Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары /6-сынып/

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 сынып


Лексика-грамматикалық тест тапсырмаларын орындауға нұсқау:


1) Берілген 4 тапсырмаға жауапты 4 нұсқадан (А, В, С, D) табыңыз.

Үлгі:

1. Маржан қазақша жақсы жаза, ... А) оқу

2. Сен мына кітапты ... В) оқи алады

3. Дастан мына журналды ертең ... С) оқиды

4. Жақсы ... міндетің D) оқыдың ба?

Жауаптары: 1 - В; 2 - D; 3 - С; 4 - А.

Жауаптарын оң жақ нұсқадан таңдайсыз.


Дұрыс жауабын таңдаңыз.

1. Дастанның ... бар. A) қарындасына

2. Ол ... өте жақсы көреді В) қарындасы

3. Дастан ... кітап сатып алды С) қарындасын

1. - ... 2. - ... 3. - ...

4. Менің досым маған .... айтты. A) опера театрында

5. Ол ... айтты. В) опера туралы

6. Мен ... болған емеспін. С) опера театры туралы

4. - ... 5. - ... 6. - ...

7. Менің достарым ... шығар A) спорт залға

8. Жұмысшылар ... салып жатыр В) спорт залда

9. Кім ... барды? С) спорт залын

7. - ... 8. - ... 9. - ...

10. Менің ағам ... оқиды. A) медицина акедемиясы

11. Менің де ... түскім келеді В) медицина академиясында

12. Осы көшеде ... бар. С) медицина академиясына

10. - ... 11. - ... 12. - ....

13. Маржан ... болғысы келеді. A) дәрігер

14. Менің інім ... барады. В) дәрігерге

15. Мына әңгіме ... туралы. С) бала дәрігері

13. - ... 14. - ... 15. - ...

16. Менің әпкеме ... ұнайды A) француз әдебиеті

17. Ертең ... лекция болады В) француз әдебиетіне

18. Ол ... қызығады. С) француз әдебиетінен

16. - ... 17. - ... 18. - ....

19. Дәурен ... сатып алды. A) бүгінгі

20. Менде ... жоқ. В) бүгінгі газет

21. Мен ... бір мақаланы оқығым келді. С) бүгінгі газетті

19. - ... 20. - .... 21. - ...

22. Менің журналымда ... жоқ. A) осы мақала туралы

23. Маған ... керек. В) осы мақала

24. ... менің досым жазды. С) осы мақала

22. - ... 23. - ... 24. - ...

25. Біз ... жиі боламыз. A) ұлттық мұражайға

26. ... қаланың орталығында В) ұлттық мұражайда

27. ... 100 жыл болды. С) ұлттық мұражай

D) ұлттық мұражайдың

25. - .... 26. - ... 27. - ...

28. Біз ... концертінде болдық. A) танымал әншіні

29. Достар ... танысты. В) танымал әншінің

30. Олар ... туған күнімен құттықтады. С) танымал әншімен

D) танымал әншіге

28. - ... 29. - ... 30. - ...

31. Мына дүкен .... A) Абай даңғылы

32. Мен ... жақын тұрамын В) Абай даңғылында

33. ... қаладағы ең ұзын даңғыл. С) Абай даңғылына

D) Абай даңғылының

31. - ... 32. - ... 33. - ...

34. ..... қайда? A) қала кітапханасының

35. Мен ... кітап аламын. В) қала кітапханасы

36. ... ғимараты жақында салынған. С) қала кітапханасынан

D) қала кітапханасымен

34. - ... 35. - ... 36. - ...

Дұрыс жауабын таңдаңыз.

37. Біздің сыныпта ... қызды кездестірдім. A) болмаған

38. Мұражайда ... қызды кездестірдім. В) оқитын

39. Сабақта ... қызды кездестірдім. С) танысқан

D) келмеген

37. - ... 38. - ... 39. - ...

40. Бұл менің мектепте бірге ... досым. A) жазатын

41. Бұл менің менімен хат ... досым. В) оқитын

42. Бұл менің маған жиі хат .... досым. С) жазысатын

D) сөйлесетін

40. - ... 41. - ... 42. - ...

43. Дастан 30 мың сөзден ... сөздік сатып алды. A) айтқан

44. Дастан 8 мың теңге ... сөздік сатыл алды. В) тұратын

45. Дастан оқытушы ... сөздікті сатып алды. С) болмайды

D) болған

43. - ... 44. - ... 45. - ...

46. Оқытушы ертең ... айтты. A) қайталау керектігін

47. Оқытушы барлық оқушылардың В) бақылау жұмысы болатынын

грамматиканы ... айтты.

