Разработка по казахской литературе на тему: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиеті

8-сынып

Күні :

Сабақ №10


Сабақтың тақырыбы

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым».


Мақсаты

Оқушыларға Абай өлеңінің мәнін түсіндіре отырып, сол кездегі дәуір тынысын, қазақ халқының мінез ерекшелігін ұғынуға жағдай жасау. Абай шығармаларын оқу арқылы адам бойындағы қасиеттерді саралай білуге, ой түюге, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру. Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқор болуға

Күтілетін нәтиже

Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға талпынады.





Әдіс - тәсілдер

«Шаттық шеңбері», «Жұбыңды тап» әдісі, «Крестиктер-нөлдіктер» әдісі, «Бетпе-бет студиясы» әдісі

Сілтеме

Оқулық,интернет ресурстары

Ресурстар

Оқулық, интербелсенді тақта, семантикалық карта, кеспе қағаздар, ватман, стикер, маркер т.б

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Сабаққа кіріспе

1.Амандасу, түгелдеу. Тренинг: «Шаттық шеңбері».

2. «Жұбыңды тап» әдісі бойынша топқа бөлу.

Оқу құралдарын алып сабаққа әзірленеді.

Өз жұбын сұрақтар қою арқылы табады.Менің арқамда кімнің аты жазылған деген сұрақ қоюға болмайды.Өз жұптарымен топқа барып отырады.

Үй тапсырмасын тексеру

«Крестиктер-нөлдіктер» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру.







1-ші команда(нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.

4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.


Жаңа сабақ


І тапсырма. Абай ақын өмірі, шығармалары, ақын туралы естеліктер(Электронды оқулықтан ақын Абайдың өмірі мен шығармалары туралы мәлімет тыңдалады)

І топ: Абай кім?

ІІ топ: Абай өскен орта

ІІІ топ: Абайдың шығармашылығы

ІV топ: Абай туралы зерттеулер, естеліктер. Ақынға арналған өлеңдер оқылып, жазылған естеліктер айтылады.

ІІ тапсырма. Шығармашылығы

Поэзиясы

Қара сөздері

Аудармалары

Әндері, күйлері

176 өлеңі бар,

«Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» поэмалары бар

45 қара сөзі бар

М. Ю. Лермонтов

И. А. Крылов

А. С. Пушкин

Я. Полонский

«Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Бойы бұлғаң», т.б.

«Май түні», «Тор жорға», «Абай желдірмесі»

ІII. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі
Таспадан «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі тыңдалады.

Оқушылар өз топтарында талқылап,өз ойларымен бөлісіп шығады.



Кестені толтырып шығады




Оқушылар өлеңді тыңдап шығып,талдайды.

Кері байланыс

«Бетпе-бет студиясы» әдісі
«Сен Абай жайлы тағы не білесің ?»

Білемін

Білдім

Білгім келеді


Оқушылар өз бетімен ақын Абай жайлы қарап келген қызықты, мәнді деректермен бөліседі. Мысалы, оның шығу тегі, жеті атасы.

Бағалау

Бағалау парақтары

Бағалау парақтарын ескеріп, жиынтық баға шығарады.

Үйге тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқып келу .

Күнделіктеріне жазып шықты



© 2010-2022