Тәрбие сағаты Отбасы алтын діңгек

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Отбасы алтын діңгекТәрбие сағаты Отбасы алтын діңгекКоммуналдық мемлекеттік мекеме

«Жарсу орта мектебі»

Сынып жетекші Байсейтова Назым Токтарбеккызы













Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата- анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу, ата- аналары балаларының бойына сіңірген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.









2015- 2016 оқу жылы.

Тақырыбы: Отбасы - алтын діңгек.

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата- анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу, ата- аналары балаларының бойына сіңірген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.

Түрі: Тренинг сабақ.

Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, шар, суреттер,мақал мәтелдер, үлестірмелі парақшалар, мультимедия кабинетінде өтеді.

Жүру барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңбері. Ата-аналар мен балалары бір-біріне ізгі ниеттерін білдіреді.

III. Топқа бөлу.

Ата-аналар мен балалар өздеріне ұнаған түстерді таңдап, сол түс бойынша топ құрады.

1- Топ. Көк түс

2- Топ. Жасыл

3- Топ. Қызыл

Топтың атын қорғау.

Көк түс - аспан әлемі.

Жасыл түс - жалындаған жастықтың белгісі.

Қызыл түс - алаулаған оттың белгісі.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар және оқушылар! Бүгінгі «Отбасы-алтын діңгек» деп аталатын тренинг сабағымызға қош келдіңіздер!

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те, қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз ата-ана. Бала үшін үй-ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. «Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен -ақ нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан да әке де, ана да балаларының жан дүниесіне үңіліп мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балаларымен әңгімелескенде олардың пікірімен санасып отырғаны орынды.

1-оқушы: Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,

Әкеге арнап марапатты бастар күн.

Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн,

Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.

2-оқушы: Көшпелі және рулық-тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, жақын туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы арасында туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген. Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан. Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90 -ға жетеді. Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы - отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық - осы отбасынан есептеледі. Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол - ата, әке, бала.Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.

Оқушылар хормен: Қымбатты ата - ана, ұстаздар!

Біздің борышымыз - сіздерді құрметтеу.

Таныстыру.

1. «Отбасы- алтын діңгек» (сұрақ жауап)

2. «Ассоциация» жазу

3. «Ой өрісіңді тексер» (сөйлемдерді аяқтау)

4. «Біздің жанұя» (шығармашылық тапсырма)

5. «Қошемет көрсету» (Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру)

6. Түйіндеу.

1. «Отбасы - алтын діңгек»

Cұрақ: Балаңызға үлгі болатындай бойыңыздағы бір жақсы қасиетіңізді айтып берсеңіз?Балаңыз сіздің ойыңызға қосыла ма екен? (әр ата-ана өз қасиетін айтады,баласы қосады)

2. «Ассоциация» жазу

Сіздер әр отбасының ұйытқысыздар. Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіздер?Ата -аналар жазбаша орындаса, оқушылар сурет сала отырып, қорғайды. (үш топ өз ойларын жазады, соны қорғап айтады)

Өнегелі отбасы……

3. «Ой-өрісіңді тексер»

Тәрбиеге байланысты айтылған сөйлемді аяқтап жазу.Ата- анасы мен баласы бірге аяқтап жазуға болады. (Үш топқа парақшалар таратылады)

1-топ.

1. Егер баланы үнемі сынап отырса……….

(оқуға құлқы болмайды)

2. Балаға үнемі күлсе……………………………

(бұйығы болып өседі)

3. Баланы қолдап отырса……………………….

(білімге деген ынтасы артады)


2-топ.

1. Балаға сенім артса………………………..

(өз ісіне сенімді болады)

2. Бала төзімділікте өссе……………………

(адал болып жетіледі)

3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе……………

(ертеңіне сенімді болады)

3-топ.

1. Бала кекшілдікте өссе……………………..

