• Преподавателю
  • Другое
  • Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Дене шынықтыру» 2 сәбилер тобы Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Дене шынықтыру» 2 сәбилер тобы Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз»

Білімберу саласы: Таным. Денсаулық. Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Дене шынықтыру. Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұланымыз. Мақсаты: Балалардың Отанға сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екенін көз жеткізу. Балалардың денсаулықтарын нығайту. Денелерінің түзулігін қалыптастыру.Қимылдардың үйлесімдігін, тепе-тендігін дамыту, кеңістікті бағдарлауға үйрету. Жаттығулар жасаудан ләззат алу. Алдын-ала жасалған жұмыстар: 16 желтоқсан ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КМҚК «Дәншік » балабақшасы



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

«Дене шынықтыру» 2 сәбилер тобы

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз»









Тәрбиеші:Дюсупова К.К.













Самар ауылы

2015 жыл

Білім беру саласы: Таным. Денсаулық.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұланымыз.

Мақсаты: Балалардың Отанға сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екенін көз жеткізу. Балалардың денсаулықтарын нығайту. Денелерінің түзулігін қалыптастыру. Қимылдардың үйлесімдігін, тепе-тендігін дамыту, кеңістікті бағдарлауға үйрету. Жаттығулар жасаудан ләззат алу.

Алдын-ала жасалған жұмыстар: 16 желтоқсан Қазақстан Республиканың тәуелсіз күні түралы әңгімелесіп, отан туралы өлең-тақпақтар, әндер жаттау,. Тәуелсіз қазақ елі әскерлерімен таныстыру (теңізші, танкист, ұшқыш, шекарашы т.б.)

Қажетті құралдармен жабдықтар: қабырғалы тақтайша, кірпіштер, доға, султанчиктар, ойыншық ұшақ, түрлі-түсті кемелер, бөшке.

Сабақтың барысы:

  • Сәлеметсіздер ме, құрметты әріптестар! Бүгінгі «Ботақан» тобының «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты мерекелік ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Мерекелеріміз құтты болсын! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

Ал, кәнеки, қонақтар,

Ортаға назар салайық.

Балаларымыз келеді,

Қол соғып, қарсы алайық!

«Сарбаздар» маршы ойналып, балалар залға бір-бірінің артынан саппен кіреді (қонақтармен амандасады)

Тәрбиеші орындықтарға отыруға ұсынады

  • Балалар, біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?

  • Дұрыс айтасыңдар, кең байтақ, бай өлке Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз.

  • Балалар, желтоқсанда біздің еліміз қай мерекені тойлайды? (Б.ж: Тәуелсіздік күнін)

  • «Тәуелсіздік» дегеніміз өз еркіміз өзімізде, жеріміз, тендігіміз, еліміз бар.

Балалар отан туралы өлең-тақпақтар айтады.

  • Балалар, біздің тәуелсіз елімізді, жерімізді қорғап, тыныштығын сақтайтын кімдер?

Залға сарбаз апай кіреді

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Келешекте Отанымызды дамытып, қорғайтын сендер боласыңдар. Ал бүгін сарбаздар болып ойнайық па?

  • Балалар, сендердің естеріңде ме. Ең алғаш балабақша табалдырығын аттағанда кіп-кішкентай едіңдер. Ал казір сендер өсіп, денелеріңді шынықтырдыңдар, жылдамдыққа, шапшандыққа, шыдамдыққа үйрендіңдер. Ендеші бүгінгі мерекеге келген апайларға өзімізді қандай мықты, күшті, алғыр екенімізді көрсетейік.

  • Отанымызды қорғауға дайынсыңдар ма? (Б.ж: дайынбыз)

І. Бір-бірінің артынан саппен жүру

Көк жалау желбіре (двумя руками машут в разные стороны)

Асқақтап аспанда. (руки вверх, потянуться)

Жасұлан ел бірге

Сап түзе, жасқанба. (маршируют)

«Үлкен-кішкентай аяқтар» жаттығуы

  • Балалар, көрсетіңдерші, сарбаздар қалай адымдап жүреді және жүгіреді. Жүргенде адымымыз үлкен, жүгіргенде кішкентай. (Балалар бір-бірінің артынан саппен жүрумен жүгіруді алмастырады)

ІІ. Жалпы дамыту жаттығулар

Балалар шеңбер құрап тұрады

  1. Б.қ. Тұру, аяқтары сәл алшақ. Кезек-кезек алысқа қарағандай қолдарын маңдайына қойып , оңға-солға бұрылады.