48. Айдос ережені ... өтінді. С) түсіндіріп беруді

D) бақылау жұмысы болғаны

46. - ... 47. - ... 48. - ...

49. Толғанайға осы күлгін түс ... А) келеді

49. - ... В) жарасады

С) болады

D) келіп тұр

50. Өткен аптада осы фильм қаланың А) өтіп жатыр

барлық театрында ... В) болған

50. - ... С) келе жатыр

D) бола жатар

51. Фильм басталайын деп жатыр, теледидарды ... А) өшір

51. - ... В) қос

52. Ыдыстарды мен жуайын, сен аздап ... А) демал

52. - ... В) демалып жүр

53. Спортпен үнемі ... А) айналысып жүр

53. - ... В) айналысып қой

54. Сенің ағам өзінің машинасын ... келеді. А) сатқысы

54. - ... В) сатады

55. Оған бұл мәселені шешуге ... керек. А) көмекке

55. - ... В) көмектесуге

С) көмектесу

56. Бүгін мына дәріні ... ұмытпа. А) ішу

56. - ... В) ішуді

57. Ол өзінің сапары туралы ... А) айта алмады

57. - ... В) айта алмау

58. Сағат сегіз, ... уақыт болды. А) тұру

58. - ... В) тұратын

59. Мен өзімнің кілтімді еш жерден ... алмадым. А) табу

59. - ... В) таба

60. Емтиханға бірге ... А) дайындалайық

60. - ... В) дайындалдым

С) дайындалу

61. Терезені ... да болады. Далада күн өте жылы. А) жапсаң

61. - ... В) жаппасаң

62. Ауру өте әлсіз. Оған әлі төсектен ... ... А) тұруға болмайды

62. - ... В) тұруға болады



Оқылым бөлігі

Оқыңыз.

Жер шарының үштен екісі - су. Оның 97% жарамсыз тұзды теңіз суынан тұрады. Бізде су көп пе, аз ба? Демек, жердің физикалық-географиялық картасына қарағанда көгілдір түс көбірек болғанымен, су ресурстары көп емес. Планета халқының үштен бірі қазірдің өзінде-ақ су тапшылығына ұшырап отыр. Жаңа ғасырда таза су тауарға айналды. Германия тұщы суды Швециядан сатып ала бастады, АҚШ бір текше метр тұщы су үшін Канадаға 5 центтен төлейді. Гонконг ауыз суды Қытайдан алады. Тасымал сумен тұтас бір мемлекет - Алжир тіршілік етіп отыр.

(Баспасөз беттерінен, 81 сөз )

63. Мәтін мазмұны ... туралы.

А) ауыз су

В) теңіз

С) өзендер

D) су ресурстары

64. Сөйлемді жалғастырыңыз.

Планета халқының үштен бірі қазірдің өзінде-ақ су тапшылығына ұшырап отыр, себебі ... ...

А) мұхиттар көп емес

В) су ресурстары көп емес

С) ауыз су көп

D) тұщы су көп

***


Балқаш көлі оңтүстік-шығыста орналасқан. Ұзындығы - 614 шақырым (км), ені - 74 шақырым (км).

Балқаш көліне Іле, Лепсі, Аякөз, Бақанас, Қаратал, Мойынты сияқты өзендер құяды.

Балқаш көлінің орташа тереңдігі - 6 метр, кейбір жерлері - 27 метр.

Соңғы жылдары көлдің жалпы аумағы 2000 шаршы метрге (кв. км) азайды, деңгейі 3 метрге түсті. Тұздану арта түсті. Балық азайып жатыр. Арал апаты - бәрімізге сабақ. Үкімет Балқашқа назар аударуы қажет. Ресей мемлекетінде «Байкал көлі туралы» заң бар. Парламент «Балқаш көлі туралы» заң қабылдаса, артық болмас еді. Себебі Балқаш көлі еліміз үшін аса маңызды.

(Баспасөз беттерінен, 80 сөз)


65. Мәтін мазмұны ... туралы.

А) Жетісу өзендері

В) Балқаш көлі

С) Балқаш көлі туралы заң

D) Арал апаты

66. Сөйлемді жалғастырыңыз.

Балқаш көлі еліміз үшін аса маңызды, сондықтан ...

