Урок казахского языка на тему Тамшыбұлақ - Жетісу таңғажайыбы (11 класс)

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Тамшыблақ - Жетісу таңғажайыбы.

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік мақсаты: Тамшыбұлақ жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың байланыстырп сөйлеуін қалыптастырады.

2) Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін, ауыз екі сөйлеу тілін, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

3) Тәрбиелік мақсаты: Туған жер табиғатын қорғайтын азаматтарды тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: интербелсенді тақта, үлестірмелі кеспе қағаздар

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойландыру, салыстыру, іздендіру.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

  • Сәлеметсіздер ме, балалар. Бүгін сабақта біз жаңа тақырыппен танысамыз, топтық жұмыс істейміз, дайындалған жобаларын қорғаймыз және тағы басқа жұмыстарды орындаймыз.

Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақырыпты есепке түсірейік. Өткен сабақта біз сендермен Алматы қаласымен таныстық. Алматыда қандай көрікті, таң қалдыратын жерлер бар екен? Сендерге суреттерді ұсынамын, оларды сөйлету арқылы маған Алматы туралы айтып бересіңдер.

Презентация

  • Балалар, соңғы слайдта біздің сабағымыздың тақырыбымыз. Слайдта не бейнеленген?

  • Сонымен, сабақтың тақырыбымыз - Тамшыбұлақ. Тамшыбұлақ дегеніміз не? Ол қайда орналасқан? Бұл жердің қандай ерекшілігі бар және оның атымен не бар деген сұрақтарға жауап өздерін бересіңдер.

  • Ең біріншіден, 3 топқа бөлінейік. Сендердің орындықтардың артында түсті қағаздар жапсырылып тұр. Көк түстілер бірінші топқа отырады, жасылдар - екінші және қызылдар - үшінші топ боласыңдар. Әр топта топ басшысы болады, топ басшыларға бағалау парағы беріледі, сол парақтарда сабақтың әр кезеңі бағаланады.

  • Сендердің үстелдерінде мақал-мәтелдер бар, бірақ оларды дұрыс құрастыру керек.

  • Ал енді дәптерлерді ашып, бүгінгі күні мен тақырыбымызды жазыңдар.

  • Ал енді жаңа сабаққа көшейік. Мәтінді оқып, 1 топ - септік жалғауы бар зат есімдерді теріп алады. 2 топ - мәтінде антоним бола алатын сөздерді тауып жазыңдар. 3 топ - мәтінде күрделі сөздер болса, теріп жазасыңдар. Тапсырманы орындауға 7 минут беріледі.

  • Мәтіндерді оқып шықтыңдар, мәтінде түсініксіз сөздер кездесті ме?

  • Келесі тапсырма.Әр топқа әр түрлі мәтіндер берілген. 1 топ - Тамшыбұлақ туралы кластер арқылы айтып бересіндер, 2 топ - Тамшыбұлақ тарихы бойныша диалог құрастырып, басқаларға ұсынасыңдар. Ал 3 топ «Тамшыбұлақ» атты жазғы демалыс лагерь жайында кластер жасап бізге ұсынасыңдар.

  • Жобаларды бірінен-бірі қорғайды.

  • Ал, енді әр топ 2-3 минут ішінде өз мәтіні бойынша 3-4 сұрақ құрастырып басқа 2 топқа қояды.

Сабақты қорытындылау.

  • Бүгін сабақта тақырыбымыз қандай болды?

  • Тамшыбұлақ немен ерекшеленеді?

  • Тамшыбұлақ қайда орналасқан?

  • «Тамшыбұлақ» атты не бар?

Бағалау. Сөз топ басшыларына беріледі, сендердің сыныптастарың қалай жұмыс істеген және қандай баға алған?

  • Бүгінгі сабағымыз сендер үшін қандай болды? Не ұнады? Не ұнаған жоқ? Бар ойларың осы тамшыларға жазып, тақтаға іліңдер.

Үй тапсырма. Тамшыбұлақ туралы қосымша мәлімет тауып, презентация жасау.





© 2010-2022