Шекарашы шекарада

Алысқа қарайды.

Шекараны қорғап, бұзушыны ұстайды.

  1. Б.қ. Тұру, қолдары төменде. Қолдарын жан-жаққа созып, түсіру.

Ұшақ қанат жайғандай,

Ұшқыш қолын жаттықтырады.

  1. Б.қ. Тұру, қолдары белде. Отырып қолдарын алға созу б.қ оралу.

Теңізшілер кемеде

Бір отырып, бір тұрып

Жаттығу жасайды

  1. Б.қ. арқаға жату. Тізелерін бүгіп, қолдарымен құшақтау, б.қ оралу

Танкистер танкімен жүреді,

Денелері майысқақ болып келеді,

  1. Б.қ. тұру, қолдары белде. секіруді жүрумен алмастыру.

Парашютпен секіруге

Десантниктер қорықпайды.

Жерге дұрыс қонса,

Бәрі жақсы болады.

ІІІ. Негізгі жаттығулар

Көп-көп жаттықсақ ,

Батыл, күшті боламыз.

Отанымызды қорғаймыз.

Кедергі жолдардан өту

  1. Қолдарын жан-жаққа созып, қабырғалы тақтайшамен жүру.

  2. Бір-бірінен 20 см аралығында тұрған кірпіштерден өту.

  3. Доғаның астынан өту.

ІV. «Ұшақтар» қимылды ойынды ұйымдастыру. Тәрбиеші залда тығып қойған ұшақты балаларға көрсетіп:

Қанаттарын жайып.

Көкке ұшып, таудан асып,

Қалықтайды аспанда.

  • Ұшуға дайындаламыз, моторларды қосамыз. (бүгілген қолдарының жұдырықтарын кеуде тұсында айналдырады)

  • Ұшақтар ұшады (қолдарын жан-жаққа жайып жүгіреді)

  • Әуежайға қонады (бір аяқтарын тізерлеп отырады)

  • Жарайсыңдар, балалар, нағыз ұшқыш сарбаздар болып өсіп келесіңдер!

  • Балалар, мені тыңдаңдар!

Теңізшілер болып ойнаңдар.

«Өз түсіңді тап» қимылды ойыны ұйымдастыралады. Балалар төрт топқа бөлініп қызыл, сары, көк, жасыл кемелердің қастарына тұрады. Тәрбиешінің белгісі бойынша, алақандарыңың қырын бір-біріне жақындатып «ожауға» ұқсатып жасайды. Балалар қолдарын оңға, солға, алдыға созып толқынның бейнесіндей қозғалтады.

Суда жүзген қайықпын,

Жүзіп жүрген бала көп.

Оңға, солға бұрылып,

Жүзеді екен қайық кеп.

Тәрбиеші қайықтардың орнын ауыстырады, балалар өз түсінің қайығын тауып тұру керек.

V. Тыныс алуға арналған жаттығу ұйымдастырылады. Тәрбиеші балаларға сұлтанчиктер таратып, оларға үрлеп кемелерге жез жүзіп жүруге көмектесуге ұсынады.

- Балалар, кемелерге сәтті жел тілеп, келесі балабақшаға тез жүзіп жетуге көмектесейік.

- Балалар , сендер нағыз сарбаздар болып өсіп келетіндеріңді көрсеттіңдер. Өскенде Отанымызды қорғайтын жауынгерлер болатындарыңа сенеміз. Кемер сендерге бөшке қалтырып кетіпті, көрейік ішінде не бар екен? Жаттығуларды жақсы жасаған үшін сендерге сыйға жұлдыз-печениялар сыйлапты.

VІ. Қорытынды сұрақтар қойып, сабақты қорытындылау.

  • Балалар, біз бүгін кімдер болдық? Т.б

Бір-бірінің артынан саппен жүріп:

Өскенде сарбаз боламыз

Ел сенімін ақтаймыз

Тыныштықты сақтаймыз!

Қонақтармен қоштасын топқа кетеді.













© 2010-2022