Сабақтың тақырыбы: Адам не істейді ?

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: "Адам не істейді ?".

Сабақтың мақсаты:

1.Білімдік: Лексикалық тақырып пен грамматикалық тақырыпты байланыстыра өту. Етістіктерді пайдаланып, сөйлем құрай білу. Жаңа сөздерді меңгеру.

2.Дамытушылық: Етістіктердің сөйлеу барысында алатын орнын оқушыларға саналы түрде жеткізу. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілетін бақылау, қажетті көмек беру. Етістіктерді пайдаланып, сөйлем құрай білу.

3.Тәрбиелік: Тазалыққа, сыйластыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі Сұрақ - жауап, түсіндіру.

Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі Оқулық, жаңа сөздер, жазба жұмыстары,

кеспе қағаздары, слайдтар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

а)Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше сабақ. Өйткені, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.Сондықтан, сабаққа белсенді қатысып отырайық.

ә)Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

б)Ауызекі сөйлеу.

-Балалар, бүгін қарашаның нешесі ?

-Бүгін қарашаның жиырма тоғызы.

-Аптаның қай күні ?

-Аптаның жұма күні.

-Қазір қай жыл мезгілі ?

-Қазір күз жыл мезгілі.

-Күздің қандай айларын білесіңдер ?

-Қыркүйек, қазан, қараша.

-Қазір қай сабақ ?

-Қазір қазақ тілі сабағы.

-Қазақ тілі сабағы бүгін нешінші сабақ ?

-Бүгін қазақ тілі сабағы төртінші сабақ.

-Жақсы, балалар, сабақ кестесін білесіңдер екен.

-Балалар, біз қазақ тілі сабағында не істейміз?

-Оқимыз, аударамыз, жазамыз, жаттаймыз.

-Өте жақсы балалар.

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

2.1.Доп беру арқылы жаңа сөздерді жалпылама сұрау.

2.2.Жақсы, балалар, үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ.

3.1.Жаңа сабақты жариялау, мақсатымен таныстыру.

3.2.Кіріспе әңгіме. Тыңдалым.

Балалар, бүгін біз "Адам", "Адам не істейді ?" деген тақырыпты жалғастырамыз. Балалар,біздің сабақтың тақырыбы адамдардың іс-әрекетіне арналған .

-Балалар, тақтаға назар аударайық: Слайд.

-Балалар, қазақ тілінде іс-әрекетті білдіретін етістіктер сөйлемнің соңында тұрады және сөйлемде баяндауыш болып келеді.

-Сонымен, балалар қалай ойлайсыңдар ? Бүгін сабақтың тақырыбы кім жайында болады ? Адамның іс-әрекеті жайында.

-Өте жақсы.

-Сонымен, балалар біздің сабағымыздың тақырыбы "Адам не істейді ?". Бүгін біздің сабағымыздың мақсаты сабақта жаңа тақырыппен танысу, жаңа сөздерді игеру.

3.3.Сөздікпен жұмыс:

а)өтетін сөздердің, сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару;

ә)дұрыс айтуға дағдыландыру:

-мәнерлеп оқимын;

-оқушылар бірігіп дауыстап қайталайды;

-оқушылар тізбекпен оқиды;

б)сөз тіркестерін құру;

в)сөйлемдер құру;

3.4.Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Айтылым. 1-тапсырма.

а)Мәтінді оқу.

ә)Орыс тіліне аудару.

б)Адамның іс - әркетін білдіретін сөздердің астын сызыңдар.

3.5.Сергіту сәті.

Ұзын құлақ, сұр қоян.

Естіп қалып, сыбдырды

Ойлы, қырлы, жерлермен.

Ытқып, ытқып, жүгірді.

Қарап еді артына.

Көзіннің қиын салып,

Келе жатқан томпандап,

Көжегі екен өзіннің.

3.6.Оқулықпен жұмыс. Оқылым. Айтылым. 2-тапсырма. Сөйлемдерді оқы, аудар.

Адам көзімен (видит).

Адам мұрнымен (дышит).

Адам қолымен (пишет).

Адам аяғымен (ходит).

3.7.Дәптермен жұмыс. Жазылым. 3-тапсырма. "Адам" деген сөзіне фонетикалық талдау жасау.

А/дам - 2 буын, 4 әріп, 4 дыбыс.

а-дауысты дыбыс, жуан.

д-дауыссыз дыбыс, ұяң.

а-дауысты дыбыс, жуан.

м-дауыссыз дыбыс, үнді.

3.8. Жазылым. 4 - тапсырма. Төрт сөйлем жаз.

Қоян тұр. Қоян отыр. Қоян жүр. Қоян жатыр.

3.9.Жазылым. 5 -тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыр.

І-қатар. Отырмын, сабақта, мен.

ІІ-қатар. Бүгін, болады, қазақ тілі, пәні.

ІІІ-топ. Таныстырады, мұғалім, бізді, тақырыппен.

3.10.Жазылым. 6 -тапсырма. Бір сөзді жіктеу.

І жақ. Мен жазамын І жақ. Біз жазамыз

ІІ жақ. Сен жазасың ІІ жақ. Сендер жазасыңдар

Сіз жазасыз Сіздер жазасыздар

ІІІ жақ. Ол жазады ІІІ жақ.Олар жазады.

3.11.Сурет бойынша жұмыс. Айтылым. 7-тапсырма.

VI. Сабақты қорытындылау.

-Сонымен, балалар бүгін біз кім туралы әңгімеледік ?

-Адам туралы.

-Дұрыс, адам туралы, адам не істейтіні туралы әңгімелестік.

-Балалар, Адам не істейді ?

-дем алады, көреді, жазады, ұйықтайды, жылайды, естиді, күледі, сөйлейді, тыңдайды.

-Өте жақсы балалар.

-Бүгінгі сабақтағы тақырыпты жақсы меңгеріпсіңдер.

-Иә, балалар бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан балаларға осындай баға қойғым келеді.

V.Білімді бағалау.

VІ. Үйге тапсырма.

1.Не істейді ? деген сұрақтарға жауап беретін сөз тіркестерін жаттап келу.



© 2010-2022