«Толағай» отбасылық сайыс балабақшада

КеңесәскерлерініңАуғанжеріненшығарылғанына26жылтолуынаорайІІкіші,ортаңғыжәнемектепалдыдаярлықтобыбүлдіршіндері жәнеата-аналарарасында«Бізсалауаттыөмірді қолдаймыз»аттыұранмен«Толағай»отбасылықсайысыөткізілді.ІІкіші«Еркемай»жәнеортаңғы«Балапан»тобытәрбиешілеріА.А.КабашеваменА.М.Кушаеваұйымдастырды.Сайысқаүшотбасықатысты.Әртопжеңісмәресінежетуүшіналтыкезеңненөтті.Әротбасыбелсендіқатысты.Сайысқызықтыөтті.«Балдәурен»МдҰмеңгерушісі:А.С.Оразова,Ғ.Махамбетоватындағы ОЖББМденешынықтырупәнмұғалімі:Т.Б.Қа...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайысы

Мақсаты: Спортық ойындарды ойнай отырып спортқа қызығушылығын арттыру. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. МдҰ-ға ата- аналарды тарту. Ауған ардагерлерін еске алу. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

- Армысыздар, бармысыздар! Қош келдіңіздер, ата-аналар және барша сайысты тамашалауға келген көрермен қауым.

Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына орай ІІ - кіші, ортаңғы және мектепалды даярлық тобы бүлдіршіндері және ата-аналар арасында «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты ұранмен өткізгелі отырған «Толағай» отбасылық сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайысқа үш отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Топ мүшелерінің саны үшеу. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

«Спорт-денсаулық кепілі» десек, « Толағай» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара.

Олай болса, әркімге рухани және мәдени мереке сыйлайтын сайысымызға қатысқалы отырған жанұяларды ортаға шақырайық.

Қызыл түсті жиекке « ------------ » отбасы тобы орналасады.

Жасыл түсті жиекке «-----------« отбасы тобы орналасады.

Көк түсті жиекке « ------------ » отбасы тобы орналасады.

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

Ауған соғысында қаза тапқан батыр аталарымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз.

Рахмет отырыңыздар!

Басталды сайысымыз бүгінгі күн

Айырар әділқазы үздігі кім.

Бақ сынап алдыңызға келіп тұр ғой

Қарсы алайық топтарды қошеметпен.

Сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған жанұялар тобының аяқ алысын бағалау үшін шақырылған әділ қазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар:

1. «Балдәурен» МдҰ меңгерушісі: А.С.Оразова

2. Ғ.Махамбетов атындағы ОЖББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі: Т. Б. Қарғабаев

3. «Балапан» тобы ата-анасы: С.Ә.Берегенов

Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады. Ал әділ қазылар алқасы әр бөлімнен кейін бағасын беріп, сараптама жасап отырады.

(таңдау жасап кім бастайтындарын анықтап алады)

Бәйгені ат жаратып шапқан алар,

Олжаны жатқан емес, тапқан алар,- деп сайысқа қатысушы отбасы топтарына «Ақ жол!» тілейік.

Ал ендеше алдымен сайысымызды бастамас бұрын танысып алайық. «Менің жанұям»
Командалар өз ұрандарын айтып қарсылас командамен сәлемдесіп, өздерін таныстырады.

Сайысымыздың бірінші бөлімі «Арба»

Ойынның шарты:

Әр команда мүшесі шеңбермен допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау.

Сайыскерлер дайынбыз ба, бір, екі, үш. Алға!

Сайыстың тұсаукесер ойынына беретін бағаларыңызды көрсетсеңіздер.

Ойыншылардың кемшілігі мен қателіктерін айтып, ұпайларға сараптама жасап кетсеңіздер біреуіңіз.

Келесі екінші бөліміміз Көпсайыс

Шарты: Ойынды аналар скакалкамен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалар да бақа сияқты секіріп анасының қасына барады, ал әкелер өрмекші жүрісі бойынша анамен баланың жанына барып, әке мен шеше баланы қолдарына отырғызып өз орнына қайтып оралуы қажет.

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

Сайысымыздың үшінші бөлімі «Қояндар»
Ойын шарты: Анасы құрсау ішіндегі сәбіздерді жинап жүгіріп барып сәбіздерді әкесіне береді, әкесі қаппен секіріп барып баласына яғни көжегіне табыстап, баласы сәбіздерді команда қоржынына велосипедпен барып салады.

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

Қазылар алқасы бағалап жіберсек. Бағаларға түсініктеме беріп кетсеңіздер.

Ал, келесі сайысымыздың төртінші бөлімі «Сарбаз»

Ойынның шарты:

Әр командадан әкелеріміз сайысқа түседі.Олар берілген белгіден кейін противогазды киіп кедергілерден өтіп допты соғып жүгіреді.

Нетижесі допты жоғалтпау және ойын тәртібін сақтау.

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

Сараптама жасап кетсеңіздер.

Сайысымыздың бесінші бөлімі «Секірмек»

Ойын шарты:

Бірінші ойыншы анасы допты аяқ ортасына қысып секіріп келу. Екінші ойыншы баласы құрсаумен секіреді, ал үшінші ойыншы әкесі атпен шауып келеді.

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

Сараптама жасап кетсеңіздер.

Сайысымыздың алтыншы бөлімі «Тәтті жұп»

Ойынның шарты:

Әр командадан шеңбердің ішіне екі адамнан жүгіру.

Бала анасымен шеңбермен жұптасып жүгіру.

Анасы әкесімен шеңбермен жұптасып жүгіру.

Нетижесі шеңбермен кедергілерден өту және жылдамдық.

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

Сараптама жасап кетсеңіздер.

«Толағай» әніне «Балапан» тобы бүлдіршіндерінің биі.

- Өтер жылдар, айлар тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді.

Қорытынды:

Таңданайық спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық!-дей келе байқауымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік.Олай болса, бүгінгі сайыскер жанұяларды мадақтау үшін сөзді әділ қазылар алқасына береміз.(Марапаттау)

-Осы залда ардагерлеріміздің жанұялары да келіп тамашалауда, сол кісілердің лебіздерін тыңдасақ.

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен Толағай сайысы аяқталды.

Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!


© 2010-2022