Домбыра, Қобыз

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық аспаптар. Домбыра.Қобыз. 4 сынып. Сабақтың мақсаты:Қазақтың ұлттық аспаптары туралы оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін мәліметтермен таныстыра отырып,бойына танымдық дағдыларын қалыптастыру Сабақтың міндеттері: 1.Білімділік:өтілген модуль материалдарын қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелеу,тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету. 2.Дамытушылық.Оқушылардың алдыңғы өткен сабақтарды қайталай келіп тілдерін,ой-өрістерін лексика-грамматикалық т...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық аспаптар. Домбыра.Қобыз. 4 сынып.
Сабақтың мақсаты:Қазақтың ұлттық аспаптары туралы оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін мәліметтермен таныстыра отырып,бойына танымдық дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
1.Білімділік:өтілген модуль материалдарын қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелеу,тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету.
2.Дамытушылық.Оқушылардың алдыңғы өткен сабақтарды қайталай келіп тілдерін,ой-өрістерін лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы кеңейту,сөйлеу дағдыларын дамыту,
3.Тәрбиелік:Оқушылардың рухани эстетикалық талғамын дамыту,музыкаға қызықтыру.
Көрнекіліктер:әнші-сазгерлердің портреттері, қазақтың ұлттық саз аспаптарының суреттері,музыка..
Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті,саз өнері.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:жеке жұмыс,топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық даярлықты қамтамасыз ету.(жақсы көңіл күй орнату)
2.Ауа-райы болжамы.(кезекшімен сұхбат)
3.Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2.Үй жұмысын тексеру.Сөздік диктант.
-Балалар,бүгінгі сабақтың тақырыбы «Ұлттық аспаптар» деп аталады.Дәптерлерінді ашып,бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазыңдар.
Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру.
Сабағымызды өткізу үшін екі топқа бөлінеміз.
Бірінші топтың аты «Домбыра», екінші топтың аты «Қобыз»
Сайыстар бестік ұпаймен бағаланады.
Енді сөзді екі топқа береміз.
Топ басшылары өздерін таныстырады.
І-топ «Домбыра»


ІІ-топ «Қобыз»

Бірінші саяхатымыздың аялдамасы «Тарих».Қазір көне аспаптарымыз туралы дайындаған мәліметтерімен екі топ жеке-жеке таныстырады.
1.Ұлттық аспаптардың тарихымен таныстырады.(әр топ өздері дайындаған презентациясын қорғайды)

.Көрініс.
(Құрманғазы Сағырбайұлы,Дина Нүрпейісова,Біржан сал, Ақан сері,Балуан Шолақ,Абай, «Ұлытау тобы.
2. Грамматикалық тапсырмалар.
«Кім жылдам?»ойыны.

Балалар,сендер қандай қазақтың ұлттық аспаптарын білесіңдер?
Мұғалім сұрағы: -Абай Құнанбаевтың мына өлеңі не туралы?
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Домбырада жақсы орындайтын шебер-орындаушыны білесіңдер ме?
(АйгүлҰлкенбаева,Бекболат Тілеуханов, «Ұлытау тобы»
-Шебер орындаушы туралы қандай тұрақты сөз тіркесті қолдануға болады.
«он саусағынан өнері тамған»

Оқулықпен жұмыс.Оқулықтағы « Домбыра» - мәтінімен жұмыс.

Мұғалім: Оқушылар, біз бүгін сабағымызда қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарымен, соның ішінде домбыра аспабымен танысатын боламыз.

Қай ұлт болмасын өзінің ұлттық музыкалық аспаптары болады. Музыкалық

аспап белгілі бір ұлттың музыкалық өнерін насихаттаушы құрал болып табылады.

Қазақ халқының музыкалық аспаптары сан алуан. Біздің ерте заманда өмір сүрген ата-бабаларымыз аспапты ойлап тауып, қолдан жасап ойнай білген екен.

