Достық көмек (қазақ тілі пәнінің ересек тобына арналған технологиялық картасы)

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫБІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ: Қатынас.БӨЛІМДЕРІ: Қазақ тілі.ТАҚЫРЫБЫ: Достық көмек.МАҚСАТЫ: Балалардың көкөністер мен жемістер туралы білімдерін кеңейту, көкөністер мен жемістерді дәмі бойынша тануға, түстерін қазақ тілінде дұрыс айтуға, мұғалімнің сұрақтарына жауап беруге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.СӨЗДІК ҚОРЫ: алма, алмұрт, жеміс, көкөніс, қияр, қызанақ.
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ересек «Б» тобына арналған оқу жұмыстарын ұйымдастырудың

№ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ: Қатынас.

БӨЛІМДЕРІ: Қазақ тілі.

ТАҚЫРЫБЫ: Достық көмек.

МАҚСАТЫ: Балалардың көкөністер мен жемістер туралы білімдерін кеңейту, көкөністер мен жемістерді дәмі бойынша тануға, түстерін қазақ тілінде дұрыс айтуға, мұғалімнің сұрақтарына жауап беруге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

СӨЗДІК ҚОРЫ: алма, алмұрт, жеміс, көкөніс, қияр, қызанақ.

ТӘСІЛДЕР

КЕЗЕҢДЕРІ

ТӘРБИЕШІНІҢ ІС - ӘРЕКЕТІ

БАЛАЛАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

Мотивациялық -

қозғаушы


Қуаныш шеңбері

Армысың, алтын күн,

Армысың, көк аспан.

Армысың, жан досым,

Жылуға, жылу қос,

Міне менің қолым.

Шеңберге тұрып керекті іс әрекетткер жасайды.




Дыбыстық жаттығу.

Міс міс міс пісті жеміс,

Ма ма ма тәтті алма,

Ді ді ді қызанақ дәмді.

Сұрақ жауап

- Қазір қай жыл мезгілі?

- Күз мезгілінде біздің ата - аналар бау бақшада не істейді? (Екі тілде).

Тосын сый. Есікті қағып машинамен аю келеді. Қолында себеті бар, себетте жапырақтар, саңырауқұлақ. Аю балалардан көмек сұрайды, оның достары қысқа дайын емес екен.

Мұғалімді тыңдап, бірге қайталайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Таңғалады. Аюмен амандасады, танысады.

Аюға көмектесуге келіседі.

Іздену - ұйымдастырушы

- Балалар, бүгін ауылдағы әжеміз білгендей бізге жемістер беріп жіберіпті. Қанеки не берді екен, қарайық. Себеттен алып, мынау не? қандай? деп сұрайды. Жақсы, жарайсыңдар.

Сергіту сәті.

Қорбандаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық,

Орнымызға барайық.

Бау бақшаға барады.

Балаларды, аюды бау - бақшаға шақырады.

Саусаққа арналған жаттығу.

Бала, бала, балақан,

Қане қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай, былай ойнат.

Үстел басында жұмыс.

Ойын «Ненің дәмі?»

Банкідегі компотты, тұздалған қиярды аюға сыйлайды.

Мынау алма. Алма қызыл. Мынау алмұрт. Алмұрт сары.

Мұғаліммен бірге іс әрекеттер жасайды.

Балалар бау бақшаға барып, аюға көкөністерді көрсетіп, атайды.

Саусақтарға арналған жаттығулар жасайды.

Банкіге мөрімен көкөністер мен жемістерді салып, компот жабады.

Балалар көздерін ширетпен орамалмен байлап, алма, сәбіз,алмұрт жейді, ол не екенін айтады.

Аю рақметін айтып, орманға кетеді.



Рефлексивті - коррекциялаушы


Балалар бізге сабаққа не келді?

Ол бізден не сұрады?

Біз қайда бардық?

Балалар, сендер бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар, рақмет, сау болыңдар.

Сұрақтарға жауап береді, қоштасады, топқа барады.





КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:



БІЛУГЕ ТИІС: көкөністер мен жемістің қазақ тілінде атауларын.

ТАЛАПТЫ БОЛУ: мөрмен жұмыс істей білуге.

ҚОЛЫНАН КЕЛУІ ТИІС: мұғалімнің сұрақтарына жауап бере білуге.

Қазақ тілі мұғалім: Жаркенова К.С.



© 2010-2022