ойлайсың?» дегендей иегін көтереді.

Екінші қолбасшы : Түрлі әскери айла-тәсілдер қажет.

1 -қолбасшы екіншіге қарап: Иә, дұрыс айтасың. Қалайда шабуылдап, оларды жеңуіміз керек.

(Біршама ойланған серіктері әр түрлі пікір айтқан көрінеді.)

Сонда Тәуке хан:
- Бәрі дұрыс-ақ, тоқ етерін айтатын болсақ, қазақ халқына құдайдың құтты күні және болашақта да ауызбірлік қажет. Ол - еліміздің мәңгілік қаруы, күш-қуаты және жеңістіріміздің күре тамыры.

(Сырттан айғайлаған дауыс естіледі. )

-Жау шапты, жау шапты. жоңғар әскерлері қаптап келе жатыр.

Тәуке хан: Тез арада жылан тауып әкел!

Жылан әкелінеді.

Алып келген жыланды ұстап тұрып, бүкіл әскер алдында:
- Бісміллә, Алла біздің жағымызда, тыныш жатқан ел едік, еліміздің даласын қанға бояған жоңғарлардың басын былай жұламыз, - деп ұстап тұрған жыланның басын жұлып алып:
-Алла жар болсын! Алаштың әруағы қолдасын! Алаш, Алаш! - деп жауға қарсы шаба жөнеледі. (Жыланның басын жұлу себебі, жоңғарлардың туында айдаһардың суреті болған )

Қазыбек би жауынгерлерге шайқас алдында бата береді:

Жолыңды Алла қолдасын,

Жаманшылық болмасын,

Серті мен сөзде тұратын,

Сенімді болсын жолдасың,

Жолды кескен жауларың,

Ешқашанда оңбасын.

Сәтті болсын жолдарың!

-Әумин! Әумин!

Сарбаздардың рухы көтеріліп, бәрі көтеріле жөңкіле жөнеледі.


© 2010-2022