Тақырыбы: «Дөңгелек күн» сенсорлық түстерді айыру

Тақырыбы: «Дөңгелек күн».Мақсаты: Балаларға таныс геометриялық фигуралар (үшбұрыш,дөңгелек,шаршы) туралы білімді бекіту,тапсырыс пен сөздік мағынасы бойынша, заттар түсіне бағыттала заттарды іріктеп таңдауды үйрету.Дамытушылығы: Балалардың түс пен пішін жайлы білімдерін бекіту,қабылдауды,есте сақтауды,көрнекі-бейнелік ойлауды дамыту.Тәрбиелігі: Балаларды әртүрлі сенсорлық сезінулермен байыта отырып, қоршаған ортада бағдарлау тәжірибесін кеңейтіп,талпынушылық пен білуге деген құмарлыққа тәрбиелеу...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Дөңгелек күн»

Мақсаты: Балаларға таныс геометриялық фигуралар (үшбұрыш,дөңгелек,шаршы) туралы білімді бекіту,тапсырыс пен сөздік мағынасы бойынша, заттар түсіне бағыттала заттарды іріктеп таңдауды үйрету.

Дамытушылығы: Балалардың түс пен пішін жайлы білімдерін бекіту,қабылдауды,есте сақтауды,көрнекі-бейнелік ойлауды дамыту.

Тәрбиелігі: Балаларды әртүрлі сенсорлық сезінулермен байыта отырып, қоршаған ортада бағдарлау тәжірибесін кеңейтіп,талпынушылық пен білуге деген құмарлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Үйрету,тәрбиелеу,түсіндіру,дамыту.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: құрсау,геометриялық фигураларға ұқсас заттардың суреті,геометриялық фигуралар(шеңбер,үшбұрыш,шаршы) бейнеленген карточкалар,геометриялық фигуралар салынған қапшық.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті туғызушылығын ояту кезеңі.

Ойындық жағдаят.

Тәрбиеші балалардың дөңгелек сызық бойына тұруын сұрайды.

-Балалар қараңдаршы,біздің дөңгелек қандай үлкен.Ол күнге ұқсай ма?

-Кәнеки,біздің күнімізге сәулелер жасайық.Оң қолдарыңмен құрсауды ұстаңдар,ал сол қолдарыңды сыртқа қарай созыңдар.Міне,біз сәулелер сияқтымыз.

Балаларға әткеншек ойнау ұсынылады.

-Күн құрсау қандай пішінге ұқсайды?

Балалар дөңгелек сызық бойына тұрады.

-Иә,күнге ұқсайды.

Тәрбиешінің айтқанын орындайды.



-Дөңгелекке.

Ұйымдастырушылық- ізденіс кезеңі.

Үстелде геометриялық пішінге ұқсас заттардың суреттері қойылған.Балалардан сұрайды:

-Заттар қандай пішіндерге ұқсайды?

Әр балаға кез келген затты таңдап және сәйкес белгісіне қарай (пішіні бойынша) үстелге қоюды ұсынады.Балалардан заттардың түсі мен өлшемін анықтап сұрайды.Заттың пішінін саусақпен жүргізіп шығуларын ұсынады.Балалардың заттарды дұрыс орналастырғанын тексереді.

Жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті.

Келе жатты үйлеріне үш аю,

Ең үлкені іштерінде әке-аю.

Ал ұлдары болдығой тым кішкентай,

Жүрген еді сылдырмақты тастамай.

Балалардың жауаптары:

-дөңгелекке.



Саусақтарымен заттарды айналдыра жүргізіп шығады.



Қимыл-қозғалыстар жасайды.

Іс-әрекетті бағалау кезеңі

«Қапшықтан алып шық» ойыны.Үстел үстіне бір фигураны қояды.Балалардың біреуі шығып,қапшықтың ішінен дәл сондай фигураны табуларын сұрайды.

-Бүгін біз геометриялық пішіндерді ажыратуды үйрендік,олардың неге ұқсайтынын білдік.Сонымен қоса,олардың әртүрлі түстер мен өлшемнен болатынын білдік.Жарайсыңдар!

Сипап ұстау арқылы қапшықтың ішінен алып шыққан фигураның атауын бала атап,сосын түсі мен өлшемін анықтайды.

Күтілетін нәтижелер :

Жасайды: геометриялық пішіндерге ұқсас заттардың атауын,пішіндер атауын(шеңбер,шаршы,үшбұрыш)

Түсінеді: пішіндердің түсі және пішіні бойынша салыстыру дағдысын

Қолданады: көрсетілім мен сөздік сипаттамаға бағыттала отырып,заттарды жинақтауды.



© 2010-2022