Статья на тему Қазақ және орыс халқындағы 3 санының қасиеті

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ және орыс халқындағы 3 санының қасиеті.

№11 МҮЖОБББМ

Жетекшісі: қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі: Оспанова А.Т.

9 «в» сынып оқушысы Крамар Анжелика Павлодар қ.


Сандарды 5 ғасырда үндістер ойлап тапты. Арап сандары Еуропада Х ғасырда пайдадануға енді.

Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор [1, 75б].

Көптеген халықтар үшін 3 саны бақытты сан болып есептеледі. Бұл сан, әсіресе, аңыз, орыс халқының аңыз, еретегілерде жиі кездеседі. Мысалы, үш доңыз, үш аю, үш батыр туралы ертегілер. Ежелгі гректерде үш саны бақытты білдірген, ал ежелгі Вавилонда үш негізгі кереметке бағынған: күн, ай, шолпан [2, 18б].

Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларды үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі - Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау - Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі - еркек, әйел, ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі [3, 66б].

Қазақ киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.

Мысалы қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген:

Үш көз: Су анасы - бұлақ, жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ

Үш тоқтам: Ақыл - арқан, ой - өріс, адам - қазық

Үш қасиет: өліде - аруақ, малда - кие, аста - кепиет

Үш талғам: мейірім - сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат

Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті

Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:

Үш жұрт: өз жұртың - күншіл, қайын жұртың - міншіл, нағашы жұртың - сыншыл

Үш із: бала, байлық, бақыт - білім

Үш ғайып: қонақ несібе, ажал

Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы

Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ

Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық

Үш қазына: Ер қазынасы - жүрген із,

Ел қазынасы - көне сөз,

Тіл қазынасы - ескі сөз

Үш мақсат: Саудагер мақсаты - ұту, жол мұраты - жету, дау мұраты - біту

Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті

Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет

Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар

Үш кемшілік: атың шабан болса - жалғанның азабы, алғаның жаман болса - дүниенің тозағы, балаң жаман болса - көрінгеннің мазағы [5, 33б].

Үш қуат:

1.Ақыл. 2.Жүрек. 3.Тiл.

Үш жүз:

1.Ұлы жүз. 2.Орта жүз. 3.Кіші жүз.

Үш құсты өлтіруге болмайды:

1. Көкқарға. 2.Қарлығаш. 3. Байғыз.

Үш адамның ниеті бұзық:

1.Өтірік айту. 2. Сөзінде тұрмау. 3. Аманатқа қиянат жасау.

Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет:

1. Ақыл. 2. Ұят. 3. Сабыр.

Үш нәрсе аз болса да, көп болады:

1. Қайыр-садақа. 2. Сауап. 3. Дұға.

Үш нәрсе үш нәрсесіз болуы:

1. Басы бар, ақылы жоқ іс. 2. Ғылымы бар, амалы жоқ іс. 3. Байлығы бар, қайырсыз іс қылушы.

Үш нәрсені ұстассыз білетіні:

1. Үйрек, қаз балапаны. 2. Денедегі баланың дүниеге келуі. 3. Қойдың құрттағаны.

Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептелінеді. Мысалы:

Үш көз: Су анасы - бұлақ, жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ.

Үш тағылым: мейірім - сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесапат.

Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.

Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл.

Қазақ ұғымында осы күні басталған істің бәрі де сәтті болады деп сенген. Аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні деп сапарға шығатын болған.

Үш жамандық

1.Нақақ қан төгу. 2.Кісі малын нақақ алу. 3.Ата бабадан қалған ескі жұртты ұзу.

Үш мұрат

1 Жол мұраты жету.2.Дау мұраты біту. 3.Қыз мұраты кету [4, 84б].

Ал орыс халқында үш санының өзіндік ерешеліктері мен құпиясы бар. Мәселен, үш христиан дінінде қасиетті сан.

Қасиетті үштік: құдай әке, құдай бала, қасиетті аруақ-жан [5, 48б].

Жұмақтың 3 аспаны. Сонымен қатар орыс тілінде мынадай деректер бар:

Иисус Христос воскрес утром на третий день.

Трижды отрёкся от Иисуса апостол Пётр.

Троеручица - чудотворная икона Божией Матери.

Три отрока в пещи огненной.

Три года общественного служения Иисуса Христа.

Три креста на Голгофе.

Водоносы по три меры в чуде на браке в Кане Галилейской.

Трезвон - разновидность колокольного звона [5, 88б].

Сонымен қатар орыс тілінде 3 санымен мыналар байланысты: кеңстік; ұзындық, ен, биіктік, заттың үш түрі; қатты, сұйық, бу, мезгілдің үш түрі; қазіргі, өткен, болашақ, сонымен қатар, адамның тууы, өмірі, қайтыс болуы, басы, ортасы, соңы.

Фольклорда үш тілек, үш мүмкіндік, үш ханзада, үш мыстанкемпір кездеседі.

Үштің негізгі символы - үшбұрыш.

Үштік тұрақтылық, тұтастық және аяқталғандықты білдіреді. Пифагор бұл санды үндестік саны деп есептеген [6, 74б].

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Уәлиев Н. Жұмбақ сандар // Жалын. 1988. 105-108 бб. ;

2. Киелі сан есімдер әлемі // «Шоқан тағлымы»-8. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. -Көкшетау: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2003. - 28-33- б.

3. Ахметжанова Ф. Р. , Дүсiпбаева Қ. С. «Қасиеттi сандар қатысқан қазақ

ескiлiктерi» Ғылыми басылым. - ШҚТУ, Өскемен, 2001.

4. Қайдар Ә. Т. Халық даналығы. -Алматы, 2004, -565б.

5. Кеңесбаев І. Жеті, үш, тоғыз, қырықпен байланысты ұғымдар. Қазақ ССР ҒА хабары. Филология сериясы, 1946, 4/26/ шығарылуы.

6. Тенишев Э. Р. Тюркские «один», «два», «три». // Тюркологический сборник-1974, М. , 1975, - 104 с.

© 2010-2022