Ең алғаш пайда болған аспаптар - домбыра және қобыз аспабы. Уақыт өте келе аспаптың басқа түрлері де шыға бастайды: сыбызғы, үскірік, тоқпақ, дауылпаз,

сазген, жетіген, сырнай, сазсырнай және т.б. Слайд арқылы көрсету.

Халық арасында кеңінен тараған ең танымал аспап - домбыра аспабы. Домбырада әртүрлі музыкалық шығармалар орындалады. Ән, күй, терме, жыр, толғау, тіпті классикалық шығармаларды да орындауға болады.

Бұрын ел арасында небір әнші, жыршылар мен күйшілер өмір сүрген. Олар ел аралап, домбырамен тойларда ән салып, халықтың көңілін көтерген. Жаугершілік соғыс кездерінде домбырадан төгілген күй адамға рух беріп, еңсесін көтерген екен. Аты аңызға айналған ержүрек батыр Махамбет те домбырада ән салып, күй тарта білген. Ал ұлы күйшілер, күй өнерінің негізін қалаған Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Тәттімбеттердің домбыра аспабында ойнау шеберлігі туралы сөз басқа.

Домбыра аспабы, бір сөзбен айтқанда, қазақ халқымен бірге жаралған деп айтуға болады. Қазіргі заманда бұл аспапта ойнауды арнайы оқу орындарында үйретеді.

Қазіргідей ғылым мен техника дамыған заманда, домбыра - ұлттық болмысты бейнелейтін символ, ұлттық музыка өнерінің жаршысы болмақ.

Домбыраның құрылымы

Домбыра негізгі үлкен үш бөліктен тұрады:

шанағы(кеудесі), мойны және басы;

-Шанақта дауыс шығаруға арналған ойық, үлкен тиек және ішекті тартып

тұратын түйме орналасқан ;

-Мойын пернелерге бөлінген;

-Басында ішекті тартып бұрауға арналған екі құлақ бар. Құлаққа екі ішек тағылады. Құлақ домбыраның күйін келтіруші роль атқарады.

- Балалар, енді осы домбыра аспабында ойналып қаралы қайғыны естірткен күй туралы аңызды тыңдаңыздар.

Аңыз - күй «Ақсақ құлан»

Ертеде ел билеген Хан өмір сүріпті. Бір күні оның жалғыз баласы әкесінің тілін алмай, құлан аулауға шығады. Құлан аулап жүріп, хан баласы ұзап кеткенін байқамай қалады.

Біршама уақыт өтеді. Жазық далада бір топ құлан жайылып жүр. Хан баласының атқан оғы үйірді бастап жүрген басшы құланды жаралайды. Жараланып ызаланған құлан аңшыға қарсы шауып келіп, баланы теуіп өлтіреді. Хан бір сұмдықтың болғанын сезіп, баласы туралы жаман хабар әкелген адамның көмейіне қорғасын балқытып құйдырамын деп уәде береді. Халық не істерін білмей қиналады. Сол кезде елге танымал күйші келіп, домбыраны алады да, бір күйді ойнай жөнеледі. Күйді тыңдап отырғанда, аңшылық көрініс, ашулы құландардың шабысы, хан баласының өлімі көз алдыңыздан өтіп жатады. Хан болған жағдайды түсінеді. Күйші болған жағдайды күй арқылы жеткізеді. Хан берген уәдесінен таймас үшін өзіне қайғылы хабар жеткізген домбыраға қорғасын ертіп құйдырады… Міне,күй құдіреті деп осыны айт!

Домбыраның шанағындағы ойық осылай пайда болған екен деседі.

Міне, балалар, қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы - домбыра туралы айтылар аңыз да, шертілер сыр да өте көп. Біз бүгін сабақта ол туралы біраз мағлұмат алдық.

Енді осы күйді тыңдап көрейік. Күй «Ақсақ құлан» деп аталады.

(Үнтаспадан күй тыңдалады.)

Үйге;мәтін.Домбыра.

© 2010-2022