Жаңа технология - бастауыш мектепте

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа технология - бастауыш мектепте


Жаңа технология - бастауыш мектепте

Жиенбаева Сапаркул Забиевна

Шардара қаласындағы №2 Ж.Жабаев бастауыш мектебінің оқу ісінің меңгерушісі

Білім берудің мемлекеттік бағдарламасында білім беру ісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты, бүгінгі заман талабына сай білім беру жүйесінің халықаралық талаптарға сай дамыту міндеті тұр. Оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес, сондықтан кәсіби біліктілігімді жетілдіру үшін Шымкент қаласындағы Кембридж бағдарламасы бойынша өткізіліп жатқан курсқа қатысып,сертификатталдым. Курсқа келген күннен бастап мектептер үшін де, мұғалімдер үшін де ең маңызды мәселе болып отырған «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген мәселенің шешуші күші жаңа форматтағы мұғалімдер екендігін тренерлеріміз Тамара Махалқызы және Роза Гайдаровна толық мойындатты.

Бұл мәселені шешуде үкіметіміз озық педагогикалық тәжірибелер негізінде әзірленген педагогтарды қайта даярлаудың үш деңгейлі бағдарламасын енгізді. Бағдарламалар мұғалімнің жоғары деңгейде дайындығын, шеберлігін, үлкен еңбекті талап етеді. «Білімсіз» дәрігердің бір қатесі бір адамның өміріне балта шапса, ал «білімсіз» ұстаз бірнеше адамның миын улайды дегендей, біз ұстаздар қауымы, алдымызда отырған әр шәкірттің болашақ өміріне үлкен жауапкершілікпен қарап, жаңа заманға сай сыни тұрғыдан ойлай білетін, алған білімін өмірде тиімді қолданып, өзіндік дәлелі, сенімі бар, ұлттық мәдениетімізге сай, өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға тәрбиелесек, еліміздің болашағы жарқын болатынын сеніммен айтуға болады. Ең маңыздысы, мұғалімдер оқу мақсаты - бұл оқушылар істеуге тиіс нәрселер ғана емес,сонымен қатар оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі қаншалықты мүмкін болса,соншалықты өз бетінше жұмыс істеуге көмектесу екендігін түсінулері керек. Оқушылардың өз бетінше жұмыс ітеуі үшін олардың алдында оқудағы кедергілерді жою қажеттілігі тұрады.Өзім бастауыш мектепте орыс тілі пәнінен сабақ бергендіктен оқудағы кедергілерді жою мақсатында біріші кезекте түсінуді дамыту жөнінде төмендегідей ұсыныстарды үнемі басты назарда ұстауды алдыма мақсат етіп қоямын:

1.Оқушыларға оқуды дұрыс түсінуі үшін ым мен визуалды белгілерді қолдану

2.Нақты белгілерді, фотосуреттерді,анимацияларды қолдану арқылы абстрактілі ұғымдарды нақты ұғымдарға айналдыру.

3.Үнемі көрнекі құралдарды пайдалану

4.Түйінді сөздерді және еске түсіргіш кішітіректер пайдалану.

5.Оқушыларды өздігінен тыңдата отырып,түсінгендерін бейнелету және есте сақтауларын дамыту үшін тыңдалым бойынша сөздіктер тізбегін жаздыру.

Сауаттылық пен тілді үйрену кезінде бастапқыда оқушыларға сұрақ қоя отырып, оларды мәтінді қабылдауға дайындаймын..Бұл қазақ тілді мектептердегі жүргізілетін ең тиімді әдіс болып табылады.

Сабақта оқушылардың өзара жәрдемдесуін және өзара әрекеттесуін ынталандыра отырып, жұпта жұмыс істеу дағдыларын дамытамын.

Мәтіндегі жаңа сөздерге көңіл аударта отырып,олардың мәтінмен жұмыс істеу барысында көмек қолын созамын, өйткені оқушылар жас ерекшелігіне байланысты өз жауаптарының дұрыс немесе бұрыс екендігін ажырата алмай көбіне үндемей отырғанды жөн санайды. Ал мұғалім тарапынан оларды қолдаған жағдайда, оқушылар өз ойларын ашық айта алады.

Оқу материалының ауызша таныстырылымын, өз беттерінше орындайтын тапсырмалар,жұпта және топта талдау жұмыстарын жүргізуде оқушыларға өз пікірлерін айтуға мүмкіндік беремін.Өз пікірін ашық айтып үйренген оқушының сабаққа деген қызығушылығы артары сөзсіз.

Үлгерімі төмендеу оқушыларға көбірек көңіл бөлу қажет,белгілі бір себептермен сабаққа қамтылмай қалған және ерекше ықылас пен қамқорлықтан тыс қалған оқушыларды мідетті түрде келесі сабақта басты назарда ұстап,жағымды ахуал орнатуға тырысамын. Ең маңыздысы әрбір сабаққа қол жеткізуге болатын мақсаттарды белгілеуіміз керек. Біздің алға қойған мақстымыз қолжетімді болған кезде ғана, өз жұмысымыздың нәтижесін және сапалы білім бергендігімізді көре аламыз. Сапалы білім беру үшін бастауыш сынып мұғалімдеріне төмендегдей талаптар қойылады:

1Педагогикалық қабілеттің болуы- бұл кәсіби мамандығына құштар, оны жан- тәнімен сүйетін,оқушылармен қарым қатынаста болудан ләззат ала білуі.

