Сабақ жоспары Алпамыс батыр жырын оқыту

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жыры.

Сабақтың білімдік мақсаты: «Алпамыс батыр» жырының композициясын, сюжеттік құрылымын, эпостық тілін, ерекшелігін меңгерту.

Сабақтың тағылымдық мақсаты: Халық тарихын құрметтеуге, бағалай білуге, шынайы көзқараспен тарихи мұраларды сақтай білуге дағдыландыру.

Сабақ жоспары Алпамыс батыр жырын оқытуСабақтың дамытушылық, танымдық мақсаты: Ұлттық мұраларға өз беттерінше ғылыми тұрғыдан зерттеу жүргізіп, талдау жүргізу тәжірибесіне баулу.

Сабақ көрнекілігі, қосымша материалдар: Жыр туралы ғылыми жадағаттар, тарихи жазбалар, ауыз әдебиет үлгілері, халықтық салт-дәстүр, жыр жинақтары, жағырапиялық карта, тірек кестелері.

Түрі: Танымдық-деректік, дәріс.

Әдісі: Дәріс беру, түсіндіру, талдау, сын тұрғысынан зерттеу, толғам түйіндеу.

I. Ұйымдастыру, үйтапсырмаларын тексеріп, жаңа сабақпен байланыстырғаннан кейінгі жаңа материалды меңгерту сатылары:

А) Дәрістік үлгіде жыр туралы баяндау.

«Алпамыс батыр» қазақ елінде ерте заманнан келе жатқан халықтың сүйіп, құмарлана тыңдайтын нұсқалары көп эпостың бірі.

Қазақ халқына көп тараған басты эпостардан «Алпамыстың» бір ерекшелігі, бұл тек қазақта ғана емес, түркі тілдес елдердің көпшілігінде бар. Әрі мазмұны жағынан ұқсас келеді.

«Алпамыс батыр» жыры халықтың бірлігін, тұтастығын, ынтымағын армандаудан туған жыр. Жырдан байқалатын түйін - бірлік, ынтымақ.

Жырда арқа сүйер батыры жоқ, елден кеткен Қоңырат елінің адамының жау жерінде көрген қорлығымен салыстыра келе, ел қорғаны - батыр дегенді тақырып етеді.

Жырдың негізгі идеясы - батырлықты, елін сүюді дәріптеу.

Ә) Жырдың зерттелуі.

Жырдың бір вариантын алғаш рет Жүсіпбек қожа Шейхисламұлы деген 1899 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған. Ең соңғы варианты 1957 жылы басылып шыққан.

Б) Жырдың жоспары. (Жоспар ізімен жыр мазмұнының фабуласы тыңдатылып отырады. Жыр мазмұны оза оқыту әдісі бойынша алдын ала берілгені дұрыс).

Сабақ жоспары Алпамыс батыр жырын оқыту






II. Алпамыстың әрекеттері және оқиғалық даму.

АСабақ жоспары Алпамыс батыр жырын оқытулпамыс ашынған әйел. (баласы ойын үстінде

мерт болады)

АСабақ жоспары Алпамыс батыр жырын оқытулпамыс Қараман батыр.

АСабақ жоспары Алпамыс батыр жырын оқытулпамыс Гүлбаршын

АСабақ жоспары Алпамыс батыр жырын оқытулпамыс Байбөрі

АСабақ жоспары Алпамыс батыр жырын оқытулпамыс Мыстан кемпір

АСабақ жоспары Алпамыс батыр жырын оқытулпамыс Кейқуат

АСабақ жоспары Алпамыс батыр жырын оқытулпамыс Қаркөзайым

АСабақ жоспары Алпамыс батыр жырын оқытулпамыс Құлтай, Байбөрі

АСабақ жоспары Алпамыс батыр жырын оқытулпамыс Ұлтан

Осы кейіпкерлер әрекетінен туындаған оқиғалар желісін меңгеру оқушыларға тапсырма ретінде беріледі.

III. Тақырыбы, зерттелуі, мазмұны бойынша бекіту жұмыстары жүргізіліп, қорытындыланады, үй тапсырмасы тапсырылады. (Бекіту, үй тапсырмасы жұмыстарына арналған материалдарды мұғалімдер өз қалауларымен жасайды).

15-сабақтың үлгі-нұсқасы.

Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жырының композициясы мен сюжеті.

Сабақтың білімдік мақсаты: «Алпамыс батыр» жырының композициясын, сюжеттік құрылымын, эпостық тілін, поэтикалық тілін меңгерту.

Сабақтың тағылымдық мақсаты: Халық тарихын құрметтеуге, бағалай білуге, шынайы көзқараспен тарихи мұраларды сақтай білуге дағдыландыру.

Сабақ жоспары Алпамыс батыр жырын оқытуСабақтың дамытушылық, танымдық мақсаты: Композициялық, сюжеттік құрылымына поэзиялық туындының ерекшеліктеріне талдау жүргізе біліп, әдеби ұғымдарын кеңейту.

Сабақ көрнекілігі, қосымша материалдар: Жыр туралы ғылыми жадағаттар, тарихи жазбалар, ауыз әдебиет үлгілері, жыр жинақтары, эпостық зерттеулер, тірек кестелері, интерактивтік тақта.

