Бағалау бойынша коучинг жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үш топқа да көбелектің суретін салуды

ұсынамын.

Салынған суреттер бойынша топтар бірін-бірі

бағалайды. Неге дәл осы бағаны қойғанын

түсіндіреді.

-Айтыңыздаршы, мен осы жерде қандай қателік

жібердім?

- Енді қатысушыларға көбелек суретіне

байланысты бағалау критерийін ұсынамын. Бір-

біріңіздің суреттеріңізді мына критерийлер

бойынша тағы да бағалап көріңіздер:

1. Көбелек 4 түрлі түспен боялған.

2. Көбелектің фигуралы 4 қанаты бар.

3. Көбелектің денесі, мұртшалары бар.

4. Көбелектің көздері, аяқтары бар.

5. Көбелек гүлге қонып отыр.

-Енді критерийлерді бергенге дейінгі және

бергеннен кейінгі бағалауды салыстырыңыздар.

Айырмашылық бар ма?

-Критерий бойынша қойылған бағамен келісесіз

бе?

-Суретті салу барысындағы өз қателіктеріңізді

көрдіңіз бе?

-Жоғарыдағыдай баға мәселесіне байланысты

топтар арасында қақтығыс туды ма? Неліктен

деп олайсыз?

-Бұл бір суретке пайдаланылған екі түрлі

бағалаудан қандай қорытынды шығардыңыз?

Нені түсіндіңіз?

-Егер мен мұғалім ретінде тапсырманы

орындатпас бұрын сіздерге бағалау критерийін ұсынсам, жоғарыдағыдай қақтығыс туар ма еді?

- Осыны ҰМЫТПАҢЫЗ! Оқушыларға

тапсырманы берердің алдында олараға бағалау

критерийін ұсыныңыз, сонда оқушы алдын-ала

өзінің не үшін бағаланатынын біледі де,

тапсырманы дұрыс орындайды. Оқушыларға

бірін-бірі бағалауға, өздерін өздері бағалауға

мүмкіндік беріңіз. Сонда сіздің жоғарыдағы

суреттегідей мектептен күнде екілік

алып келетін оқушыларыңыз жойылады.

Топтардың арасында өз тобына қойылған бағамен

келіспеушілік тууы мүмкін - менің көздеген мақсатым да осы:

баға мәселесіне байланысты топтар арасында қақтығыс

тудыру.

- Бағалау критерийін ұсынбадым, сондықтан бағаға

келіспеушілік туындады.

- Біреулер көбелектің көздерін немесе мұртшаларын салуды

ұмытуы мүмкін.

Топтық жұмыс.Кластер жасау.

2 мин

Әр топқа тапсырма беріледі:

І топ: Критериалды бағалауды пайдалану

оқушыларға не береді?

ІІ топ: Критериалды бағалаудан мұғалім не

ұтады?

ІІІ топ: Критериалды бағалаудың ата-аналарға

пайдасы бар ма?

Топтар өз кластерлерін қорғайды. Топтар бірін

бірі толықтырады, ой бөліседі. Олардың

жауаптары төмендегідей болуы мүмкін немесе

өзім толықтырамын:

«Акула - күш беруші » жаттығуы

Еденге бірнеше «аралдар» сызылады. Басқарушы барлық қатысушыларға нұсқау береді. Сендер қазір барлықтарың балықтар боласыңдар. Сендер бөлмеде яғни, өзенде жүзесіңдер, ойнайсыңдар, көңілденесіңдер. Ал, мен «Акула!»-деп айғайлағанда, аман қалу үшін аралға секіріп шығасыңдар. Ал мен «акула кетті!» дегенде көңілденіп, жүзуді қайта бастайсыңдар. Акула әрбір келіп-кеткен сайын бір аралды алып тастау қажет. Ойынның соңында тек қана бір арал қалады , бірақ қатысушы балықтар неғұрлым көп сақталып қалуы тиіс.

