Газетке мақала Жайдарлы жаз

                                                                Жайдарлы жаз         Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.         Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – т...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Жайдарлы жаз
Жаз айлары - мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс - мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана - сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.
Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән - тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.
Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз - тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу - шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.
Осыған орай, Теректі ауданы Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы «Жас Ұлан» жазғы демалыс лагеріде биылғы жазғы маусымдағы кезекті жұмысын 1 маусымнан бастады. Жазғы сауықтыру лагері үш аусыммен жұмыс жасады. Лагерьде ойын алаңдары, спорттық ойындар мен сайыстар өткізілуіне арнайы спорт алаңы, ойын бөлмесі тағы басқа толық жағдайлар жасалды. 1 маусым «Балалар күні» мерекесіне орайластырылып, ашылу салтанаты өткізілді. Әр маусымда балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында спорттық жарыстар, жолдастық кездесулер, жорықтар, көңілді кештер өткізілді.

Демалысты ұйымдастыру барысында ұстаз - тәрбиешілер балалардың жас ерекшелігін, психологиялық ерекшелігін, денсаулығын, ұлттық ерекшелігін, қабілет - мүмкіндігін, т.с.с. ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп отырып, әр балаға ерекше ықылас бөліп, әр баланың сабақ барысында ашылмаған жаңа қырынан танылуына, мұғаліммен сырласып, оқушылармен дос болуға қажетті барлық жағдайды жасады.
Жаз бойы өткізілген шаралар нәтижесінде ұстаз - тәрбиешілер балаларға өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруді, ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеруді, достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуды, туған жердің табиғатының және экологиялық маңызына мән беруді, ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт-дәстүр, және т.б. ұғымдарды меңгертуге өз үлестерін қосты.

Балалардың жүрегіне ізгілік пен қуаныш сыйлай ашылған жазғы демалыс лагерьлерінде демалушылар бос уақыттарын мағыналы өткізіп, үйлеріне сергіп кетіп қана қоймай, белгілі бір бағытта білімдері мен қабілеттерін жетілдіріп қайтқаны сөзсіз.


Теректі ауданы

Аңқаты ауылы

Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебінің

Тәрбие ісінің меңгерушісі Шамбилова Арайлым Ғалымжанқызы

© 2010-2022