Урок на темуҰйқының пайдасы

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 7 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Ұйқының пайдасы. Болымсыз етістік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер,грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

«Денсаулық» мәтінінің мазмұнын сұрау;

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру:

1. Кіріспе сөз

2. Айтылым- жазылым.

Жаңа сөздермен танысу:

Әдеттену- привыкать

Тынығады- отдыхает

Ынтасы артады- появляется желание

Аурулардан- от болезней

Ересек- взрослый

Желдеткіш- форточка

3. Оқылым - «Ұйқының пайдасы» мәтінімен танысу

IV. Жаңа сабақты бекіту: Деңгейлік тапсырмаларды орындау

ІІІ деңгей

1.Сұраулық шылауларды қатыстырып, мәтінге сұрақ құраңдар.

Үлгі: Ұйқы денсаулықты жақсарта ма?

2. Мәтіннен етістіктерді табу.Ережені еске түсіру.

-Етістік дегеніміз не?

-Тұйық етістік деген не?Мысал келтіру.

-Ал, болымсыз етістік қалай жасалады?Мәтіннен тауып алу.

ІІ деңгей

1.Тірек сызба бойынша мәтіннің мазмұнын әңгімелеңдер.

2.Төменде берілген сұраққа жазбаша жауап беріңдер.

Ұйықтаған кезде адам өзін қалай сезінеді?

Ұйықтау ережелерін неге білу керек?

І деңгей

Өздеріңнің денсаулықты сақтауға қатысты ойларыңды баяндау мәтіні түрінде жазыңдар.

V. Сабақты қорыту: Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап айту.

Денсаулық, жақсы болу үшін, салауатты өмір салты, қалыптастыру, дене тәрбиесі, дұрыс тамақтану, тазалық шараларын сақтау.

VI. Үй тапсырмасын беру: мәтінді әңгімелеу

VII. Бағалау. Рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек











© 2010-2022