А) Байкал көлі туралы заң бар

В) Балқаш көлі туралы заң қабылдау керек

С) тұздану арта түсті

D) Арал апаты бәрімізге сабақ

***


Мектепте бәріміз химия пәнін оқыдық. Менделеев кестесімен таныстық. Осы кестені білуге тырыстық. Өйткені химиясыз өмір жоқ. Күнбе-күнгі тіршіліктегі қарапайым ғана дерек. Мұны кішінің де, үлкеннің де білгені дұрыс. Мысалы, салмағы 70 кг адам денесінде ғалымдардың айтуынша, шамамен, 12,6 кг көміртегі, 45,5 кг оттегі, 7 кг сутегі, 2,1 кг азот, 1,4 кг кальций 150 грамм натрий, 100 грамм калий, 200 грамм магний, 700 грамм фосфор, 157 грамм күкірт, 5 грамм темір, 100 грамм фтор, 1,1 грамм йод, 0,0005 грамм мышьяк болады екен. Адам денесінде дақ күйінде ізі байқалатын микроэлементтер: марганец, бром, мырыш, алюминий, кобальт, мыс, бор, берилий, барий, строний, ванадий, хром, кадмий, молибден тағы басқалары да кездеседі.

(«Егемен Қазақстан», 29 қаңтар, 2003 ж. 104 сөз)

67. Мәтіндегі негізгі ақпаратты айтыңыз.

А) Адам денесіндегі элементтер

В) Менделеев кестесі

С) адам денесі

D) химия пәні

68. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Адам денесінде ғалымдардың айтуынша, шамамен 12,6 кг көміртегі, 45,5 оттегі, 7 кг сутегі болады екен.

А) шамалап

В) шамалы

С) мөлшермен

D) мөлшерлі

***


Ертеде Үнді елінде ақылды данышпан болыпты. Ол шахмат ойынын ойлап тауыпты. Патшаға бұл ойын өте ұнапты. Данышпанға ойлап тапқаны үшін сыйлыққа қалағаныңды ал,- депті. Данышпан қарт патшадан алтын да, меруерт те сұрамапты, дән сұрапты. Дән шахмат шаршылары сайын екі есеге өсуі керек. Ақылды қарттың бұл сұраған сыйлығына бәрі күліпті, тіпті патша: «Менің жомарттығыма сай емес сыйлық сұрадың»,- деп ренжіп те қалыпты. Дана қарт өз сөзінде тұрып алыпты.

Сонымен сарай математиктері күндіз түні демалмастан санапты, санап болған кезде данышпанның сұрағанына Үнді еліндегі дән жетпепті.

Бәрі де шахматты ойлап тапқан данышпанның тағы бір тапқырлығына куә болып, таң қалыпты.

(Баспасөз беттерінен, 94 сөз)


69. Мәтін мазмұны ... туралы.

А) данышпан қарт

В) шахмат

С) патша

D) сарай математиктері

70. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Ертеде Үнді елінде ақылды данышпан болыпты.

А) Ескіде

В) Баяғыда

С) Өткен ғасырда

D) Өткенде

71. Асты сызылған сөзге мағынасы жақындау сөзді табыңыз.

Ақылды қарттың бұл сұраған сыйлығына бәрі күліпті.

А) кәрінің

В) қарияның

С) данышпанның

D) данышпаннан

***


«Отырар сазы» - Қазақ академиялық фольклорлық-этнографиялық халық музыкалық оркестрі. 1980 жылы Қазақ филармониясы жанынан Н.Тілендиев ұйымдастырды. Алғаш шағын ансамбль ретінде жұмыс істеді. 1982 жылдан бері оркестр. Мұндағы қос ішекті, үш ішекті домбыралар, қобыз, сыбызғы, саз сырнай, жетіген, шаңқобыз, асатаяқ секілді ертеден белгілі музыкалық аспаптардың орындауындағы шығармалар өзінің ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Кейіннен оркестрдің аспаптар құрамы кең шанақты және шіңкілдек домбыралар, нар қобыз, жез қобыз, мес қобыз (сазген), адырна, даңғыра тағы басқа музыкалық аспаптармен толықтырылды. Репертуарында: халық күйлері Кеңес, Сарыөзен, Халық композиторлары, Тәттімбеттің «Қос басар», «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», Сүгірдің «Кер толғау», «Бес жорға», Н.Тілендиевтің «Ата толғауы», «Аңсау», «Көш керуен»; К.Күмісбековтың «Фараби сазы» шығармалары бар.

(«Қазақ мәдениеті» энциклопедиялық анықтамалықтан, 101 сөз)

72. Мәтін мазмұны ... туралы.

А) күйлер

В) музыкалық аспаптар

С) музыка

D) музыкалық оркестр

73. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Шығармалар өзінің ұлттық нақышымен ерекшеленеді.

А) бояуымен

В) өрнегімен

С) музыкамен

D) күйлерімен

74. Сөйлемді аяқтаңыз.