Түрі: Танымдық-деректік дәріс.

Әдісі: Дәріс беру, түсіндіру, талдау, сын тұрғысынан зерттеу, толғам түйіндеу.

I. Жаңа сабақ бойынша танымдық жұмыс сатылары:

(Алдымен «Композиция, сюжет» туралы ұғым беріледі)

а) Композиция /латын сөзі - құрастыру, тәртіпке келтіру/ - көркем шығарманың құрылысы. /Композиция барлық шығармаға тән/.

ә) Сюжет - шығармадағы адамдардың бір-бірімен байлансы, қарым-қатынасы, курес-тартысы - жалпы оқиғаның дамуы. /Сюжет тек оқиғалы шығармаларға тән/.

Сабақ жоспары Алпамыс батыр жырын оқыту

ЖЫРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ /Интерактивтік тақта/





ЖЫРДЫҢ СЮЖЕТІ

Сабақ жоспары Алпамыс батыр жырын оқыту

Сабақ жоспары Алпамыс батыр жырын оқыту





II. Оқушылар қызметі.

- Жыр құрылысы бойынша берілген анықтаулар арқылы жыр мазмұнынан үзінділер айтылады /Бір оқушы тауып, екінші оқушы баяндайды/;

- Жыр сюжеті бойынша жыр мазмұнындағы оқиғалық байланыстар мазмұндатылады.

III. Жыр композициясы мен сюжетіндегі әдеби теориялық таным жұмыстары:

Оқиғаның пайда болуы, дамуы, өрбуі, байланысуы, шиеленісуі, шарықтауы, шешімі туралы сюжетті меңгертткенде айтылады.

Сұрай арнау - жазушының біреуге, не көпшілікке қайрыла сөйлеуі, сұрағанына жауап күтуі. /Оқулықпен жұмыстандырылады (христоматия)/.

Зарлай арнау - қаһармандардың ауыр халін мұңды, зар күйінде суреттеп жеткізуі. /Құлтай монологы/

IY. Жырдың құрылысы, сюжеті бойынша бекіту жұмыстары жүргізіліп, қорытындыланады, үй тапсырмасы тапсырылады. (Бекіту, үй тапсырмасы жұмыстарына арналған материалдарды мұғалімдер өз қалауларымен жасайды).

16-сабақтың үлгі-нұсқасы.

Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жыры - Туады ерлер ел үшін. Алпамыс бейнесі.

Сабақтың білімдік мақсаты: «Алпамыс батыр» жырының көркемдігін, образдардың жырдағы өзіндік орнын, ерекшеліктерін, тұлғалық қасиеттерін меңгерту.

Сабақтың тағылымдық мақсаты: Халық тарихын құрметтеуге, бағалай білуге, шынайы көзқараспен тарихи мұраларды сақтай білу арқылы ерлікке, елдікке баулу.

Сабақ жоспары Алпамыс батыр жырын оқытуСабақтың дамытушылық, танымдық мақсаты: Эпостық туындылардың ерекшеліктеріне талдау жүргізе біліп, әдеби ұғымдарын кеңейту, тәлімді дағдымен ұштастыру.

Сабақ көрнекілігі, қосымша материалдар: Жыр туралы ғылыми жадағаттар, тарихи жазбалар, жыр жинақтары, эпостық зерттеулер, тірек кестелері, интерактивтік тақта.

Түрі: Танымдық-деректік дәріс.

Әдісі: Дәріс беру, түсіндіру, талдау, сын тұрғысынан зерттеу, толғам түйіндеу.

Сабақтың өту сатылары:

Оқушыларды жаңа сабаққа қалыптастырып, үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстырғаннан кейінгі жаңа материалды меңгертудің әдіс-тәсілдері.

/Алдымен төмендегідей кесте дайындалады/

БАТЫРЛЫҒЫ

ҚАЙРАТТЫЛЫҒЫ

НӘЗІК ЖҮРЕКТІЛІГІ

АҢҒАЛДЫҒЫ

АЙЛАКЕРЛІГІ

ӨНЕРПАЗДЫҒЫ





А) Төмендегі сатылы жоспар бойынша интерактивтік тақта арқылы Алпамыс бейнесі меңгертіледі. Оқушылар түсініктері бойынша Алпамысқа тән қасиеттерді толтырады. Жауап берген кезде дәлелдеулер жыр мазмұны бойынша жүргізіледі.

Сабақ жоспары Алпамыс батыр жырын оқыту





II.Алпамыстың әділ шешімдері.

А) Алпамыс бейнесі сатылы жоспармен жеткізілгеннен кейін оқушылар кестені толтырады.

Ә) Алпамыс бейнесі арқылы оның әрекеттерін елестете отырып, оның портреті жасатылады. /Әр оқушы өз түсінігі бойынша жасайды/

В) Оқушылардың жұмыстарын бағалау, саралау, ой-толғам жасату.

III. Қорытынды оқушылардың еңбектері арқылы ұжымдық тәсілде жүргізіледі. Үй тапсырмасын жүктеледі.


© 2010-2022