ТМД - елдері іс -тәжірибесіне кейінгі кезде кеңірек енгізуде. Ресейде көбіне оқушының оқу жетістігін «Ғажайып сызғыш» арқылы бағалайды. Белгіленген өлшемге жұмыс сәйкес орындалса сызғыштың жоғарғы жағына, жұмыс талапқа сай болмаса төменгі жағына белгі қойылады. Белгінің орналасуы жоғарлаған сайын оның орындаған тапсырмасының деңгейі жоғары. Егер мұғалімнің көзқарасы оқушымен дәл келсе белгіні қызыл сиямен дөңгелектейді, келіспесе жанына өз бағасын қояды. Бұндай бағалау жүйені іс-тәжірибесінде қолданған ұстаздар дәптердің әр бетіне бағалау қойылатындықтан бұл тәсіл тиімсіз дейді. Осындай бағасыз оқытуда қолданылатын тәсілдердің бірі 10 -баспалдақ. Оның жоғары жағына «мен бәрін білемін, менің қолымнан бәрі келеді», төменгі жағына «мен ешнәрсені білмеймін қолымнан келмейді» деп жазылған. Оқушы өзіне қажетті сатыны көрсетеді. Тәжірибесінде қолданған мұғалімдер баланың өзі бағалауы мұғалімнің бағалауынан асып кетіп жататын болғандықтан бұл тәсілде тиімсіз.Кейбір мұғалімдер бала білсе «+» таңбасын, білмесе «-« таңбасын қою әдісін пайдаланады. Қойылған таңбаларды санап соның пайызы есебінде баға қоюды ұсынады.Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының ұйымдастырған курсында бастауыш сыныптың мұғалімдері «Оқу жетістігін өзін-өзі бағалау» бетін оқушының оқу жетістігінің динамикасы көрініп тұру үшін әр пәнге жеке арнау идеясын ұсынады. 1- сынып оқушысының оқу жетістігінбағасыз жүйемен оқытуды жақтаушылардың «Баланың тұлғасын емес оның еңбегін бағалау керек» және С.Т.Щацкийдің «Баланың тұлғасын емес орындаған жұмысын бағалау керек» т.б. идеяларды, бағасыз оқыту жүйесіндегі көптеген әдістерді зерттей отырыпоқушыны төмендегі жолмен өзін өзі бағалауын ұсынамыз: -Бұны білемін, ол қолымнан келеді. -Бұны аздап білемін, әлі үйренуім қажет. -Бұны мүлде білмеймін, білуім керек. Оқушы тапсырманы: -егер білсе, толық орындаса торды бояйды: -егер шала білсе, әлі үйренуі қажет болса торды жартылай бояйды. -Егер мүлде білмесе, үйренуі қажет болса торды сызып қояды. Оқушы өзін-өзі бағалағаннан кейін осы әдіспен мұғалім жанына өз бағасын қояды. Оқушы және мұғалімнің қойған бағалауы көрсеткіші

Білімді тексеруге қойылатын талаптар:

• тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді.

• әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.

• оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.

• оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;

• білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;

• байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;

• мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;

• бағаны әділ қойылуы;

• оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;

• әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;

• бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.

Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл - оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді
Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет- тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек. Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі - өзін- өзі бағалау және өзара бағалау. Өзін - өзі бағалау - өзіне - өзі баға қою деген сөз емес, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі.

Өзін - өзі бағалаудың алгоритмі мынадай:

1) Тапсырманы орындауда нені жасау қажет?

2) Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме?

3) Оқушы тапсырманы толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме ?

4) Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды ?

«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет (мұғалімге арналған нұсқаулық 57-бет).

Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екі құрамды : жиынтық және формативті болуы керек.

Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.

Формативті бағалау үшін не қажет?

Ø Оқушылардың оқудың мақсатын білуі және түсінуі;

Мақсат кең және сұрақ түрінде тұжырымдалу керек.Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек. Нәтижелер нақты,бақыланатын,өлшемді мақсатқа жауап беру керек.

Ø Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;

Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек.Егерде бала қателессе ,жетекші сұрақтар қойып,баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды.Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады.Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп,нені ойлап,қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе,соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп.

Ø Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;
«Оқу түбі тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек.
Сондай ақ түрлендіру,дамыту,толықтыру керек.Әртүрлі қалып пен мәнмәтінде қарастыра білу керек.
Ø Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі;
Бағалау үдерісін шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек.
Ø Оқушылардың өз жұмыстарын талдауға мүмкіндіктері мен біліктері

М

П

И

-кемшіліктер

+ жақсы

S қызықты жауап

Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз өзін бағалау және бірін бірі бағалау парақтарын ,өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады.

Ø Бағалау нәтижелерін ескере отырып ,оқытуды өзгерту.
Бағалау оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы.Формативті бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі болып табылады. Себебі бағалау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етеді.

Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан алдымен «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалаудан бастадым. Мұндағы мақсатым -өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып,оны түзетуге бағыттау.

Бұл сабақтарымда мен бірінші бетпе -бет кезіндегі үшінші апта екінші күнде таратылған «Сыныптастармен өзара бағалауға көмектесу» атты қосымша материалды басшылыққа алдым

Ол қосымшада «Оқушылардың өздерінің немесе біреудің жұмысын жай ғана бағалауға қарағанда, өзара бағалау және өзін-өзі бағалаудың мәні анағұрлым зор. Бұл үдерістің мақсаты олардың назарын өз жұмысының сапасына аудару және жақсартуға болатын жақтарын талдауға көмектесу болып табылады. Нәтижесінде бұл оқушыларды оқытуды дамытуда жауапкершіліктің жалғыз мұғалімге ғана жүктелмейтіндігін көруге мүмкіндік беріп, мұғалімнің жұмысын жеңілдетуі тиіс.

Тәжірибелік бөлім:

• Дембо және Рубинштейннің «ғажайып сызғыш» әдістемесі арқылы бағалау;

• Оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесіндегі» бағалау (Қараев пен Кобдикованың оқыту технологиясы бойынша бағалау; • Б.Блум таксономиясы бойынша бағалау;

• Жеке жетістіктер парағын толтыру арқылы бағалау;

• Эмоциялық қалыптар кескіндемесі арқылы бағалау.