2.Ұйымдастырушылық- мұғалім оқушыларды оқу-танымдық істерге тарта білуі, міндеттерді бөлістіру, жоспарлау, орындалған жұмыстарға қорытынды жасай білуі.

3Қарым -қатынастық- өз әріптестерімен, оқушыларымен, олардың ата -аналарымен іскерлік байланыста болуы

4.Түсінім- оқушылардың жан дүниесіне еніп,олардың көңіл-күйін шынайы бағалай білуі, психикалық ерекшеліктерін тани білуі

5.Дидактикалық- оқу материалдарын, көрнекі құралдарды дұрыс пайдалану, оқу мзмұнын түсінікті, нанымды және бірізді баяндау

6. Танымдық- оқушыларды өздерінің танымдық қызығушылықтары мен рухани қажеттіктерін дамытуға, олардың оқу- танымдық белсенділігін арттыра білуі

7.Ғылыми-танымдық, педагогика,психология ,әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтарды игере білуі

Бұл талаптарды іске асыруда мұғалімге қажет және маңызды сапалар- жауапкершілік, талапшылдық, мақсат қоя білу және оны шешу жолдарын таңдай білу, табандылық, еңбеккерлік, жүйелілік,жаңа технологияны жетік меңгеру.

Жаңа технологияны пайдалануда мұғалім баланың бойындағы қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуына,білімді өз бетінше іздену арқылы алуына және сонымен бірге өз шешімін дәлелдеуге,бірін - бірі оқытуға, бірінен - бірі үйренуіне жағдай жасауы керек. Ал мұндай жағдайларды жасау үшін мұғалімдер арасында өзара тәжіриебе алмасып, кәсіби дамуын жетілдіріп отыруы тиіс.

Осы мақсатта мектебімізде «Сенім» және «Жалын» қоғамдастығы құрылып,қоғамдастық мүшелері түрлі іс- шаралар атқаруда.

28 қазан күні Шардара қаласындағы №2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектепте «Өзін -өзі тану - өмірді тану» тақырыбымен мектепішілік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты:

1.Мұғалімдердің құзіреттілігін дамыту

2.Жаңа әдіс- тәсілдер арқылы сыныптан тыс жұмысты жетілдіру

3.Өзара жағымды қарым -қатынасты арттыру. Семинарды мектеп директоры Р.Беркимбаева ашып, сабақтарға толық қатысып, қорытынды бөлімде мектеп мұғалімдерінің жаңаша бағытта жұмыс істеп жатқандығына алғысын білдірді. Семинарда І деңгей бойынша сертификатталған мұғалімдер С.Жиенбаева,Қ.Сабирова,Б.Махамбетова,Л.Абдукаримова,АМамраимова және тәлім алушы мұғалімдер Ж.Мырзалиева, Г.Рүстембектер өз сабақтарын жоғары дәрежеде өтті.

Мектептегі оқыту үрдісіне оқытудың жаңаша тәсілдерін енгізу,мектептегі білім берудің сапасының артуына ықпал ету мақсатында шебер сыныптар өткізілді. Шебер сыныптар өту барысында мұғалімдерден С.Жиенбаева орыс тілі пәнінен «Наша квартира», Қ.Сабирова «Жалаң және жайылма сөйлем», Махамбетова Б.ана тілі пәнінен «Қыс», А.Мамраимова математика пәнінен «Арифметикалық амалдар», Л.Абдукаримова қазақ тілі пәнінен «Күрделі сөздер» тақырыбында сабақтар өтті. Мұғалімдер шебер сыныптардың қорытындыла кезеңінде әрбір сабақтың ерекшелігіне,ондағы мұғалімдердің пайдаланған әдіс-тәсілдеріне және оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттеріне тоқталды. Мұғалімдеріміз сабақтарында мүмкіншілігіне қарай жаңа технологияны тиімді, жүйелі түрде қолдану арқылы оқушылар бойында пәнге деген жеке қызыушылығын оятып,танымдық қабілеттілігін қалыптастыруда, өзіне деген сенімін арттырып,жолдастарының пікірін тыңдауға,оларды сыйлауға,сараптауға, бағалауға дағдыландыруда.

Сол себепті де әрбір сабақтың мақсат, міндетіне сәйкес оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді етіп таңдау, оқыту үдерісіне қолдану шеберлігін жетілдіріп отыру өте маңызды.

Себебі қазіргі заман талабына сай жан-жақты, өз ойын еркін айта алатын, саналы да, тәрбиелі жас ұрпақ тәрбиелеу мұғалімдер қауымына жүктелген міндет.




© 2010-2022