Коучинг Эфективное использование элементов критического мышления на уроках

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Коучинг

Коучингтің тақырыбы:

Сын тұрғысынан ойлау технологияны сабақта тиімді қолдану жолдары

Жалпы мақсаты:

Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға талдауға бағытталаған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сабақ беру мен оқытудағы сыни тұрғыдан ойлауы сияқты күрделі міндеттермен қатар, қарастырылмаған болжамдар мен құндылықтарды, міндеттерді шешудегі артықшылығын түсінуді қарастырады

Оқу нәтижелері:

• Өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етуге;

• Білім беруде оқушыны дәлелдерге мән беруге ынталандыру, шағын топтарда жұмыс істеу әдістерін тиімді қолдануға;

• Ойлау мен оқыту тәжірибесіне енгізуде, ақпараттар жинауда сын тұрғысынан талдау мен бағалаумен танысады.

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы мұғалімдер жеке басының тәжірибесіндегі дәлеледерге мән беруге зор ықпал ете алады.Оқушылардың бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс -әрекетімізге немесе әр түрлі әдістерді енгізуге дайын болуға көмектеседі. Балалардың сыни ойлауы мен өзіндік идеясын анықтауға, белсенді болуына мүмкіндік береді.

Жаттығулар:

1.Психологиялық жағдай жасау: «Тілек». Мұғалімдер бір- біріне жақсы тілектер айтады.

2.Топқа бөлу: (атом молекуласы)

3. Ой шақыру: «Сын тұрғыдан ойлау деген не?»

«Сыни тұрғыдан ойлау» ( топтастыру )

Екі топ сыни ойлау туралы өздерінің түсініктерін топпен жұмыс жасау арқылы плакатқа түсіріп қорғайды.

4. Слайд: «Сын тұрғыдан технологиясы мен тәсілдерімен» таныстыру.

5.Сергіту сәті: «Амандасу»- коучтың айтып отырған дене мүшесімен амандасады.

6. Мәтінмен жұмыс. «Сұрақ- жауап» Мәтінді жұппен оқып, бір- біріне сұрақ қояды. Мазмұнын түсіндіреді.

7. «Сенемін/сенбеймін» -Берілген мәліметті оқып, сенетінін не сенбейтінін түсіндіріп береді.

8. «Қатені ұста» берілген тапсырмадан қатені тауып алып, түсіндіру.

9. «Еркін хат» - досыңызға хат жазыңыз.

10. «Автор креслосы» - жазған хатын оқиды.

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

Сыни ойлауды сабаққа қалай енгізетінің бағалау және жоспарлау үшін мұғалімдер топпен төртеуден бірлесе отырып жұмыс істейді. Шағын топтарда жұмыс істейтін мұғалімдерге сыныпта сыни ойлауды қалай пайдалануға болатынын анықтау. Өздерінің сыни ойлауын дамыту үшін оқушылар қандай дағдыларды пайдаланатынын қарастыру.

«Ыстық орындық»

Кері байланыс

Стикерлерге жазамыз:

Бүгін қандай тапсырмалар ұнады?

Нені түсінбедіңіз?

Келесіде не өзгертер едіңіз?









«№ 19 орта мектеп»ММ









Ашық сабақ:

«Қазақтар қонақты қалай қарсы алады»

10 сынып

Өткізген: Тасқұлова А.Қ.









Астана 2015-2016 о.ж.

«№ 19 орта мектеп» ММ









Коучинг:

«Сын тұрғыдан ойлау технологияны сабақта тиімді қолдану жолдары»

Өткізген: Тасқұлова А.Қ.









Астана 2015-2016 о.ж.



© 2010-2022