• Преподавателю
  • Другое
  • Қорытынды сабақ: «Темекі мен нашақорлықтың адам денсаулығына зияны» Құрмалас сөйлемдерді қайталау

Қорытынды сабақ: «Темекі мен нашақорлықтың адам денсаулығына зияны» Құрмалас сөйлемдерді қайталау

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Қазақ тілі, 9-сынып Күні:.
Тақырыбы: Қорытынды сабақ: «Темекі мен нашақорлықтың адам денсаулығына зияны» Құрмалас сөйлемдерді қайталау
Мақсаты Өткен лексикалық және грамматикалық тақырыптардан оқушылардың алған білімдерін тексеру
Күтілетін нәтиже А) Өткен тақырыптар бойынша жаңа сөздерді біледі, құрмалас сөйлемнің анықтамасы мен түрлерін жатқа біледі .
Б) Жаңа сөздер арқылы сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра алады, құрмалас сөйлем түрлерінің жасалу жолдарын біледі және мысалдар келтіре алады.
С) Өткен лексикалық тақырыптар бойынша өз ойларын еркін айта алады, құрмалас сөйлемдер құрастыра алады және олардың түрлерін ажырата біледі.

Керекті жабдықтар Оқулықтағы ресурстар, жұмыс дәптері,топшамалар, маркерлер, музыка, компьютер, постер жасауға арналған плакаттар , стикерлер, презентация , бейнероликтер, үлестірмелі қағаздар
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Оқушылармен амандасу.
Психологиялық дайындық: Бейнеролик «Сәтті күн» (2 мин)
Ой қозғау:
Сабақтың тақырыбын ашатын темекі және нашақорлық туралы бейнероликтер көрсету (5мин)
Міне , балалар бүгінгі қайталау сабағымызда бейнероликтен көріп отырсыздар, қандай тақырыптар бойынша жұмыстанамыз?

Топқа бөлу (3мин)
Оқушыларға темекі және нашақорлық тақырыбына байланысты үлестірмелі қағаздарда берілген сөздер таратылады.
Топтағы оқушыларға бір-бірлерін бағалау үшін әртүрлі стикерлер таратылады парақтары беріледі.
Сыни тұрғыдан ойлау тәсілі бойынша топтарға бейнероликтерден алған мәліметтер бойынша, оқулықтағы ресурстарды пайдалана отырып,
постер жасау. (10мин)
Мұғаліммен амандасады.
Бейнероликті қарап шығады.

Жауаптары:
-Темекі және нашақорлық туралы

Сол берілген сөздерден
темекі туралы сөйлем-
дер құрастырғандар бір топқа , нашақор-
лық туралы сөйлемдер құрастырғандар екінші топқа бөлінеді
Топпен постер жасайды
Тұсау-
кесер
Топтарды өздерінің постерлерін қорғауға кезекпен кезек тақтаға шақырады (5мин) Кезекпен топтар постерлерін қорғайды.
Топтар бір-бірлерін
стикерлер арқылы бағалайды
Негізгі бөлім Грамматикалық тапсырмалар:
1. Әр топ өздеріне берілген сөздердің синонимдерін атап шығу керек (1мин)
(үлестірмелі қағаздар таратылады)
2. Берілген сөздерден сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңдар.
(үлестірмелі қағаздар таратылады)
«Иә», «жоқ» сөздері арқылы сұрақтарға жауап беріңдер:
1-топқа
Әр темекі адам өмірін 15 минутқа қысқартпай-
ды ма?
Никотиннің алпыс миллиграмы адамды өлтіріп жібереді ме?
Мәдени орындарда шылым тартуға бола ма?
Қоршаған орта темекімен ластанып жатқаны рас па?
2-топқа
Есірткі сананы бүлдірмейді ме?
Есірткіні қабылдаған адам оған тәуелді бола ма?
Есірткілер бүйрекке.миға зақым келтірмейді ме?
Нашақорлық - өте ауыр да созылмалы сырқат па?
Дәптерлеріне тапсырманы жекеше орындап, топта талдайды.
Бірін-бірінің орындалған тапсырмаларын тексереді, бағалау критериі бойынша бағалайды.

Сергіту сәті Бейнеролик «Мысықтар» Жаттығу жасайды
Құрмалас сөйлемдерді қайталауға арналған тапсырмалар:
1.Сәйкестендіру
2. Тест Топтар бір-бірлерін дұрыс жауаптарымен салыстыра отырып, бағалау критериі бойынша бағалайды
Қорытынды Оқушыларды жауаптары мен бағалау парағы бойынша бағалау Сабақты бағалайды
Үйге тапсырма 1. «Денсаулық - зор байлық» атты шағын шығарма жазып келу Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

.

© 2010-2022