Мәтін мазмұнында ................

А) тек қана домбыралар бар.

В) ұлттық аспаптар түрлері көп.

С) қобыз туралы ғана

D) жетіген туралы ғана

***


Апта неге жеті күннен тұрады? Ертедегі астрономдар Айдың әрбір фазасы жеті сөткеге созылатынын байқаған. Сондықтан айлық кезеңді төрт аптаға бөлген. Әрқайсысы жеті күннен тұрады. Апта басы демалыс күні болып саналатын сенбіден басталған. Апта күндері аспан денелерінің атымен аталған: сенбі - Сатурн күні, дүйсенбі Айдың күні, сейсенбі Марстың күні, сәрсенбі Меркурийдің күні, бейсенбі Юпитердің күні, жұма - Шолпанның күні және жексенбі - Күннің күні болып аталған. Осы атаулардың кейбірі европа тілдерінде бүгінгі күнге дейін сақталған.

Кейбір тілдерде күннің аталуы олардың реттік нөміріне де, әдет-ғұрыпқа да байланысты болған.

(М.Исқақов. Халық календары кітабынан, 83 сөз)

75. Мәтін мазмұнындағы негізгі ақпаратты айтыңыз.

А) жеті сөтке

В) жеті апта

С) аптаның жеті күні

D) күннің аталуы

76. Сөйлемді жалғастырыңыз. Апта жеті күннен тұрады, себебі ...

А) айдың әрбір фазасы 7 тәулік

В) айдың әрбір бөлігі 7 апта

С) айдың әрбір фазасы 7 түн

D) айдың фазасы күн-түннен тұрады

***


Ерте замандарда әр халықтың уақыт есебін жүргізу ережесі әр түрлі болған, сондықтан әр түрлі күнтізбелер болған. Халықтар тарихында египет (мысыр) күнтізбесі, вавилон күнтізбесі, рим күнтізбесі, араб күнтізбесі, майя күнтізбесі болғаны белгілі.

Қазіргі «календарь» атауы Ежелгі Римді мекендеген латын халқының «календариум» деген сөзінен жасалған, ал оның өзі - сол латын тіліндегі календы сөзінен шыққан туынды сөз.

Қазіргі европалық күнтізбе бізге римдіктерден келген, ал рим күнтізбесінің өзі Ежелгі Египет күнтізбесі негізінде жасалған. Араб күнтізбесі - Ежелгі Вавилон күнтізбесінің жалғасы.

Күнтізбе - халықтардың ғасырлар бойы жасаған алтын қазыналарының бірі, атадан балаға қалып келе жатқан асыл мұрасы.

Күнтізбе жеке адамдарға да, мемлекеттерге де қажет, ол бүкіл адамзатқа да қажет. Жақсы күнтізбе табиғат құбылыстарына сәйкес, ғылым табыстары негізінде жасалады.

(М.Исқақов, Халық календары кітабынан, 112 сөз)


77. Мәтін мазмұны ... туралы.

А) уақыт

В) әр түрлі күнтізбелер

С) мұра

D) ғылым табыстары

78. Сөйлемді жалғастырыңыз.

Әр түрлі күнтізбелер болған, себебі ...

А) әр халықтың уақыт есебін жүргізу ережесі әр түрлі

В) әр халықтың өз дәстүрі болған

С) әр халықтың өз мәдениеті бар

D) әр халықтың өз тарихы бар

79. Мәтіндегі негізгі ақпарат ... туралы

А) әр халық

В) күнтізбелер

С) Ежелгі Рим

D) Египет

***

Уақытты басқару - өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде келіп, мезгілінде кетеді. Бірақ еш нәрсеге үлгере алмайды. Екінші біреу үнемі кешігіп жүреді, әйтсе де, жұмысын өз уақытында орындап тастайды.

Кеңес Одағы кезінде адамдарда уақытты меңгеруге деген еш қажеттілік болмады. Міндетін орындаса болды. Қазір олай емес, әркім өзі үшін жұмыс істейді. Сондықтан кейбіреулер тәуліктің тең жартысын жұмысқа арнап жүр. Бірақ нәтижелі ме? Әркім өз уақытын меңгере ала ма? Қымбат минуттарыңызды үнемдеу бар ма? Өзгелердің уақытына құрметпен қарайсыз ба?

(Қаржы-қаражат журналынан, 67 сөз)


80. Мәтін мазмұны ... туралы.

А) мезгіл

В) жұмыс уақыты

С) уақыт үнемдеу

D) уақытты меңгеру






© 2010-2022