Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері Баяндама

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері

Ағылшын тілі - әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі. Тіл адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол адам баласы сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Сөйлеу әрекетінің ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелуі тіл білімінде XX ғасырда бастау алады. Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Бала тілін зерттеген ғалымдар: А.Шахнарович, Л.Щерба, Е.Кубрякова, С.Канцельсон, Т.Аяпова т.бЛ.Щерба: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз - үздіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады», - деген.Т.Аяпова: «Адам баласының сөйлеуі - баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты,қажетті болып табылатындығын айқындайды», - дейді.

Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне жүгінсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып бере алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан, білімінің жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Тіл дамытуда мынадай тілдік материалдарды пайдалануға болады:

а) тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілерімен емес,таза «бала тілін» бақылау арқылы жүргізу. б) тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағазда- рының тілін пайдалану.

в) тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу.

Тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі: 1) сөздік жұмыстар; 2) сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3) байланыстырып сөйлетуге дағдыландыру жұмыстары.

Болашақ бастауыш сыныптың шетел тілі мұғалімінің әрбір сабағы басынан аяғына дейін балаға деген мейірімге толы болуы керек. Осы бағытта Ш.А.Амонашвили:«Мектептегі әрбір күн, әрбір сабақ мұғалім тарапынан оқушыға сыйлық болуы керек. Әрбір оқушының мұғалімнен тілдесуі бала бойына қуаныш пен өмірге деген құлшыныс беру керек» деген екен. Сондықтан да әрбір ағылшын тілі сабақтары қызығушылықты ояту, ой ашардан басталады.

Мемлекеттік білім стандартының басты мәселесінің бірі: тіл пәндерін оқытудың регуметивтік , танымдық, этиктік, бағалау бағдары. Оқушылардың тіл аралық түрлі елдің мәдениетін , әдебиетін , экономикасын,саясатын т.б үйрене отырып, халқының , өз елінің тілін, мәдениетін, әдебиетін терең сезініп білуге, дамытуға дағдыланады, үйренеді.

Шетел тілі - үлкен тәрбиелік диапазон. Ол оқушылардың жан дүниесін байытады, ой - өрісін кеңейтеді, көркемдік талғамын кеңейтеді, көркемдік талғамын тәрбиелейді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқудың алғашқы кезіңде оқушы тілдік материалды жеңіл меңгеріп кетуі мүмкін, ол бара- бара материалдың күрделенуіне байланысты оқушы әртүрлі қиыншылықтарға кездеседі. Ал бұған мұғалімдер кезінде көмек жасай алмайды.Ол үшін мұғаліммен бірге, оқушыда ойынның шартын, ережесін меңгеруі тиіс. Ойын үрлерін мақсатсыз қолдана беруге болмайды. Ойын түрлерін дұрыс қолданып өткізілген сабақта оқушының шетел тілін үйренуге деген ықыласы, сол тілде сөйлеп үйренуге деген ықыласы артып тілді жақсы меңгеруге қызығады.

Зерттеу жұмыстарына қарағанда, оқушының білім алуға деген ықыласы белгілі бір дағдылар мен қабілеттілікті қажет етеді. Сондықтан сабақ процесінде белгілі бір дағды мен қабілет қалыптастыру арқылы танымдық қызығушылық пайда болады. Бастауыш кезең оқушыларында заттың сыртқы түріне қызығушылық басым келеді.


© 2010-2022