Сабақ жоспары. Тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Сабақ мақсаты: Етістікке тән ерекшеліктерді еске түсіру,сөйлемдегі грамматикалық қызметін анықтау,сөз табының ерекшелігін меңгерту, өз бетінше сөйлемдерге талдау жасай білуге дағдыландыру

Сабақ түрі : зерттеу сабағы.

Сабақ әдісі: Іздену,сұрақ жауап,салыстыру,талдау,топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс : Әдебиет

Көрнекіліктер: Кестелер,қима қағаздар,компьютер,слайд көріністері

Сабақ эпиграфы : «Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі -тіл,бірі-ділің жүректегі» Ж.Баласағұн.

І Ұйымдастыру.

Мұғалім : Сабақ міне басталды ,

Шыңда, білім, жастарды.

Оқушылар: Желбіреген жалаумыз,

Жанып тұрған алаумыз.

«Қайталау оқу анасы»

Мақалдың ішіндегі данасы,

Білімді берік игерсең

Ешкімнің жоқ оған таласы демекші етістік жайлы нені білгенімізді еске түсірейік...

1 тапсырма 1 топ 1.Етістік дегеніміз не?

2.Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?

3.Дара етістік дегеніміз не?

4.Күрделі етістік деген не?

2 топ

1.Негізгі етістік деген не?

2.Туынды етістіктің ерекшелігі неде?

3.Мағынасына қарай етістіктің түрлерін ата.

4.Сабақты және салт етістік деген не?

3 топ

1.Есімше қалай жасалады?

2.Көсемше жайлы нені білеміз?

3.Тұйық етістік деген не?

4 Етістік түрлене ме?

5 Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

2.»Жүйрік ойлы,тапқыр кім?» Омонимдерді тап.

1.Ұтып алып асықты,

Кетуге енді асықты.

Етістіктерді тап та , талдау жаса.

Ұт-ып- Етістік, түбір,негізгі,дара,болымды,сабақты+ көсемшенің жұрнағы

ал-ып- етістік,түбір,негізгі,дара,болымды,сабақты+ көсемшенің жұрнағы

асық-ты- зат есім, түбір, негізгі,дара,деректі,жалпы +табыс септігі жалғауы

кет-у-ге-етістік,түбір, негізгі, дара,болымды,салт+ тұйық етістік жұрнағы+ барыс септігі жалғауы т.б.

2.Шыққанша жаз,

Асықпай жаз.

3.Терезені қақпа,ашық тұр ғой қақпа.

3.«Талпынған жетер мұратқа»

Жаттығуларды ауызша және жазбаша талдау. Сөйлем мүшелеріне талдау жасап, етістіктің сөйлемдегі атқаратын қызметін анықтау, дәлелдеу.

4.»Ізде.Тап.Дәлелде.»

1.Қатенің ең үлкені - ешқашан қателеспеймін деп ойлау.(Т.Кармин»

2.Көре - көре көсем боларсың,

Сөйлей-сөйлей шешен боларсың.

3.Білмегенді сұрап үйренген -ғалым,

Арланып сұрамаған-өзіне залым.

Сөйлем мүшелеріне талдау.

Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады? .

Сөйлемдегі қызметін қалай анықтадық.?

Етістіктің маңызы қандай?.

5.Нені білдім? Етістік сөйлемде баяндауыш та,бастауыш та, толықтауыш та,пысықтауыш та бола алады.

Абай Құнанбаев өлеңдерін оқу.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»,

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін мәнерлеп оқу.Етістіктерді табу.

Етістік қимыл, әрекет.Ал, қимыл-әрекет бұл тіршілік.Абай атамыз дәріптеген еңбекқорлық,білімқұмарлықтың өзі әрекеттен келмей ме?Демек, етістік өте маңызды сөз табы.

Сонымен,Абай сөзі тәрбиелейді,ойлантады,үйретеді.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: «Абай сөзі- рухани азық» тақырыбына ой толғау жазу.

© 2010-2022