- Преподавателю
- Другое
- Поурочный план на тему: Әдептілік по казахскому языку
Поурочный план на тему: Әдептілік по казахскому языку
Раздел | Другое |
Класс | 6 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | МУХАНБЕТЖАНОВА Ж.М. |
Дата | 12.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Күні:_________
Сыныбы: 6
Пәні: қазақ тілі
І Модуль. Менің отбасым
Тақырыбы: Әдептілік
Мақсаты:
-
білімділік: оқушылардың әдеп, әдептілік және дыбыс үндестігі туралы түсініктерін кеңейту.
2) дамытушылық: ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорларын байыту.
3) тәрбиелік: ақылдылыққа, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау: 4-тапсырманы тексеру
Жаңа сабақ
Сөздік
Әдет - привычка
Тамызық - лучинка
Асыл қасиет - хорошее качество
Жарқырап көріну - сверкать
Қалыптасу - формироваться
Ыстық сезім - горячее чувство
Туған-туысқан - родственники
Сүйіспеншілік - любовь, отношение с любовья
Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Нақыл сөздерді оқып, жазыпалыңдар.
Бала әдетті жасынан тамызықтан жинайды (Жүсіпбек Аймауытов).
Отбасында адам бойындағы жақсы қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады (Нұрсұлтан Назарбаев).
2-тапсырма. Ережені оқу.
Көршілес дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етуі немесе дауысты дыбыстың дауыссыз дыбысқа әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Дыбыс үндестігі көбіне түбір мен қосымшаның немесе сөз бен сөздің арасында болады. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, жалғанатын қосымша қатаңнан басталады. Ал соңғы дыбыс ұяң не үнді болса, үнді қосымша жалғанады. Мысалы: үлкен+ді, мектеп+тің, дастарқан+да, т.б.
Ескерту. Орыс тілінен енген б, в, г, д дыбыстарына аяқталатын сөздерге қатаң дыбыстан басталатын қосымшалар жалғанады. Себебі, ондай сөздердің соңғы дыбыстары айтылғанда қатаң дыбыс болып естіледі.
3-тапсырма. «Әдеп» мәтінін бірнеше рет оқып, мазмұндама жазу.
«Әдепті дегенше әдемі десейші» (мәтел). Ұлтымызда үлкеннің кіші алдындағы, кішінің үлкен алдындағы, ер адамның әйел алдындағы, әйелдің ер-азамат алдындағы әдеп сақтаудың тамаша үлігілері өте көп. Мысалы, үлкеннің жолын кеспеу, бұрын сөйлемеу, келінге сыпайы сөйлеу, ата алдында иба, халық ортасындағы инабат, сәлем беру, сәлем алу жолы, тағы сол сияқты адамгершілік, сыйлау, сыйласу - халқымыздың ертеден келе жатқан әдебі.
Әдептілік - әр адамның бет-бейнесі, өзін-өзі таныту жолындағы іс-үлгісі, ізеттілікке апаратын ең басты қасиеті.
4-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесу.
-
Әдеп сақтау халықтың қандай дәстүрі? - ..............................
-
Ол адамды неге тәрбиелейді? - ..............................
-
Үлкеннің жолын кесіп өткен кішіге қандай ақыл айтар едің? - .............................
-
Адамгершілік - қандай қасиет? - .............................
-
Әдептілік нені білдіреді? - .............................
Сабақты қорыту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. 3-тапсырмадағы қарамен жазылған сөздерге жалғанған жалғауларды түсіндіру.
Бағалау