(ол қатыгез болып өседі)

2. Бала адалдықта өссе………………………

(әділ болып жетіледі)

3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе………..

(бұл әлемде махаббат табуға үйренеді)

4. «Біздің жанұя»

Қоғамда жанұяның төрт типі болады екен. Соны өздеріңіз білгілеріңіз келе ме? Ендеше өз жанұяларыңызды қай типке жатқызасыздар?(ата ана мен баласы бірге ойлануға болады)

1. Әмірлі (авторитарлық)

2. Демократиялық (егемендік)

3. Бетімен жіберушілік

4. Рақымшыл жанұя

Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұя сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?… Өзгерткіңіз келмей ме?… Қалай өзгертер едіңіз?…. Кімнің көмегі қажет?…. ) Ұсынысыңыз, қосар пікіріңіз болса рефлексия парағына жазып қалдыруға болады.

Рефлексия парағы

Қай типті таңдадыңыз?

Өзгерткіңіз келе ме?

Кімнің көмегі қажет?

ИЯ

1. Отбасының

2. Писхологтың

3. Мұғалімнің

4. Тағы кім?

5. «Қошемет көрсету»

Сергіту сәті ретінде өтеді. Қойылған сұраққа қимыл-қозғалыс арқылы жауап беру.(Ата- ана сұрағын оқиды, ал балалары қимылмен жауап береді).

1-топ.

Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап жүресіз ба?

Жауап: «Иә» десеңіздер қолдарыңызды шапалақтаңыздар.

«Жоқ» десеңіздер аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

2-топ.

Балаға тәрбиені беруде ата-ана тарапынан бірдей ықпал бола ма?

Жауап: «Жанұя» десеңіздер жымиыңыздар

«Қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолды алға созыңыздар.



3-топ.

Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыздар?

Жауап: «Әке» десеңіздер орындарыңыздан тұрыңыздар.

«Ана» десеңіздер иіліп сәлем етіңіздер.

«Екеуі» десеңіздер билеңіздер.

6.Түйіндеу

«Баланы не үшін өмірге әкелдіңіз?» (ата-ана ойы)

- Бұл өмірде ұрпағым қалсын деп;

- Қартайғанда асырасын деп;

- Немере сүйсем деп; т.с.с.

Білім сапасын көтерудегі ата-ананың ролі.

Өмірге әкелген ұрпағыңыздың қандай білім алғанын қалайсыз, ол үшін сіз мұғалімге қандай көмек бере аласыз?



Ата-ана

Мұғалім Оқушы





Талдау мақсатында ата-аналарға шығармашылық жұмыс жасату.

Сіздердің алдарыңызда күннің шуағы, гүл күлтелері мен жапырақтары, құстар,жасыл шөптер жатыр. Соған сіздер білім сапасын арттыру мен тәрбие алу үшін ата-анаға, мұғалімге, оқушыға қандай талаптар қоятындарыңызды жазасыздар. Әр суретті орындарына орналастырғанда көктем бейнесі шығады. Көктем мезгілі табиғаттың оянатын кезі. Сондықтан да, құрметті ата-аналар, бізде ұйқымыздан оянып, жаңаша ойлауға, жаңаша тәрбиелеуге ат салысайық.

Қорытынды

«Тек қана ата-аналармен бірге , жалпы күш біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» деп В.А.Сухомлинский айтқандай, біз мұғалімдер сіздермен біріге отырып болашақ ұрпағымызды рухани-адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелей аламыз.

Осы тренинг сабақтың нәтижесі мынадай:

Ата-ананың қиялы ұшқырланады.

Баласының ойын тыңдай білуге үйренеді.

Ата - ананың ой-өрісі кеңейеді.

Баласы өзін ортада қалай ұстау керек екенін үйренеді.

Өз пікірін ашық айтуға үйренеді.

Мұғалімді құрметтейді.

Баласының тәрбиесіне деген жауапкершілігі артады.

















© 2010-2022