• Пікірнама жазу арқылы бағалау;

• Липкинаның «Үш баға» әдістемесіне сәйкестендірілген бағалау;

• Жапсырма қағаздар көмегімен бағалау;

• Портфолио көмегі арқылы бағалау;

• М.Люшер әдістемесін басшылыққа ала отырып бағалау.

«Б.Блум таксономиясы» бойынша бағалау

Қазіргі мектеп практикасында американдық ғалым Б.Блум таксономиясын қолданылып жүр. Ол - білім және білікті меңгеру деңгейін сипаттайтын белгілер жіктеуі. Бұл таксономия оқушының танымдық және сезімдік өрісін бағалауға бағытталған. Танымдық салада оқу мақсаттары адамның білімді меңгеру және интеллектуалды білік, дағдыны игеру деңгейлерінде қарастырылады. Интеллектуалды білік және дағдыны қалыптастырумен байланысты мақсаттар: түсіну → қолдану→ талдау → жинақтау→ бағалау деп жіктеледі.

Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға,әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады», делінген.

Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес,әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды.

Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге жетелейді.Ұпайларды мектеп бағасына айналдыру шкаласы бойынша есептеп көрсетуге болады.

Оқушылар СҰРАҚТАРЫН қалдырады

Мысалы-

• Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келеді?
• Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұрау.
• Алдағы уақытта біліміңізді жақсартқыңыз келетін білім/түсінбеу саласын көрсету.
Қабілеттері шамалы оқушыларды «Не» сұрау есімдігін пайдаланып сұрақ қоюға, ал қабілеттері барынша дамыған оқушыларды «Егер де …, не болады?» деген үлгіде сұрақ қоюға ынталандыру.
«Басбармақ»
Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

«Бағдаршам»

Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.

Мысалы:

•Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).
•Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.
•Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.
Басында балалардың барлығы жасыл түстіні көрсетуі мүмкін. Содан кейін өз қателерін тауып,дұрысын дәлелдей алмағандар сары немесе қызыл тұсті көтеріп жатады.
Бағалаудың өзіндік қиындықтары да байқалып жатады. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді.Ол жағдайда оқушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн.

Формативті бағалаудың дәстүрлі бағалау жүйесінің артықшылығына сын көзбен қарайтын болсақ::

Оқушының жетістік деңгейін нақты сипаттайды;

Білімге деген ынтасын арттырады;

Баланың өзіне деген сенімділігі артып,жауапкершілікті сезінеді;
Оқушының өзін өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ барысында ғана емес,кез келген өмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлға қалыптасады.

"5" деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін қосымша материалдар қолдана алатын, ойы оралымды оқушыға қойылады.

"4" бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады.

"3" бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстүрт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.

"2" бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары:

Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін анықтау керек. Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі - жұмыс істеу қабілетінің, ынтаның, зейіннің жоқтығы. Егер бұл сапалар отбасында қалыптаспаса, онда балаға мектепте оқу қиынға түседі.

Екінші себеп - білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда оқушының оқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес беріледі.

Үшінші себеп - материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі мен негізгі емес мәселелерді ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстрактілі ойлауларын дамыту үшін талдауға, қорытындылауға жаттығулар беріледі.

Төртінші себеп - пәнге деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтижесінде оқушының зейіні, білімге деген ықыласы төмендейді. Бұл тәжірибесіз мұғалімнің ашу-ызасын туғызып, түрлі дау-жанжалдарға себепші болады. Оқушыларға талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге ықпал етеді.

Бесінші себеп - оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл табыса алмау, оқушының оқу жұмысын атқара алмауы, "қиын" балаларға еліктеуі.
Үлгермеудің басқа да себептері бар. Ең бастысы - үлгермеу себебін анықтап, жеке жұмыстың жолдарын белгілеу. Мұғалімнің, мектептің міндеті әрбір оқушының жақсы оқуына көмектесу.Баға қою білімді және шеберлікті талап етеді.Баға бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп,сыныптағы беделін анықтайды.

**Зерттеу нәтижелері

Сауалнаманың нәтижесі

Білім сапасының мониторингісі нәтиже

Проблема бойынша жұмысқа талдау жасау(SWOT-анализ)

Күшті жағы:барлық жастағы балалардың зерттеу әрекетін қолдайтындар жарыстар , түрлі конкурстар болуы.

Әлсіз жағы:барлық баламен бірге жоба жазу, қатысуының тиімді жолдарын білмеушілік.

Мүмкіндіктер:мұғалімнің дарындылықты дамытудың тәжірибесінің қалыптасуы, жинақталуы, басқа оқушыларды тартуы.

Қауіп:бала бойындағы ерекшеліктерді уақытында қолға алмау, бала қажеттігін қанағаттандыра алмау.

Қорытынды

Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын.
Бағалау -одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин
«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет
Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екіқұрамды : жиынтық және формативті болуы керек.

Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.

Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді әздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек.

Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Жобаның өнімі (бағалаудың стратегиялары)





© 2010-2022